Көк тудың желбірегені – елдіктің асқақ беделі

  • 33
Көк тудың желбірегені – елдіктің асқақ беделі

Қазақ елінің аспан түстес көк туында алтын күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Мағынасы терең осынау нышанда кешегі тарихымыз, бүгінгі жеткен биігіміз, жарқын болашағымыз түгел тоғысқан. Төбемізді бұлт шалмасын, абыройымыз заңғар биікке асқақтасын деген асыл мұратымыз тұғыры берік тудың бетінде көрініс тапқан. Халқымыз үшін көкке көтерілген кө байрақ қасиетті белгі.

Рәміз – тарих, рәміз – мәдениет, рәміз ұлттың өзіне тән мінез-құлқымен біте қайнасқан мәліметтер жиынтығы. Бабаларымыздың өр рухын, үкілеген үміті мен арман-тілегін өн бойына сыйдырған символ.

Мемлекеттік ту көркем суреттер топтамасы ғана емес, ұлт тұтастығының кепілі, азаттықтың айғағы. Қазақтың мұқалмас ерлік дәстүрі ғасырлар қойнауына жетелейді.

Алаштың ардақты ұлдарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыроа «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» деп ұрандатқан.

Азаттық жолындағы арпалыста ерлеріміз елдіктің туы еңкеймесін деп шыбын жанын құрбан еткен. Ақсақалдар жас өрендерге туың жығылмасын деп бата берген. Ежелде ту көтерген батырды сұлатып, байрақты құлату майдандасқан екі тараптың да мақсат нысаны болды. Аты аңызға айналған батырлар қасық қаны қалғанынша қасарысып, қолынлағы туын жықпауға тырысқан.

Біздің елдің жігіттері, спортшыларымыз, намысты ерлеріміз әдайым туды басынан биік ұстайды.

Жалпы геральдика дәстүрінде әр түстің нақты білдіретін нышаны бар. Мысалы, аспан көк түс адам бойындағы адалдықтың, тазалықтың, мінсіздік пен сенімділіктің белгісі. Күн байлық пен молшылықты бейнелейді. Көу туымыздағы күн шапағы бай қуаттылықты бейнелейтіндіктен алтын масақ  тұүрінде кескінделген. Мемелкеттік рәміздегі күн суреті еліміздің жалпы адамзаттық құндылықтарға бас иетінін де дәлелдейді. Қыран бейнесі әдетте биліктің, қырағылықтың, мәрттіктің белгісі ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт қазақтың қуат күшін, тәуеліздігін, асқақ армандарға деген ұмтылысын танытады. Жыртқын құс көшпенділер  пәлсапасында ерлік, өрлік, еркіндік сынды ұғымдармен ұштасады. Тудың сабына таман тігінен нақышталған ұлттық өрнек қазақтың байырғы дүниетанымын аңғартады. Саналуан пішітердің үйлесіміне құырлған ою өрнек халықтың көркемдік талғасын көрсетіп, ішкі әлемін әйгілейді.

Қазақстанның көк байрағы әлемдік аренада көп жұлдыздың ішіндегі шолпан іспетті көзге оттай басылады. Отандастарымыздың барлық жеңісі мен жетістігі мемлекеттік рәміздермен тығыз байланысты. Қазақстан республикасының мемлекеттік туы Президент резиденциясының, Парламенттің, Үкіметтік, министрліктердің, Орталық атқарушы органдардың, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, елшіліктердің, шетелдегі тұрақты өкілдердің, басқа да ресми мекемелердің ғимаратында үнемі ілініп тұрады.

1992 жылдың 4  маусымында Қазақстан Республтикасының рәміздері қабылданғаннан бастап көк байрақтың қадірі асып, асқақтағанның үстіне асқақтап, нұрлана түсті.  Қазақ баласының туға деген құрметі ерекше. Өйткені мемлекеттік ту ұлттық бірегейліктің тірегі, әр азаматтың жол нұсқайтын бағдаршамы. Халықаралық додплпрдп спортшыларымыз атой салғанда барша қазақ өз елінде тақымын қысып отырады. Тудың жауапкершілігі де зор. Көк туды көргенде оғландар артындағы елдің аманатын түйсінеді. Қара орман жұрттың сенімін сезінеді. Саңлақтар әлемдік сайыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, аспан түстес туды желбіреткенде көңілдері толқып, көздерінен жас алады.

Айдын Рысбекұлы, геральдист-маман:

Көк тудың тарихы тереңде

Біздің көк туымыздың тарихы 552 жылы түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның әкесі Ту қағанның есімімен байланысты. Ту болғанда аспан көк түсті ту. Бұл түс – қазақтың ұлттық реңі. Қазіргі біздің желбіретіп жүрген көк туымыздың тарихы Түрік қағанатының кезінен басталады. Одан кейін б.з.д. III ғасырдағы ту 1972 жылы Иранның маңайынан табылған. Сол туда арыстан, әйел құдай бейнеленген. Бір қызығы VI ғасырдың басындағы парсы патшасы Кирдің туының түсі де аспан көк түсті болған, ортасында қыран бейнеленген. Біздің қазіргі туымыз әлемдік деңгедегі спорттық іс-шараларда төрт мыңнан аса мәрте көтерілді. Сондай-ақ оңтүстік, солтүстік полистерде, әлемнің ең биік шығы Эвересте де тігілген. Көк туды алғаш рет ғарышқа Талғат Мұсабаев алып ұшты. Одан кейін кө туымыз жер орбитасын жүз елу рет айналып шықты.

Мемлекеттік рәміздер егемендіктің бірден бір дәйегі. Демек, оны кеңінен қолданып, қастерлеп, мазмұнына үңілу өте өзекті.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 201
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 249
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста