Қазақ фольклоры қайта жаңғыруда

Қазақ фольклоры қайта жаңғыруда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамын рухани жаңғыртуы туралы мәселе қойғаны бүгінгі күні барша халыққа мәлім. Осы бағытта Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бастамасымен «Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» мекемесі де қатысып, Шығыс Қазақстан халқының, оның ішінде қазақ фольклорын терең зерттеу бағытына ие болған еді.
Облыстық ішкі саясат бөлімінің арнайы жасаған кестесі бойынша «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты зерттеу экспедициясы: Үржар, Аягөз, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Көкпекті аудандарын аралап, халық арасынан қазақтың ауыз әдебитетінің осы уақытқа дейін ел естімеген, ұмытылған, әндері мен жырларының, мақал–мәтелдерінің, аңыз - әңгімелерінің нұсқаларын жинақтаған еді. Оның негізгі мақсатына - мектеп мұғалімдеріне қосымша әдістемелік көмек беру; Шығыс Қазақстан халқының өнері мен мәдениетінің тарихы тереңде жатқандығын, жиналған туындылар арқылы барша халықтың, жас ұрпақтың санасына жеткізу; халықтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік құндылықтарын арттыру жоспары болған. Дәл маркетинг жүйесі сияқты, айлар бойы, алдын ала баратын ауданның тарихын білетін адамдарды іздеп, танысып, хабарласып, маршрутымызға сәйкес келмесе де, басқа жаққа көшіп кеткен жеріне іздеп барып, ауыздан - ауызға таралған аңыздарды да жинаған жайымыз бар. Ал, экспедиция әр ауданға келген соң, жергілікті жердің әкімшілігімен бірге, мектеп, музей, кітапхана мекемелерінен, осы жайлы біледі деген жеке адамдармен кездесіп: өз жерінің тарихын зерттеп, ауданынан шыққан батырларын, шежіреші ақындарын, бақсы – балгерлері мен өнер адамдарының өмірі мен шығармашылығын жинап жүрген жергілікті азаматтар, жазушылар бар екеніне көз жеткіздік. Жергілікті жердің, атап айтсам, Көкпекті, Аягөз аудандық газеттерінің редакторларынан, аудан, мектеп кітапханашыларынан, Зайсан ауданының музейінен материалдар алғанымыз қуантты. Аудан әкімшіліктерінің жергілікті халықтың арасындағы белсенді мүшелерімен жұмыс жасайтынын, олардың да өз жерінің тарихына, елінің өркендеуіне, әлеуметінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтынынын көтерген мәселерінен ұғуға болды.
Бұғанға дейін де халық арасынан ән-күй мұрамызды жинақтаушылар болғаны мәлім. Ең алғаш қазақ халқының ән мен күй мұрасын жинақтаған композитор-этнограф Александр Викторович Затаевич. Ол, жиыны 2300 музыкалық шығармаларды жинап, 1927 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», және 1933 жылы «500 қазақ әні мен күйі» деген құнды музыкалық шығармаларды халықтың назарына ұсынған. Ол күні бүгінге дейін қазақ халқының музыка өнерінің негізі болып келеді. А.В. Затаевичтің орасан зор еңбегі - қазақ музыка фольклорын көне заманнан 1930 жылға дейін жинап, тек әуенін нотаға түсіріп, оны талдап, бір жүйеге келтірген. Әндердің мәтіні жоқ, нотасымен бірге оның сөзі жазылмаған. Өкінішке орай, басқа ұлт өкілі болғандықтан мәтінін жазу қиындық туғызған болса керек. Жалпы, кез келген аңыз – жырлардың бірнеше нұсқалары кездесетінін, осыған дейінгі жарияланған әндердің, жырлардың да бірнеше нұсқаларын экспедиция барысында кездестірдік. Оның себебі, бұл мұраны қалдырған бабаларымыздың талғамсыздығынан емес, олардың таланттылығынан, көрегендігінен, суырып салма ақын, сазгерлігінен деп ұғу керек. Уақыт өткен сайын ұмытылып бара жатқан жеріне әр айтушы өзінің жанынан қосып түрлендіріп, өзгертіп отырғандығынан бірнеше нұсқа пайда болғандығын дәлелдейді. Бұл туындылардың алғаш өмірге келу мерзімі көне ғасырларда болғандықтан, архив жинау бір бөлек те, оны халықтың рухани дамуына жарату – осы жобаның ең негізгі мақсаты екенін назарда ұстаған жөн болар еді. Әндердің мәтіні бейбіт заманды, табиғатты, тіршіліктің көңілді сәттерін, махаббат пен туған жердің сұлулығын жырласа, адам ғұмырының қысқа екенін есте ұстап, өмірді мәнді сүру керектігіне тәрбиелік кеңес береді. Ал, бұл әндердің қазіргі халық әндерінен тынысы, әуендік иірімдерімен, диапозонының кеңдігігімен, әуездік ерекшелігі тайға таңба басқандай белгіленеді. Жиналған халық әндерінің ішінен, 20 әннің мәтінін араб графикасынан кирилицаға аудартып, облыс әншілері 15 әнді ғана халыққа жеткізді. Халықтың тарихы мен шығармашылығын толық қамту мүмкін емес тігіне көз жеткізу қиын емес. Айта кетсем, негізі, Шығыс Қазақстан облысының қазақ фольклорының желісі Қытай, Монғолия, Ресей жерінде де көрініс беріп жүргенін айтқым келеді. Демек, Шығыс Қазақстан музыкалық мұрасы, соның ішінде әндері мен әуез ерекшеліктері (ұлттық колорит) зерттелмегендігін көрсетеді. Сондықтан, Алтай Тарбағатай өңірінің қазақ фольклорын, соның ішінде әндерінің барлық нұсқаларын жинақтау арқылы, терең зерттеп, талдап, халықтың мәдени мұрасына айналдыру Рухани жаңғырудың келесі кезеңіне жатады деп ойлаймын.

Бағдат Оразбайқызы Есдаулетова
Композитор. ҚР мәдениет саласының үздігі.
ҚР «Бірлік» алтын медалінің иегері.
ҚР мәдениет саласының үздігі.
Қазақстан театр қайраткерлерінің мүшесі.
Бүкіләлемдік психологтар, дәрігерлер мен
халық емшілер ассоцияциясының мүшесі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста