Алматтың әзілдері

Танысу кезінде:
– Сен кімсің?
– Жазушымын.
– Кітабың бар шығар?
– Жоқ, мен дыбыс жазушымын.
***
Кітапхананың оқу залында бір студент:
– Мәссаған, мүмкін емес, шынымен де осылай ма, ұят болған екен ғой, масқара, біз түк те түсінбейді екенбіз, осы уақытқа дейін қалай білмегенбіз, дұрысы осылай екен ғой! – деп ішегін тартып отыр.
Кітапханашы:
– Сонша таңғалғаның бар болсын, не кітап оқып отырсың?
– Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі ғой...
***
Емханада:
– Көмектесіңізші, дәрігер, мен күнде түсімде футбол көремін.
– Мына дәріні ішсең, қояды.
– Ертең бір-ақ ішсем бола ма?
– Неге?
– Бүгін финал еді...
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу