Қазақстанда ішкі мигранттар саны жыл санап артып келеді

Қазақстанда ішкі мигранттар саны жыл санап артып келеді

 Соңғы 4 жылда Қазақстанда ішкі мигранттар саны екі есеге артқан. Мұны қазақстандық халықаралық экономика және саясат институтының зерттеуі көрсетіп отыр.
Мұны қазақстандық халықаралық экономика және саясат институтының маманы, әлеуметтанушы Айман Жүсіпованың пікірінше, мұндай күрт өсім өңірлердегі экономикалық және әлеуметтік аспектілердің, нақтырақ айтқанда табыс мен жұмыссыздықтың дифференциациясын, яғни, айырмашылығын көрсетеді.
«Еліміздің оңтүстік өңірлерінде халықтың орналасуы өте тығыз, жұмыс күші де артық. Оңтүстіктегі халық солтүстік өңірлерге қарағанда екі есе көп. Солтүстіктегі үш облыстың тұрғындарын қосқанда бір ғана Түркістан облысының тұрғындарына тең. Мамандардың айтуынша, егер солтүстіктегі демографиялық дағдарыс осылай жалғаса берсе, 2050 жылы өңірдегі халық саны 1 млн-ға кемуі мүмкін.
Қазір мемлекет халық тығыз үш өңірлен халықты солтүстікке көшіру бағдарламасын жүзеге асыруға тырысып бағуда. Бірақ бұл бағдарламаның іске асуынада жүйесіздік, шашыраңқылық бар дейді мамандар.
2018 жылғы деректерге сәйкес, халық ең көп қоныстанатын ірі қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент.
Қазақстандағы ішкі көші-қон формуласы басқа елдерден аса айырмашылығы жоқ. Миграциялық процестер Орталық Азия елдерінде бірдей десе де болады. Көп елдерге ортақ үрдіс – халықтың жаппай қалаға көшуі. Адамдар жақсы табыс пен жайлы өмір іздеп, ауылдан қалаға ағылады.

2015 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулермен алғаш рет азаматтардың қоныс аударуын реттеудің толыққанды жүйесі бекітілді. Халықтың еңбек күші аз өңірлерден еңбек нарығының даму әлеуеті жоғары өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуын экономикалық ынталандыру арқылы халықтың қоныстануындағы диспропорцияны түзету саясатына бастама жасалды.

Үкімет қоныстандырудың нақты өңірлерін (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстары), сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын айқындайды, ол жоғарыда көрсетілген өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етітін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны болып табылады.

Ішкі көшіп-қонушыларды есепке алу бөлігінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша тіркеу рәсімін жеңілдету және жетілдіру мақсатында 2014 жылы осы процестер автоматтандырылды, бұл бір мезгілде жаңа мекенжай бойынша тіркеумен қатар бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мүмкіндік берді. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі көшіп-қонушылардың тіркелу бойынша міндеттерді орындауын бақылау айтарлықтай күшейді. Қазіргі уақытта тіркеу рәсімін жеңілдету бойынша одан арғы жүйелі шаралар қабылдануда, бұл әкімшілік кедергілерді төмендетуге және көші-қон процестерінің айқындылығын арттыруға тиіс.

Ішкі көші-қонның кешенді жүйесінің жұмыс істеуі нәжижесінде республикада соңғы 5 жылда ішкі көшіп-қонушылардың саны 337,8 мың адамнан (2012) 2016 жылы 610,7 мың адамға дейін артқаны, оның ішінде, өңіраралық көші-қонда (бір өңірден басқа өңірге) – 294,0 мың адам; өңірлік көші-қонда (бір өңір ішінде) – 316,7 мың адам қатысқаны байқалады.

Алматы, Астана қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары халық ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

Бұл ретте халықтың ұтқырлығын арттырудың қазіргі (стихиялық сипаттағы) жағдайларында кейбір кері үрдістер күшеюде:

1) Демографиялық дисбаланс. Қазіргі уақытта елдің солтүстік өңірлерінде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай областары) халық саны (барлығы 2,9 млн. адам) елдің оңтүстік өңірлеріне қарағанда аз (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) (6,5 мың адам).

Бұл ретте болжамды деректер бойынша 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға қысқаруы, ал оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға артуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы іс жүзінде солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады.

Бұдан басқа, солтүстік өңірлерде егде жастағы азаматтардың жоғары үлес салмағы байқалады. Қартаю индексі Солтүстік Қазақстанда – 53,1, Қостанай – 51,1 және Шығыс Қазақстан облыстарында – 46,2 жоғары, ал оңтүстікте керісінше егде жастағы адамдардың саны көп емес (Оңтүстік Қазақстан облысында – 12,1, Қызылорда облысында – 14,9).

Сонымен қатар, сарапшылық бағалау бойынша таяудағы 5 жылда жаңа жұмыскерлер ағынының баяулауы байқалады, бұл 90-жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға негізделеді.

2) Экономикалық дисбаланс. Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерде (Алматы қаласын есептемегенде) халықтың 38%-ы тұрады, сөйте тұра олардың жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) үлесі 17%-ды ғана құрайды. Солтүстік өңірлерде (Астана қаласын есептемегенде) 17% халыққа ЖӨӨ-нің 13%-ы келеді.

Бұл ретте әлемдік практикада экономикалық өсім негізінен халық көп шоғырланған аудандарда болады. Дәл сонда негізгі инвестициялар барады, талантты жастар ұмтылады, сонда ғылым мен инновациялар қалыптасады.

Сонымен бірге, одан әрі дамуы мүмкін мынадай мәселелер бар:

1) ішкі көші-қон ағындарын өңірлік экономикалық өсу аймақтарына жіберудің мемлекет ынталандыратын нақты жүйесінің болмауы.

Бүгінгі күні халық негізінен өңірлік экономикалық өсім аймақтарына емес, дамыған қалалық агломерацияларға (Алматы, Астана ққ.) және өмір сүру сапасы тұрғысынан тартымды өңірлерге, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарына өз еркімен қоныс аударады. Мемлекет, басқа жағынан, халықтың жұмыс қолы көп өңірлерден еңбек ресурстарына сұраныс жоғары өңірлерге қоныс аударуын реттеуді ғана қамтиды. Алайда, ішкі көші-қон ағынын өңірлік экономикалық өсім аймақтарына ынталандыру жеткілікті деңгейде айқын және табысты болмай қалуда.

2) Ішкі көші-қонды тиісті деңгейде есепке алмау.

Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушыларды есепке алу тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте көптеген азаматтар өзінің жеке меншік құқығында тұрғын үйі бола тұра тіркеуге тұрмауды жөн көретіндіктен, аталған жүйе жетілмеген. 2017 жылғы қаңтардан бастап адамдарға тіркелмегені үшін жауапкершілік енгізілген алғашқы аптаның өзінде тек Астана мен Алматы қалаларында 40 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін көрсетті, олар осы күнге дейін ішкі көшіп-қонушы ретінде есепке алынбаған және тиісінше тіркелмеген. Алайда, әкімшілік жауапкершілікті енгізудің өзі де ішкі көшіп-қонушылар толыққанды есепке алуға кепілдік бере алмайды.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста