Сыр өңірінде «Жастар – рухани жаңғыру жолында» атты жиын өтті

Сыр өңірінде «Жастар – рухани жаңғыру жолында» атты жиын өтті

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастырумен «Жастар – рухани жаңғыру жолында» атты слетін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Жастар еліміздің болашағы. Мемлекетіміздің ертеңгі күнгі өркендеуі осы жастардың қолында. Сондықтан елімізде жас өскіннің оқып, білім алуына, тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Президентіміздің жастар мәселесін әрдайым басты назарда ұстауы сол іргелі істердің бастауы, айқын дәлелі. Елбасы әрбір жолдауында жастар мәселесін қозғап, бастамалар көтеріп, барлық жағдай жасалауын қадағалап келеді. Биылғы 5 қазанда жасаған Қазақстан халқына жолдауында да келер жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы – еліміздегі жастар ісіне тағы да бір үлкен серпін беретіні сөзсіз. Мемлекет басшысы Жолдауында «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» - деп атап өткен болатын.
Елбасымыздың осындай бастамаларын қолдау мақсатында өткізіліп отырған аталмыш жиынға облыстағы әртүрлі этнос өкілдері мен студенттер, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, жастар ресурстық орталығының, жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Евгений Демиденко осымен екінші рет өтіп жатқан слеттің ашылуымен құттықтап сөз сөйледі. Өз сөзінде «Бүгінде облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының елуден астам мүшесі бар. Сондай-ақ штаб жанынан жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына белсенді он жас сайланды. Қазір «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысына аудандардағы жастарды тарту үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Осы аймақтағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жандандыра түсу үшін «Достық үйінен» арнайы кабинет те ашылды. Елбасымыздың биылғы Жолдауы да баршамызға жігер беріп, серпілтіп тастады. Еліміздегі жастар үшін ең қуанышты жаңалық, келесі жылдың «Жастар жылы» деп аталуы. Сондықтан келер жылы жастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылатынына, жаңа серпі-ліс пен бастамаладың жылы болатынына қуанамыз», – деді жастар қозғалысы төрағасының орынбасары.
Қызылорда облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова «Жұмыспен қамту-2020», Жол картасы», «Жастардың кадрлық резерві», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Білім мен ғылымды дамыту», «Үш тілде білім беруді дамытудың бағдарламасы», «Серпін», «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» жобалары жарқын болашаққа жол ашып, елімізді, жастармызды биіктерге бастайтынына тоқталып өтті. Сондай-ақ, бұндай игі істер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында болып жатқанын тілге тиек етті. «Қазіргі таңда қазақ жерінде қалыптасқан достық пен келісім арқасында 135 этнос пен 18 конфессия бейбіт өмір сүріп жатыр. Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы жетекші роль атқарады. Ассамблеяның беделі мен мәр-тебесі өсіп, Қазақстанды бейбітшілік пен татулық орныққан ел ретінде бүкіл әлемге танымал етті», – дап атап өтті Ләйлә Төрешова.
Осы іс-шараның аясында семинар-тренинг ұйымдастырылып жастар үш топқа бөлінді. Әр топқа әр түрлі тренинг өткізілді. Атап айтсақ, жастар «Grand master» бағдарламалау мек¬тебінің директоры Арман Қуа-нышбаевтың «Жаңа технология: IT және Smart City», «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ардақ Аукеновтің «Көшбасшылыққа қажетті өмірлік ұстанымдар» және «Жас Отан» ЖҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Талғат Тілестің «Жастар рухани жаңғыру жолында» тақырыбындағы тренинг жұмыстарына қатысты.
Жастар арасында халықтар достығын насихаттап, ынтымақ пен бірліктің дамуына үлес қосу үшін өңірде облыстық Қазақстан халқы Ассамб¬леясының ұйымдастырумен өткен әртүрлі шараларда еңбегімен көзге түскен белсенді жастар Алғыс хаттармен марапатталды.
Елдің тұтастығы мемлекеттің алтын діңгегі. Сондықтан еліміздегі ұлттардың ұйысып, ұйымшылдықпен өмір сүруі ең басты жетістігіміз. Замана көшінде тағдырдың жазуымен Қазақстанға қоныстанып, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында және осынау байтақ даламыз бен кең пейіліміздің арқасында елімізді мекен еткен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешкен еліміз сырт көзге осынау ынтымағымен де бағалы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 5 қазанда жасаған жолдауында тағы да тұтастық пен бірліктің маңызына ерекше тоқталып өтті. Елбасы Жолдауындағы «Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды», - деген сөздер еліміздің әрбір қадамындағы нақты ұстанымы десек те болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста