Ноа Салакомен "Қазақстандағы ұлттар достығына тәнтімін"

Ноа Салакомен "Қазақстандағы ұлттар достығына тәнтімін"

Нигериядан елімізге білім қуып келген студент Ноа Салакомен Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында аз-кем сұхбаттасып пікірін білген едік.
Қазақстандық жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі туралы таныстарымнан білдім. Неге екенін білмеймін, бұл идея маған ұнап қалды. Осыдан үш жыл бұрын Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне шақырту алдым. Мен үшін белгісіз елдің топырағын басу зор қызығушылық тудырды. Ойланбастан Қазақстанға ұшып келдім. Бастапқыда жергілікті климатқа үйренсіне алмағанмын, қазіргі уақытта бейімделіп кеттім.
Біздің университетте түрлі ұлт өкілі білім алады. Біздің ортақ мақсатымыз – сапалы білім алып, кәсіби маман атану. Жоғары оқу орнында студенттік Ассамблея жұмыс істейді. Білім ғана емес, тәжірибе алмасуға да зор мүмкіндіктер бар. Менің болашақ мамандығым туған жерімде жоғары сұранысқа ие.
Павлодарға келгенде не орыс, не қазақ тілін білмедім. Бүгінде біраз үйрендім. Қазақ тілінде алғаш рет естігенім «Қалайсың?» деген сөз еді. Жаңа достарымның арқасында жергілікті жұрттың тіліне, мәдениетіне және мінез-құлқына сіңісіп кеттім. Бүгінде қазақ ауызекі тілін меңгеріп алдым. Отбасым туралы айтып кетсем. Анам – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы. Әкем – бухгалтер маманы. Мен – отбасымның кенжесімін.
Шыны керек, Қазақстандағы ұлттар достастығы туралы білгенде, таң қалдым. Себебі, Қазақ еліндегі Ассамблея туралы естігенде қатты таңдандым. Бұл – баршамызға үлгі боларлық іс қой. Біздің елде осындай бірегей институт жоқ. Қазақстанда алғаш рет жылқы етін жегенімді ешқашан ұмытпаспын. Наурыз және Бірлік күні мерекелерінді дәстүрлі түрде орталық алаңға шығып, атап өтемін. Қазақстандағы өзге ұлттардың бірлігі нығая беруіне тілектеспін!

Еркенұр Ерзия

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста