Талдықорған қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Сәуле Сұлтанқызы және қала әкімі аппарат бөлімдері бірлесіп, жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетті.
Игі шара «Қайырымды ел» жалпы республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асып отыр. Ұйымдастырушылар облыс орталығында орналасқан «Аналар үйінде» болып, ол жердегілерге ақшалай жәрдем көрсетті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға және жағдайы төмен отбасыларға да азық түлік, тұрмысқа қолданатын заттар беріліп, материалдық көмек берілді. Алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық іс-шаралары жалғасын таба бермек.
Еркенұр Ерзия