Жетісу облысында екі ескерткіш бой көтерді

 «Әруақ риза болмай, тірі байымайды» дейді дана халқымыз. Жуырда Ақсу ауданының орталығы – Ілияс Жансүгіров ауылында өткен тарих пен тұлғаға құрмет көрсетілген үлкен шара өтті. Белгілі меценат, Алматы облысының Құрметті азаматы Молдияр Нұрбаевтың демеушілігімен ұйымдастырылған шара Жетісу облысы Алматы облысынан бөлініп шыққаннан кейінгі алғашқы торқалы тойы.


Ұлы Отан соғысына қатысқан Ақсулық қос арыс – Кеңес Одағының Батыры Есмұрат Сиқымов пен ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым Жүрімбек Сыдықовтың 100 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталды. Нұрбаевтар әулетінің қаржысымен қос батырдың көзтартар ескерткіші орнатылып, салтанатты түрде лентасы қиылды.

 

Шара Қобызшы Молықбай атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ерліктің қос шырағы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференциясымен жалғасты.

 

Нұрбаевтар жанұясы Түркиядан белгілі жас ғалым Елдос Тоқтарбайды, Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жетекші ғалымдарын арнайы шақыртып, баяндама жасатты.

 

Есмұрат Сиқымов (1922-1943) майдан даласында жиырма бір-ақ жасында ерлікпен қаза тапқан боздақ. Өмірдің не қызығын, не қуанышын көре алмай, үйленіп, перзент сүйе алмай арманда кеткен ер. Ал Жүрімбек Сыдықов (1922-2018) болса, соғыстан мүгедек болып оралып, ғылым саласында үлкен жетістікке жеткен, қазақ ғылымының шоқжұлдыздары Қаныш Сәтбаев, Натай Кенесарин, Уфа Ахметсафиндердің ықыласына бөленіп, батасын алған зейінді зерек тұлға. Есмұрат қиян-кескі ұрыста көзсіз ерлікке барып, жау қолын Кеңес Үкіметіне өткізбей, екі сағат жалғыз өзі шабуылға тойтарыс беріп, көз жұмған шаһид.
Молдияр Нұрбаев пен зайыбы Алтынсара Нұрахметова, ұлдары Данияр қос арысты бір-бірінен бөліп жармай, екеуінің де тойын дүркіретіп өткізіп, аламанда ат шаптыртып, бәйге бергізіп, халықтың делебесін қоздырды.

 

Жамбасы жерге тимеген қазақ күрес спортшыларының республикалық турнирін өткізді.

 

 

Екі батырдың рухына арналып құран-хатым түсіріліп, көпшілікке құдайы ас дастарханы жайылды. Жаны жомарт әулеттің ұйымдастыруымен бүгінгі қазақ эстрадасының Секен Тұрысбекұлы, Медеу Арынбаев, Серік Ибрагимов секілді эстрада жұлдыздары қатысқан гала-концерт өтті.
Мәдениет жанашыры, ұлт руханиятының қорғаны болған Молдияр Қылшықұлы әулетімен бірігіп, екі арыстың атын ұлықтап, өнегесін дәріптеп, ауданымыздың көркеюіне зор үлес қосты. Есімі аталмай, ұмыт қалған Есмұраттай шырағы ерте сөнген жас үміттің атын жаңғыртып, екінші тынысын ашты. Жүрімбек Сыдықовтай ғылымға адал болған парасатты жанның да тұғырын көтерді.
Жеке кәсіпкер бұл шара туралы: «Ілияс атамыз айтқандай, «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан кемеңгерді» демекші, ақпан айының басында Берікбол Қасымов деген қоғам белсендісі жұбайыма телефон шалып, үйімізге келген болатын. Сонда Берікболдың және аудан әкімі Есім Базархановтың осы екі батыр атамыздың ескерткішін орнатсақ деген ұсыныс айтып еді. Отбасыммен ақылдасып, осындай үлкен той жасауды жөн санадық. Екі батыр да құрметке лайықты еді. Мен бұл ретте осы ескерткішті қою кезінде ұсыныс айтқан Берікбол Қасымовқа, ескерткіштің тұғыртасын орнатуға көмектескен Сабыр деген кәсіпкер бауырыма және күрестің бірінші жүлдесіне ат тігіп, құдайы асқа тағы бір атын сойып оң жағымнан шығысқан Мүсеке Әмірұлы досыма дұғай-дұғай алғысымды білдіремін. Бұлар қоғамды алға дамытатын, ұлттық рухы биік азаматтар. Осы екі ескерткіштің авторы, белгілі мүсінші, ҚР Мәдениет қайраткері Қазбек Дулатовқа айрықша алғысымды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін. Осындай үлкен шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсетіп, ескерткіштердің қоятын орнын белгілеп, бастама көтерген Ақсу ауданы әкімдігінің ұжымына ризашылық айтпасам ұят болады. Бұл менің атымды шығарып, марапат алып бір көзге түсіп қалайын деп жасаған ісім емес. Қаражатым аста-төк боп шашылып не істерін білмей жүрген кісі де емеспін. Алла қолыма өзіме жетерліктей дәулет берген екен, ендеше оны туған жерімнің игілігіне жұмсамасам, кім болғаным?! Бұл менің ғана емес отбасымның, Ақсу халқының бірігіп жасаған жұмысы деп айтқаным жөн болар», — дейді. Ақсу ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған тағзым шарасы көпке үлгі боларлық, ой саларлық сауапты іс екені рас.

 

Халыққа жақсылық жасаудан еш жалықпаған, жиған-тергеніне «Тәубә!» деп үнемі шүкіршілік айтып отыратын Молдияр Нұрбаев атақты «Мамания» мектебін күрделі жөндеуден өткізіп, құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің еңселі ескерткішін орнатып, туған жұртының ықыласына бөленген елшіл азамат, Атымтай жомарт.

"Ескерткіштің ашылуына қол ұшын созған жігіттерге, мүсіншілерге, күреске бәйгесін тіккен азаматтарға да алғыс айтам.  Берікболға, Сабырға, Мұсекеге көп-көп рақмет. Ел үшін жасаған шараға ат салысқан, үлкес қосқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Ақсу өңірінде бұндай шара көптен бері болмаған еді. Елім аман болсын", - деді шараның басты демеушісі, кәсіпкер Молдияр Қылшықұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста