«Плюс» белгісі бар жаңа бағдаршам

«Плюс» белгісі бар жаңа бағдаршам

Бұрын ол тек қызыл түсті болатын.

 

Елордада көше қиылыстарына жасыл түсті «плюс» белгісі бар бағдаршам қойылды. Бұған дейін жүргізушілер қосымша секцияда «қызыл плюс» жанғанына үйрене бастаған, ал жаңа жасыл түс түсініксіздеу болып тұр.

 

Kolesa.kz сайтына Нұр-Сұлтан қалалық Әкімшілік полиция басқармасы хабарлағандай, Абай — Бейбітшілік және Бейбітшілік — Омаров қиылысында «қызыл плюс» сынақ режимінде жасыл түске ауыстырылды. Бұл белгі жол ережесіне әлі енгізілген жоқ, бірақ қызыл түспен бірдей қызмет атқарады.

 

Жол ережесінің 5.9-1 тармағына сәйкес, қызыл түсті «плюс» қарсы бағыттағы көліктерге бағдаршамның қызыл түсі қосылғанын білдіреді, демек еш кедергісіз солға бұрылуға болады. «Плюстің» қосымша белгісі бар әдеттегі бағдаршамнан айырмашылығы, ол өшіп тұрғанда да солға бұрылуға болады. Бұл белгі қиылыстан өтуді ыңғайлы етеді.

 

 

Алғашында бағдаршамның қосымша секциясында қызыл түс жанғаны көпшілікті таңғалдырған. Өйткені әдетте қызыл түс қозғалысқа тыйым салуды, ал жасыл түс рұқсат беруді білдіреді. Осы қисынды полицейлер енді ескерген секілді. Егер сынақ режиміндегі «жасыл плюс» жүргізушілерге түсінікті болса, Ережеге тиісті өзгерту енгізіледі.

 

Қазірше елордалық жүргізушілер көше қиылыстарында түсі әртүрлі, бірақ қызметі ұқсас «плюс» белгісі бар бағдаршам бар екенін ұмытпағаны жөн.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста