2024 жылы еурохаттама қолданысқа енеді

2024 жылы еурохаттама қолданысқа енеді

Үкіметтің арнайы қаулысымен Жол ережесіне тиісті өзгерту енді. Ол 2024 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сол күннен бастап ЖҚЕ-де «жол-көлік оқиғасын жеңіл рәсімдеу — жол-көлік оқиғасына қатысты құжаттарды ішкі істер органының қызметкерлерінің қатысуынсыз рәсімдеу» деген түсінік пайда болады.

 

Ереженің 8-тармағы да өзгеріп, былай жазылады:

 

«Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, жол-көлік оқиғасы жеңіл рәсімделмесе, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.»

 

Артынша «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңға да түзету еніп, мына шарттар сақталған жағдайда жол апатын еурохаттама бойынша рәсімдеуге болады:

 

ЖКО болған сәтте екі жүргізушіде де полис болса;

техника ғана зақымдалса;

зиян шеккен жағдай, көзге көрінетін зақым, апатқа қатысушылардың бірінің кінәсі екі жүргізуші тарапынан дау тудырмаса және декларацияға тіркелсе;

екі жүргізуші де сақтандыру төлеміне келіссе;

Құжатты апатқа қатысушылар сақтандыру компаниясы мен деректер базасын құрған ұйымның ақпараттық жүйесін қолданып декларация жасау арқылы рәсімдейді.

 

Жүргізушілер сақтандырушылардан хабар алып, декларация қабылданғанша оқиға орнын тастап кетпеуге тиіс.

 

Салыстыру үшін айта кетейік, Ресейде жол апатын еурохаттама арқылы рәсімдеу мүмкіндігі 2009 жылы берілсе де, ел тұрғындары мәселені онлайн шешуді 2022 жылы ғана «үйренген».

 

Көлік тізгіндегендердің уақытын үнемдейтін бұл рәсім әлемнің көптеген елінде қолданылады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста