Отаншыл азамат – қоғамның басты байлығы

Отаншыл азамат – қоғамның басты байлығы

Адам бойындағы ең қасиетті сезім – Отанға деген сүйіспеншілік. Отанын, елін, туған жерін, мемлекетін, отбасын жанымен сүйетін азаматтары бар елдің еңсесі әрдайым биік. Бұл сөздерді айту қаншалықты оңай болғанымен салмағы зіл батпан ауыр, мағынасы түпсіз терең.  Отанды жақсы көру аз, оның тарихын, өткен жолын жандүниесімен түсініп, жетістігіне шаттанып, қиындығына жаны ауырып, Отан деген өзім деп қабылдайтын шексіз сүйспеншілік керек.  Ал бұндай қасиеттің адам бойында қалыптасуы өте күрделі  құбылыс. Ол тіпті әкенің қаны, ананың сүті арқылы даритыны да белгілі. «Отан – отбасынан басталады» деген мақалдың айтпақ ойы, мағынасы да осы болса керек.  Бала күнінен ата-анасының тәрбиесін көрген адам тура солай болып қалыптасатыны айтпаса да түсінікті. Адамға отаншылдық тәрбие беру өте күрделі әрі соншалықты нәзік құбылыс деп отырғанымыз сондықтан. Өйткені ол бір ғана нәрсемен шекетелетін дүние  емес. Тұтас дамитын құбылыс. Ол отбасыдан басталып, бүкіл қоғамда, мемлекетте, әрбір мекемеде қалыптасатын және тоқтаусыз дамитын сана. Ал қоғамдық сананы қалыптастыру ұзақ уақытты, тоқтаусыз еңбекті талап етеді.

Өскелең ұрпақ тәрбиесі – терең әрі жауапты іс. Еліміздегі әрбір отбасында халықтың жан дүниесі, табиғаты, болмыс-бітімі, ғасырлар бойы жүріп өткен жолы, бүкіл рухани құрылымы мен барлық жасампаз идеялары шоғырланған. Бұл күнделікті өмірімізде сырт көзге көрінбеуі мүмкін, тіпті ешкім мән бермейтін жайт болып қабылдануы мүмкін. Ал шыңдап үнілсеңіз отбасындағы тәрбиенің жеке адам өмірі үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізесіз. Отбасында адам мінезінің іргетасы қаланып, әдет-ғұрпы қалыптасып, көзқарасы орнығады. Содан кейін барып қоғамдық ортада қалыптасу кезені басталады. Қоғамды қалыптастыратын жеке адам. Әр адамның бойында Отанға деген шексіз сүйспеншілік болған кезде қоғамдық пікір өз-өзінен орнығады.

Отандық тарихтың қаһармандық оқиғалары, еліміздің саясаты, экономикасы, ғылымы, мәдениеті және спорт саласындағы көрнекті жетістіктерінің барлығы адамның бойында мақтаныш сезімін оятып, рухын көтереді. Сондықтан адамгершілік мұраттардың қасиеттерін дамытып, патриоттық тәрбие жөніндегі шаралар кешені үздіксіз жұмыс істеуі керек. Патриоттық тәрбие беру жүйесі барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту процесінде әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеуі қажет. Атап айтсақ, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар ұйымдастыратын және жүргізетін жаппай патриоттық жұмыстар, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми және басқа да ұйымдардың, шығармашылық одақтардың патриоттық тәрбие мәселелерін қарастыруға және көрсетуге, отаншыл азаматтың тұлғасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталғаны жөн.

Осы мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр жолдауында, халықпен кездесуінде үнемі тілге тиек етіп, баса мән беріп айтып келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қазіргі таңдағы ең басты мәселе еліміздің егемендігі екенін, шындап келгенде біздер үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбаттығын, әлем күн санап құбылып  тұрған аумалы-төкпелі заманда Отанымыз Қазақстанының амандығы бізден басқаға керек еместігін айтып, тереңнен толғап «Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерінің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені, ең алдымен, халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады», — деген болатын.

Міне бұл  жай ғана сөз емес, тереңнен тамыр тартқан қасиетті ұғым. Бұл ұғым, бұл түсінік Қазақстанның әрбір азаматының көкейінде түйіліп, жан түкпірінде сақталуы керек қағида.

Өз елінің патриоты болатын болашақ азаматты тәрбиелеу қай кезеңде де өте өзекті және қиын іс. Ол біліктілік пен шыдамдылықты қажет етеді. Балаға патриоттық тәрбие беру – болашақ азамат болып қалыптасуының негізі. Отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеті қазіргі уақытта өте күрделі. Белгілі бір нәтижеге жету үшін балаға әсер етудің дәстүрлі емес әдістерін табу керек.

Тәрбие ісінде балаларға мүмкіндігінше өз елі  туралы көп айтып, атамекенге деген мақтаныш сезімін ұялатыңыз. Балаларды ата-әжелері, ата-аналар, аға-апалары жасаған нәрселерге қамқорлықпен, құрметпен қарауға үйретуге күш салу керек. Мамандардың айтуына қарағанда, балаларда патриоттық сезімді қалыптастырудың әртүрлі формалары бар. Бұл Отан туралы, туған қала туралы, туған жердің табиғаты туралы, жақсы адамдар туралы әңгімелерді, ел тарихынан сыр шертетін ертегі-аңыздарды көптеп айту, патриоттық тақырыптағы балаларға арналған кітаптарды оқыту, Отан туралы әндер мен өлеңдерді жаттату.

Ата-баба тарихын, салт-дәстүрін түсінген адамда ғана туған жерге деген мақтаныш пен құрмет қалыптасады. Осы ретте ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мейірімділікке, достыққа, өзара көмекке, еңбекке баулитын ертегілер маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ оларды басқа ұлттардың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныстырып, оларға деген достық қарым-қатынасты қалыптастырған жөн.

Патриотизмнің тағы бір көрінісі – табиғатты сүю. Ол қоршаған ортаға, жан-жануарларға қамқорлық танытудан басталады. Туған табиғат, атамекен тарихы туралы балалық шағында алған жарқын әсерлер адамның жадында өмір бойы сақталады және бала бойына оның өз елінің патриоты және азаматы болуына көмектесетін мінез-құлық қасиеттерін қалыптастырады.

Балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеудің маңызды шарты олардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болуы дейді тәрбие ісінің мамандары. Өз отбасының тарихын  жетік білу баланың бойында туысқандық сезімді тудырады. Ал туысқанына, ағайынына, айналасындағы адамдарға құрметпен қарай алатын адам ғана, тұтатас еліне сүйіспеншілікпен қарай алады.  Сондықтан әр адамның бойындағы патриоттық рух тұтас елдің байлығы мен құндылығы. Осы құндылық қана ел іргесін бүтіндеп, ынтымақ пен берекеге бастайды.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста