Әзіл-шыны аралас
МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, иесіне:
– Менің мұндай быт-шыты шыққан темір-терсекті көлік деп айтуға аузым бармас еді...
– Міне, мен де сондықтан жүргізуші куәлігін ұстамаймын ғой.
***
Таңертеңнен бері жол бойында жұмыс істеп тұрған МАИ қызметкері күні бойы тоқтатқан көлік иелеріне «Жүргізуші куәлігіңізді көрсетіңіз» дей беріп шаршаса керек, жұмыс соңына қарай ол бірден «Ақшаңызды көрсетіңіз!» дегенге көшіпті.
***
Шошқа тұмауының белгілері:
Бас айналады, бұлшық еттер ауырады, танауың қорсылдап, дем алу қиындай түседі де үнемі колбаса жегің келіп тұрады.
***
Бүгінгі дағдарыс кезінде қызметінен қысқарып, жұмыссыз қалған бір жазушы құр отырғанша пайда табайын деп, «Дағдарыс кезінде қалай баюға болады?» деген кітап жазуға кірісті.
***
Футболдан келе жатқан жігітке танысы жолығып қалады:
– Есеп қаншада қанша болды?
– Екі нөл ғой баяғы...
– Кім жеңді сонда?
– Өзің бір түсінбейтін неме екенсің. Екі жақ бір-біріне гол соға алмады. Тепе-тең!