Көк байрақ еліміздің асқақ рухының айшықты бейнесі

Көк байрақ еліміздің асқақ рухының айшықты бейнесі

Адамзат баласы жаралғалы бері өзінің кие тұтар, пір тұттар қасиетті деп санайтын ерекше белгілері болған. Тарих қойнауына көз жүгіртсек жазудан бұрын әр тайпаның ерекше өз таңбасы болғанын байқаймыз. Бұл таңба арқылы қай ел, қай жер екенін бірден ажырататын болған. Сол елдің адамдары оны қастерлеп кие тұтқан.  Елімізде де көне тарихтан сыр шертетін жартастарға ойылып салынған суреттерді көптеп байқаймыз. Ғылым тілінде тасқа қашалған бұндай таңбаларды петроглиф дейді.  Бұндай суреттер біздің елімізде ғана емес әлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Атап айтсақ Швеция, Норвегия, Солтүстік Италия, Португалия, Испания, Солтүстік Африка, Араб елдерінде, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Корея, Жапония, Канада, АҚШ, Аргентина, Чили, Бразилия, Австралия елдерінде бар деп жалғасытырып айта беруге болады. Сонымен қатар,  Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста осындай таңбалар көптеп табылған. Ал біздің елімізде жартасқа салынған суреттер екі жүзден астам жерде бар дейді мамандар. Солардың ішінде біршама орындарды ғалымдар зерттеп, зерделеп ғылыми айналымға енгізді.

Бұның бәрін арыдан қозғап айтып отырған себебіміз көне заманнан бері таңба елдіктің нышаны болып есептелетінін еске салу.  Сол көне таңбалардың көпшілігінен ту көтерген атты адамдардың бейнесін байқайсыз. Міне осы бейнелер арқылы адам баласы ерте заманнан байрағын бағалап, елдің басты киесі санағанын аңғарамыз.

Ғалымдардың зерделеуіне қарағанда тудың тарихы 3 мың жылдан арыда жатса керек. Тастағы бейнелерден ежелгі замандарда қазақ жерін жайлаған тайпалардың да өз байрағы болғанын байқаймыз. Өйткені ту елдіктің басты белгісі саналған.  Көптеген түркі билеушілерінің, хандарының, батырларының өз тулары болған.  Атап айтсақ әйгілі ғұн билеушісі Мөденің, түркі қағаны Бумынның, қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің, Қасым хан мен Есім ханның, Тәуекел хан мен Тәуке ханның, Әбілхайыр ханның, Абылай ханның, одан кейін қазақтың соңғы ханы атанып кеткен Кенесары ханның өз тулары сол замандарда халықтың айбынын асырған киелі байрақтар еді. Елдің абыз қариялары жорыққа аттанар алдында «Туың жығылмасын» деп бата бергені осынау киелі байрақ еңкейсе, елдің тізесі бүгілетінін білдіргендей қасиетті сөз. Сондықтан қанқұйлы майдандарда туды сенімді, батыр адамдар ғана ұстаған. Ол тудың жығылмауына күллі қалың әскер мүдделі болған. Желбіреген туды биік ұстап, ауыздығымен алысқан, белді қазанат мінген батырдың айбары, күллі елдің айбары.

Міне осыншалықты қастерлі ұғымды білдіретін тудың қадірін еліміздің әрбір азаматы бала күнінен сезініп өскені абзал. Кейде өкінішке қарай кейбір жандар білместікпен қасиетті көк байрағымызды көрінген жерге қыстырып сала беретін жайларды байқап қаламыз. Көк туымызда бейнеленген әрбір символдың мәні зор. Еліміздің туы соншалықты терең мағынамен,  үйлесімділікпен жасалған. Біз көк түріктің ұрпағымыз деп көк аспанды қадір тұтқан елміз. Көк аспан күллі адамзаттың шаңырағы деген ұғымды санамызға сіңіргенбіз. Сондықтан туымыздың түсі аспан түстес болғаны қазақ баласының  жанына өте жақын. Көк түс шексіздік пен ашықтықтың, кеңдік пен кемелдіктің ұғымындай әсер етеді.  Сонымен қатар күллі адамзаттың қастерлісі жарық күннің астында даланың еркін қыран құсы қалықтап келе жатқаны ерекше әсер береді. Күн астында қалықтаған қыран арқылы еркіндікті ойлағанда әсерге бөленбейтін жан жоқ шығар. Ал көк түстің шетіне әдіптелген қазақы ою байрағымыздың бағасын одан ары арттырып, ұлттық нақышқа бөлеп тұр. Осы ретте қасиетті еліміздің мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков ағамыздың еңбегіне тәнті боласын.

Мемлекеттік туымызды таңдап, оны бекіту үшін қыруар еңбек жасалған.  Сол кездегі тарихи байқауға екі жүз елуге жуық жоба ұсынылып, оған жеті жүзге жуық адам пікірлерін айтып, мыңнан астам шығармашылық өкілдері қатысқан екен.

Әлемнің алпауыт елдерінің тумен қатар желбіреп тұрған көк байрағымыз көз сүйсінтіп көңіл қуантады. Ерекше рух береді.

Мысалы Америка азаматтары өз туларының ерекшелігін, оны қай қиырдан, қандай жағдайда болса да жазбай танитынтындарын айтып мақтан тұтады. Біздің де қасиетті көк байрағамыз алыстан айқындалып, ешбір елдің туына ұқсамай аспанмен астасып желбірейді.

Биыл елдігіміздің нышаны мемлекеттік рәміздеріміздің ресми қабылданғанына да отыз жылдан астам уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде көк байрағымыз қаншама биікте желбіреп елдің мерейін асқақтатты. Талай биік шыңдарды бағындырған альпинисттеріміз заңғар таулардың төбесінде желбіретті. Талай спорттық жарыстарда ел мерейін өсірген спортшы ұлаңдар көкке көтерді. Ал, 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа жасаған сапарында көк байрағымызды желбіретіп Жер шарын жүз елуден астам рет айнала ұшқан екен. Міне осындай рухты да мерейлі сәттерді тізіп жаза беруге болады. Осының бәрі еліміздің ұландарының жүрек түкпірінде мәңгі сақталар ерекше оқиғалар. Желбірген көк байрақты көргенде елім деген азаматтардың бойын ерекше сезім билеп, қаны тулап, рухтанып шыға келеді. Алыста жүрген азаматтардың туымызды көрген кезде көзімізге жас келеді деген тебіреністі сөздерін жиі естиміз.

Мемлекеттік туымызды қолданудың заңмен бекітілген өзіндік ережесі, көлеміне қойылатын нақты талаптары бар. Ол барлық жағынан ұлттық стандартқа сай келуі тиіс. Осы ұлттық стандарт талаптарын бұзған жағдайда оны пайдалануға тыйым салынады.

2020 жылдың наурыз айында жасалған мониторингке сай елімізде мемлекеттік туды дайындау үшін лицензиясы бар алпысқа жуық ұйым тіркелген. Осындай  тексерістен кейін 26 ұйымның ғана барлық мүмкіндігі бар екені расталған. Өйткені олардың лицензиялары, барлық нормативтік-құқықтық актілері мен қатар мемлекеттік жалауларды жасауға арналған қажетті жабдықтары толық болды. Ал қалған 24 ұйым тексеріс талаптарына сай болмай шықты. Сондай-ақ, тағы жеті ұйым заңды мекенжайларын өзгерткендіктен және орналасқан жері бойынша анықталмағандықтан тізімнен сызылған.  Міне көріп отырғанымыздай қасиетті байрағымызды шығарудың өзіндік талаптары қатаң сақталады. Сондықтан кез келген азамат туды аларда, қолданарда заң талаптарымен мұқият таныс болғаны жөн.

Бір елді құрметтеген адам сол елдің мемлекеттік рәміздеріне де құрметпен қарайды. Ол сол адамның ниетін, мәдениетін, білімін білдіреді. Көк байрағымыздың желбірегені, еліміздің асқақ рухының айшықты бейнесі!

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста