«Дустлик» қауымдастығы ұрпақ тәрбиесіне байланысты форум өткізді

Елімізді мекен еткен түрлі этномәдени бірлестіктер Отанымызда болып жатқан оқиғаларға, іске асырылып жатқан бағдарламалардың атқарылуына атсалысып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып Республикамыздың дамуына үлестерін қосып келеді. Көп ұлтты мемлекетіміздің тұтастығы осындай иигі шаралардан байқалады. Кеше еліміздегі өзбектердің этномәдени бірлестігінің «Дустлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеуде Аналар кеңесінің орны» атты форум болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанаи қатысты. Ол Шымкент қаласынан және Түркістан облысынан қатысып отырған Аналар кеңесі мүшелерін форумның ашылуымен құттықтап сөз сөйледі. Өз сөзінде Назипа Ыдырысқызы құрылым алдында тұрған міндеттерге тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің құрылғанына биыл 5 жыл толғанын атап өтті. «Тарихи дәстүрімізбен ұштасып жатқан құрылым осы уақыт ішінде отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды дамыту бағытында жұмыстар атқарды. Кеңес мүшелерінің алдында Елбасының халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттерді іске асыруда ауқымды жұмыстар тұр», - деді Назипа Ыдырысқызы.
Қазіргі таңда елімізде аналарға жасалып жатқан қамқорлық көп. Соған қарамастан әйелдер ұйымдарының саны күн санап артқанымен аналардың басты миссиясы - ұрпақ тәрбиелеу бағытында жұмыс істеп жатқандары аз екен. Осы ретте Назипа Ыдырысқызы ұрпақ тәрбиесі, қоғам тәрбиесі – ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің басты міндеті болуы керек екеніне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов сөз сөйлеп аналардың ұрпақ тәрбиесінде алар орыны зор екені жайында ой қозғады. Ол, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі Аналар кеңесінің рөліне ерекше тоқталып өтті.
Атаулы жиында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Доустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, қауымдастық жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшелері Нұрниса Дометова, Гулчехра Исмаилова, Шахноза Хасановалар сөз сөйлеп, тақырып төңірегінде ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Форумға жиналған қауым, көптеген мәселелерді талқылап, келелі басқосудан жігерленіп тарқасты.
Осы ретте еліміздегі өзбек ағайындарға азырақ тоқтала кетейік. Статистика агенттігі берген мәліметтер бойыншы елімізде өзбектердің басқа ұлттарға қарағанда анағұрлым көп екені білінеді. Олар Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің саны жағынан орыс ағайындардан кейінгі орынды иемденіп тұр десе де болады. Деректерге қарағанда Рсепубликамызда ресми түрде тіркелген өзбектердің нақты саны 550 мыңдай болады екен. Ал елімізге түрлі жағдайда, тіршілік қамымен келіп еңбек етіп, сауда жасап жүргендерінің өзі қаншама. Екі ел, егіз ұлт деп айтуға болады. Туысқан ел ретінде де, көршілік қарым қатынаста да заманалар бойы қатар келе жатқан елдің болашағы да қатар өрілері сөзсіз. Ол жақта да біздің қазақ қандастарымыз өмір сүруде. Сондықтан іргесі ажырамас, татулығы таусылмас елдердің қандас бауырлардың бүтіндігі мен бірлігі әрдайым маңызды. Еліміздегі бірінші өзбек мәдени орталығы 1989 жылы Түркістан облысында құрылыпты. Ал, өзбектердің қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы 1995 жылы құрылған болатын. Қауымдастықтың негізін қалыптастырып, іргетасын қалаған Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Жамбыл және Қызылорда облыстарының өзбек мәдени орталықтары еді. Содан кейін, яғни 2011 жылы «Дустлик» Ассоциациясы Қазақстан Республикасындағы он облыс құрылтайшыларының арқасында қайта тіркеліп жұмыс істей бастаған еді.
Біздің елде өзбек тілінде тұрақты түрде тоғыз газет пен журнал шығады екен. Сонымен қатар, он шақты әдеби-шығармашылық бірлестіктер белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Екі өзбек театры бар, олар да ел қатарлы еліміздегі өнер шаңырақтарының бірі ретінде ел мәдениетінің дамуына үлес қосуда. Сондай-ақ, Сайрам қаласында Өзбек драма театры және Түркістандағы Қарашық ауылында Өзбек ұлттық театры бар екенін ауыз толтырып айтып өткен жөн болар. Ал, еліміздегі 136 мектепте өзбек тілінде сабақтар өтетінін бас айтып өтсек артық болмас. Нақты айтар болсақ олардың он төртінде білім өзбек тілінде ғана беріледі екен. Қалған жүз жиырма екісі аралас білім ошақтары деуге болады. Міне осы деректерден-ақ еліміздегі өзбек ағайындардың өсіп-өніп, бақытты ғұмыр кешіп болашаққа өзге ұлт өкілдерімен бірге тату-тәті қадам басып келе жатқаны көрінбей ме?!
Ал біз жоғарыда айтып өткен, яғни кеше ғана өткен «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеуде Аналар кеңесінің орны» атты форумның осындай жағдайдан кейін атқарар қызметі мен маңызы зор екеніне назар аудармауға бола ма? Сондықтан басқа ұлттар мен қатар өзбек жастарының да тәрбиесі ел үшін өте маңызды. Өйткені жастар еліміздің болашағы. Қоғамның әртүрлі салаларының дамуы солардың алған білімі мен тәрбиесіне байланысты екені даусыз.
Осы ретте биылғы жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп аталғанын айтып өткен жөн. Ауылы аралас, қойы қоралас жатыр деуге келетін екі елдің іргесі ешқашан ажырамайтыны да белгілі. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан бері екі елдің ара қатынасы қалай дамып келе жатқанын еске сала кетейік Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 қарашасынан бастап бекітілген болатын. Қазақстан Республикасының елшілігі Өзбекстан Республикасында 1993 жылдың қарашасынан бастап, ал Өзбекстан Республикасының елшілігі Қазақстанда 1993 жылдың шілдесінен бері қарай жұмыс істей бастаған. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас жалғасын тауып, көрші мемлекеттер өзара тығыз байланысты бұрынғыдан да дамыта түсті.
Екі елдің арасындағы тұрақтылықты нығайту үшін достықтың маңызы зор екенін анық. Ең бастысы Қазақстанның Өзбекстанмен қатынастары даму үстінде. Осының арқасында ағайын елдің ауызбірлігі мығым еуге болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста