"Қайырымдылық керуені" игі істерге мұрындық болуда

"Қайырымдылық керуені" игі істерге мұрындық болуда

Жақында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді. Аталмыш акция Қордай ауданы, Сортөбе ауылында ұйымдастырылған. Негізі "қайырымдылық керуені" акциясы Ассамблеяның қайырымдылық жұмыстары аясында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылып келеді.  

Бұл шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Шу және Қордай аудандарынан қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері, дін басқармасының, құқық қорғау органдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы ұлттар бірлігін ұлықтайтын этномәдени бірлестіктердің өнерлі өкілдері және қордайлық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен басталды. Аталған акция барысында «Үкілім» би және «Болашақ» әншілер тобы, «Архыз» республикалық, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестіктері мен Қордай ауданы көркемөнерпаздарының өнерлері тамашаланды.

Қайырымдылық акциясы аясында «Қоғамдық келісім» КММ Сортөбе ауылындағы жағдайы төмен деген бес отбасыға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер үлестірді. Көмек көрсетуге көптен бұрын асығатын облыстық ассамблеяның қайырымдылық аясында өткізіп отырған бұл бірінші шарасы емес. Осыған дейін де талай қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүрді.  

тағы да «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында көптеген игі істер атқарылды. Атап айтқанда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық келісім және жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі», Аналар кеңесінің «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан моральдық және рухани білім берудің тиімді механизмдері» Ақсақалдар кеңесі және медиаторлардың «Аға буын өкілдері – ел беріктігінің кепілі» тақырыптарында кеңейтілген отырыстары өткізілді. Бұл шаралар аты айтып тұрғандай ұйымдастырушылардың өзіндік атқарып жатқан қызметін танытатын айтулы шара болды. Сондай-ақ Қордай аудандық «Мәдениет үйі» маңында жасөспірімдер арасында Қазақстан халқының спартакиадалық ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Жастарды бірлікке үндеуде спорттық ұйымдастырылған спорттық шаралардың маңызы зор болғаны анық.

Шара соңында «Жаңғыру жолы» облыстық жастар қозғалысы Сортөбе ауылының жастарымен «Көшбасшы бол!» тақырыбында кездесу өткізді. Сонымен қатар, акция шеңберінде Қордай ауданында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабының ашылу рәсімі де өткізілді. Жиналған қауым қайырымдылық шарасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына риза болып тарқасты.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста