Ресейде тіркелген көлікті қалай онлайн тексереді

Ресейде тіркелген көлікті қалай онлайн тексереді

Ресейде есепте тұрған машинаны сатып аларда қалай сақтануға болады деп хабарлайды kolesa.kz.

 

Кейінгі кезде Қазақстан жолдарында үш жолақты жалауы бар нөмір таққан машина жиі кездесіп жүр. Олар әсіресе, солтүстік және батыс аймақтарда көп. Бұл өңірлер шекараға жақын әрі ЕЭО-ға мүше ел азаматтары тек төлқұжат көрсетіп, еркін қозғалатындықтан, тұрғындар шеттен ескі «жигули», «самарадан» бастап оң рөлді жаңа машиналарды жаппай елге тасып жатыр. Оның үстіне көлік сақтандыру арқылы ғана сатып алынады. Алайда бұл шенділерге жақпай қалды, себебі салық дұрыс төленбейді, одан бөлек бірдей нөмір таққан клондар көбейген. Мысалы, қарашада сондай үш Toyota Estima мен Toyota Alphard анықталды.

 

 

Көлік иелерінің бұдан хабары болды ма, жоқ па, белгісіз. Егер машинаның жаңа қожайыны клон мініп жүргенін білсе және әрекет дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 385-бабы (қасақана жалған құжат қолдану) бойынша жазаға тартылып, 160 АЕК, яғни 444 мың теңге айыппұл төлейді. Ал алданып қалмау үшін не істеу керек? Ресейде тіркелген көлік туралы онлайн ақпарат алудың жолдарын іздейік.

 

МЖҚИ (ГИБДД) көмекке келеді

 

Біздің елдегідей, Ресейде де машина сатып аларда ол жайлы біршама мәлімет алуға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда негізгі ақпарат көзі МЖҚИ-дің ресми сайты болады.

 

МЖҚИ парақшасы мемлекетке тиесілі, сондықтан ақауы көп. Біз оның кейде мүлде ашылмай қалатынын, ара-тұра процесс барысында кідіретінін байқадық. Мәселе кейде ресейлік IP-і бар VPN арқылы шешіледі.

 

 

Полицияның деректер базасы арқылы көліктің тіркелу тарихын, оған иелік еткен адам санын, қашан қайта сатылғанын, іздеуде жүрген-жүрмегенін және тіркеу бойынша шектеу бар-жоғын білуге болады.

 

Сонымен қатар МЖҚИ апат тарихын да көрсетеді. Бірақ автомобиль 2015 жылдан бұрын жол-көлік оқиғасына қатысқан болса, ол жайлы біле алмайсыз.

 

Тексеру үшін мемлекеттік автоинспекция сайтына кіріп, арнайы жолға көліктің VIN-кодын не шанақ нөмірін жазасыз.

 

Машина кепілде  тұр ма?

 

МЖҚИ порталы автокөлік туралы мәлімет беретін жалғыз сервис емес. Машинаның кепілде тұрғанын Федералды нотариалды палатаның (ФНП) Жылжымалы мүлікті кепілге қою реестрінен көруге болады. Мәлімет алу үшін мұнда да VIN немесе шанақ нөмірін терсеңіз жеткілікті.

 

 

Сізге қажет екінші сайт — Федералды сот приставтары қызметінің порталы. Онда түрлі өндіріп алу шаралары қолданылатын машиналарға қатысты ақпарат бар. Мысалы, несие төлемеген адамның көлігін осы порталдан табасыз. Басқа базалардан айырмашылығы, мұнда машина емес, оның иесі арқылы іздеу саласыз. Ол үшін сатып алушы сатушының аты-жөнін білуі керек.

 

 

Тағы бір ресурс жайлы айта кеткен жөн. Ол «Автокод» деп аталады. Дәл осылай аталатын екі сервис бар. Біріншісі Мәскеу билігімен байланысты. Портал өте пайдалы, себебі мұнда көліктің жүрген жолы мен жол апатына қатысқаны, іздеуде бар-жоғы, тіпті такси қызметіне қатысы жайлы ақпарат алуға болады. Дегенмен кемшілігі де жоқ емес. Біріншіден, толық есеп алу үшін тіркелу қажет. Екіншіден, ол тек Мәскеуде немесе Мәскеу облысында тіркелген техникамен ғана жұмыс істейді.

 

Ақылы тексеру

 

Екінші портал бірнеше сервисті біріктіріп, ақылы қызмет көрсетеді. «Автокод» есебінен көлік құжаты, таксиде жұмыс істеу тарихы, кепілде бар-жоғы, сату туралы хабарландырулар, сақтандыру полисі, иелік ету географиясы және басқа көптеген ақпарат аласыз. Құны — 349 рубль (1982 теңге).

 

 

«Автокод» автомобиль тексеретін жалғыз ақылы сервис емес, оның ұқсас ақпарат беретін бірнеше баламасы бар.

 

Егер тексергеннен кейін Ресейде есепте тұрған көлікті алуға бел бусаңыз, бірнеше маңызды дүние есіңізде болғаны жөн. Алдымен, техникалық тексеріс күшін жоймағанын, бірақ одан тек көлік тіркелген ел аумағында өтуге болатынын ұмытпаңыз. Талон әрдайым қолыңызда болуға тиіс. Екіншіден, Қазақстанда шетелдік техникамен бір жылдан артық жүруге болмайды. Мерзім аяқталған соң темір тұлпарды елде тіркеуге немесе елден кем дегенде 30 тәулікке шығаруға міндеттелесіз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста