Мемлекеттік тіл еліміздегі барлық ұлтты ұйыстыруға қызмет етіп отыр

Мемлекеттік тіл еліміздегі барлық ұлтты ұйыстыруға қызмет етіп отыр

Еліміздегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының бір жұмыс бағыты тілдерді дамыту болатын. Осыған орай елімізде 22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай жер жердің барлығында тілге арналған түрлі іс-шаралар өтуде. Өзге ұлт өкілдері арасында тіл білімінен байқаулар, Тіл фестивалі, ашық сабақтар, конференциялар түрінде өтіп жатқан іс-шаралар мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына айтарлықтай ықпал етіп жатқаны байқалады.
Мәселен кеше ғана Петропавлда Тілдер мерекесіне арналған ХХ-шы облыстық фестивалі өтті. Шара аясында Абай атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды. Тілге қатысты біліктіліктерін сынаған, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16 қатысушы өзара шеберліктерін сынасып, байқап көрді. Байқау барысында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы да ұмыт қалмады. Көркем сөз оқу шеберлерінің сайысында жүлдегер Мағжан Жұмабаев атамыздың атындағы сыйлықпен марапатталды. Фестивальдің ашылу салтанатында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар да марапатталды. Айта кетер жайт, бұл әс-шара биыл 20 сыншы рет ұйымдастырылып отыр.
Фестивальде сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбекұлы «Тілдердің жиырмасыншы рет аталып өтіп отырған атаулы күні құтты болсын! Бүгін біздің облысымызда Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы ұйымдастырылып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындадағы іс-шаралардың бірі ретіндегі қазақтың ұлы бас ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы республикалық көлемде атап өтілді», – деді.
Байқауға республикамыздың облыстарынан және Астана, Алматы секілді ірі қалаларынан да барлығы 16 үміткер қатысады. Олар екі бағыт бойынша бақ сынады: Қазақтың белгілі жазушыларының шығармаларын оқу және Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.
«Бүгін біз Қызылжар өңірінде тілдер күні мерекесіне орай Қазақстанның барлық өңірінен 17 мен 29 жас аралығындағы жас дарындардың арасында республикалық конкурсын ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі ақындардың өлендерін жатқа оқи отыра сөз өнеріне баулу.Жастардың бойындағы мемлекеттік тілге деген рухани жаңғыртуға алып келу болып табылады»,- дейді «Тіл қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы қоғаммен жұмыс құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айдос Әбдіқалықов. Кеш соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ал Бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген Сая Байбосынова иемденді.
Жалпы мұндай іс-шараның қазағы қалың оңтүстік өңірде емес, Солтүстік облысымызда ұйымдастырылуы көңіл қуантады. Демек бұл өңірде тілге деген құрмет артып, мемлекеттік тілдің де абыройы асқақтап келеді деген сөз.
Павлодар қаласында биылғы өткізіліп жатқан шаралардың барлығы «Тілдер онкүндігі» аясында өтілуде. Жалпы мемлекеттік тілдің дамуы өз мәртебесіне лайық орын алуы өте маңызды. Мемлекеттік тілді қастерлеп үйрену Қазақстанның әр азаматының парызы. Осы орайда осы аймақтағы әрбір этнос өкілі өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосуда. Жалпы он күндік барысында осы өңірге тиесілі қалалар мен аудандарда 150-ден астам шара ұйымдастырылған. 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Тілдер мерекесіне арналған он күндік жарияланған. Сонымен қатар, тілдер онкүндігінің қорытынды шарасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 14 этномәдени бірлестігі мерекеге орай көрме өткізді.
Республика көлемінде аталып өтіп жатқан Тілдер мерекесіне арналған іс-шара Маңғыстау облысында да аталып өтуде. Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Тілдер мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу қонақтары мемлекеттік тілдің қоғамда алатын маңызды рөлі төңірегінде ой өрбітіп, кездесуге келген жастармен қазақ тілінде емін-еркін сөйлесіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді.
Ал Петропавлде «Тілдарын» республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқысында сыналушылар берілген тақырыпты бірден, яғни еш дайындықсыз қазақ тілінде 5 минут аясында ашып беруі тиіс болатын. Бұл тақырыптарды тілдерді дамыту басқармасының мамандары өздері құрастырыпты. Олар қазақстандық патриотизм, латын әліпбиіне көшу, Қазақстан спортшыларының жарқын жеңімпаздары, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын қамтыған. Сондай- ақ туған өлке Петропавлдың тарихы мен бүгіні туралы да сауалдар жеткілікті берілді. Қазылар алқасынының құрамында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары болғандығын да айтып өту керек. Олар бес минут арасында үміткерлердің әлеуетін бағалады. Кейбір сайыскерлер өз тақырыптарын аша алмай, болмаса көпшілік алдында сөйлей алмай қиналса, екіншілері керісінше, өздерін көпшілік алдында еркін ұстап қана қоймай, білімдерінің де нақты және жан жақты екендігін дәлелдеді. Үміткерлердің арасында облыстық және республикалық дебат ойындарының да қатысуышылары да облды. Олардың аудитория алдында сөз сөйлеуі талайды көрген қазылар алқасын да тамсандырды.
Мұндай шарадан Алматы қаласы да қалыс қалып жатқан жоқ. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Тіл – татулық тірегі» байқауы үйымдастырылуда. Алматы қаласында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы тіл фестивалі 19-қыркүйекке орайластырылып отыр. Жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының концерт залында өткізілуде. Фестивальге Алматы қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысып, өнер көрсетеді. «Тіл – татулық тірегі» атты байқауда орыс, ұйғыр, күрд, ауған және т.б. ұлт өкілдері қазақ тілінде бақ сынайды. Өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетінін көрсетеді. Тіл байқауы қазақтың бірегей ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналғандықтан, сынға қатысушылар ақынның өлендерін жатқа оқиды, сондай-ақ қазақша ән айтып, би билеп, қойылым көрсетеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Іс-шара аясында қаладағы этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық этностық көрмелер ұйымдастырады деп күтілуде.
Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері ұлттық интелегенция өкілдері, журналисттер, студенттер мен оқушылар қатысады.
Айналып келгенде жер жерде ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдерінің де қаншалықты қастерлеп, құрметтейтінін көрсетеді. Осындай іс-шараларға қарап мемлекеттік тілдің мәртебесінің де жыл санап, артып келе жатқанын байқаймыз. Түрі өзге болғанмен қазақтармен тілі бір өзге ұлт өкілдерінің көбеюі еліміздің болашағының да жарқын екенін аңғартады. Бұл ең алдымен ұлты мен ұлысқа бөлінбей, елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлтқа тең қарап, құқығын қорғап, мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін дамытуға тиімді жағдай жасап отырған еліміздің ерекше ұстанымының арқасы дей аламыз. Осының арқасында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік бағдарламалардың насихатының артуына, Елбасы Жолдауы мен Үндеулерінің өз дәрежесінде орындалуына, мемлекеттік бағыттағы іс-шаралардың орындалуына өз үлестерін қосуға тырысуы, еліміздің дамуына атсалысуы Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздің біртұтастығын қолдауы деп білеміз. Бүгінгі күні тілде дамытудан бөлек Ассамблеяның қайырымдылық, медиация бағытындағы тиімді жұмыс бағыттары өте нәтижелі деп айта аламыз. Қазақстан Халқы Ассамблеясының жер жердегі бөлімшелері Достық үйлерінен ашылған медиация кабинеттерінде ел ішінде қаншама дау мен жанжалдарды шешуге мұрындық болып отырғанымен олардың бірде біреуі ұлтаралық қақтығыстар мен этносаралық жанжалдарды шешуге бағытталмаған. Яғни елімізде ұлтаралық қақтығыстар мүлдем жоқ деуге болады. Қайырымдылық іс-шаралары да тек өзге ұлт өкілдеріне бағытталмай, біртұтас еліміз бойынша жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға арналған. Демек тіл ғана емес, медиация, қайырымдылық секілді игі шаралардың барлығы еліміздің біртұтас елге айналуына қызмет етіп тұр деп айта аламыз.
Ұлттық тілімізді алдымен өзге ұлт өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясы арқылы түрлі этномәдени бірлестіктер қолдап, үйренуге ықыластары артып тұрғандай ана тіліміздің мәртебесінің де арта берері анық.
Тілге арналған мерекелік іс-шаралардан осыны түсіндік.
Еркенұр Ерзия

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста