Алматыдағы жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді

Алматыдағы жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді

 Елбасы еліміздеі жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешу мақсатында адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Осы орайда Мемелкет басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қарапайым халықтың жұмысқа орналасуы жеңілдетіліп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеуді мейлінше оңайландыруды тапсырған еді. Тапсырманы орындауға еліміздің қалалары мен облыс орталықтары белсенді кіріскен еді. Әсіресе, халық саны тығыз орналасқан Алматы қаласында шаруа қарқынды жүріп жатыр.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын көпшілікке түсіндіру мақсатында қаладағы жұмыс берушілермен жиі-жиі кездесулео ұйымдастырып отырады. Таяуда осындай кездесулердің бірінде  Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары қалада іске асырылып жатқан бағдарламаның негізгі бағыттары жайлы айтып берді. 
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын Халықты жұмыспен қамту орталығы Алматының әртүрлі ұйымдары мен мекемелерінде өткізіп келеді. Осындай шаралардың бірі мегаполистегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде өтті. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды жұмысқа орналастыруда жұмыс орындарын бөлудің тәртібі жайлы да сөз болды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соңғы үш жылда Алматы қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құраған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр.
Жұмыспен қамту орталығының алдындағы негізгі міндет – қаладағы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету. Бұл мәселенің шешілуіне кешенді түрде қарау керек. Өткен жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы үш бағытта іске асырылып келеді. Ол өзінің қатысушыларын техникалық және кәсіптік оқытуға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен бірге халықты жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы еңбек нарығын дамытуды қамтамасыз ету сияқты аспектілерді көтереді. Бірінші бағытқа қысқа мерзімді кәсіптік оқыту енгізілген. Бұл ретте нарыққа қажетті мамандықтар бойынша жұмыс іздеушілер даярлануда. Ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 1000 адамдық қысқа мерзімді оқыту қарастырылған. Алдын ала жұмыс берушілер тапсырыстарын жібереді, осының негізінде қажетті мамандықтар тізбесі жасалады. Осы жылы 38 қажетті мамандықтар анықталды. Негізінен, бұлар коммерциялық және сақтандыру агенттері, бармендер, бухгалтерлер, іс жүргізушілер,зертханашылар, сәнгерлер, даяшылар, шаштараздар. Алматыда кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының тізбесіне 16 ұйым кіреді, олардың ішінде 3 колледж және 13 оқыту орталықтары бар.
Жаңа жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «enbek.kz» порталы жұмыс істейді. Орталықтандырылған тәртіппен ол жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырады. Ашық бос орындар бойынша тапсырыстар жұмыс берушілерден түседі. Заңға сәйкес үш күн ішінде олар босаған бос орындары туралы мәлімет берулері қажет. Олардың негізінде жұмыс іздеушілерді іздеу іске асырылады. Біліктілігінің болмауы немесе басқа да себептермен тиісті жұмыс орнына орналаса алмағандарға қолдаудың белсенді шаралары қарастырылған. Бұл әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, сонымен қоса қоғамдық жұмыстар. Айта кетейік, биыл Жұмыспен қамту орталығында тәжірибеден өткен жастарға төленетін шәкіртақы өсті. Бұған дейін орталықта тәжірибеден өткен әрбір адамға 44 мың теңге төленіп келсе, биылдан бастап ай сайын 60 мың алады. 6 ай ішінде іс-тәжірибеден сүрінбей өткендер әрі қарай тұрақты жұмыспен қамтылады. Үкіметтің мұндай шарапатын былтыр алматылық 141 жас көріпті. Оның 80 пайызы мемлекеттік қызметке кірген. Жастар практикасы оқуды бітірген тәлімгерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Батысы, мұнда жұмыс тәжиірбесі еңбек кітапшасына жазылады. Жастардың еңбек жолына ілігіп кетуі үшін қазынадан қыруар қаржының бөлініп жатқаны да бекер емес. Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келетіндер қатарында радиоэлетроника, көлік жөндеу және темір жол қызметкерлері көп кездеседі. Дегенмен, оларға жұмыс табу көбіне қиынға соғады дейді мамандар. Ал оқушылар мен студенттер көбіне ерікті ретінде жұмыс істеуге сұранады. Орта жастағы адамдар болса әлеуметтік жұмысқа тұрғанды жөн көреді екен. Әрине, адамдар әр түрлі болған соң талғам-талап та түрлі болады. Сондықтан кейде жұмыс беруші жұмыс істеуге келген маманды ұнатпай қалса, Жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға себебін жазып беруі керек. Ары қарай Жұмыспен қамту орталығы бұл мәселені шешуге тырысады. Ал егер жұмыс істеуге барған адамға жұмыс орны ұнамаса, оны басқа жұмыс орнына жібереді.
Халықты жұмыспен қамтудың басқа да механизмдері бар. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке бизнес ашуды немесе өз бизнесін дамытуды жоспарлаған, жеке кәсіпкерлер санатына жатады. Олар үшін нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы «Даму» қорының қатысуымен екінші деңгейлі банктер арқылы 19 млн теңгеге дейін шағын несие алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Осы бағдарламаға кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқа мерзімді курстардан өткен және «Даму» желісі бойынша да қысқа мерзімді курстарды аяқтаған адамдар қатысуға құқылы. Биыл бизнестің 115 бағыты бойынша шағын кредиттер берілген.
Өзін-өзі қолдау және жаңа бизнес бастамалар шеңберінде бағдарламаға толықтырулар енгізілді және 240 мың теңге (100 АЕК) көлемінде өтеусіз гранттар алу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда гранттарды курстардан өткен жұмыс іздеушілер де ала алады. Оқыту аяқталғаннан кейін үміткер Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш жасайды, одан соң оны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді. Грантты беру туралы шешім комиссия арқылы қабылданады. Оң қорытынды алған кезде қажетті заттар сатып алуға өтеусіз грант беріледі. Бұл адамның өзін-өзі жұмыспен қамту санатына өтуіне мүмкіндік береді.
2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына 16 мың адам көмекке жүгінді, 13 мың адамға жұмыс іздеуде қол ұшы созылып, 6 мың кандидатқа тұрақты жұмыс орны таңдалды, 3 мың адам уақытша жұмысқа орналасты және 510 адам курстардан өтуге жіберілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының сәтті жүзеге асып келе жатқанын мегаполистегі шағын және орта бизнес субъектілері қатарының көбейгенімен байланыстыруға болады. Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, қалада 270 464 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға жоғары. «Бизнестің белсенділігі іскерлік көрсеткішпен шағын және орта бизнестен тек қана 2018 жылдың жеті айындағы қорытындысы бойынша 37 млрд теңге сомасында бюджетке салық түсімдерінің 6 пайызға артуы болып табылады. Бұл үшін жалпы көлемнен шағын және орта бизнес түсімдерінің бөлігі көрсетілген мерзімде 60 пайыз, яғни 661,2 млрд теңгені құрады», – дейді Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров.
Басқарма басшысының айтуынша, жоғары бәсекелестік орта заманауи тұтынушы тарапынан бизнесті тексерудегі талапшылдыққа маңызды байланыс болмақ. «Бұл нарықтық қатынастар үшін қалыпты болып табылатын бәсекеге қабілетсіз субъектілер нарығын шығарудың негізгі факторы. Сондай-ақ, жылдар бойы жеке кәсіпкер мәртебесінде тұрған, бірақ әртүрлі себептермен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған, осы мәртебеден бас тартқан азаматтарға, жеке кәсіпкер есебінен шығару тәртібін жеңілдету және мүмкіндік беру. Жыл басынан бері 2 мың шағын және орта бизнес жойылды, сондай-ақ, белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1,3 пайызға төмендеуі бизнесті жүргізудің статистикасына әсер етті», – деп атап көрсетті Ілияс Өсеров.
Қазіргі уақытта бизнеспен айналысуға ниетті жандарға мемлекет тарапынан көрсетілер қолдау көп. «Мемлекет тарапынан бизнесті жан-жақты дамыту мен қолдау мақсатында белсенді шаралар қолданады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда 6,2 млрд теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстың арқасында 1000 жұмыс орны сақталып қалды, қосымша 500 орын құрылу жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар бүгінде шағын және орта бизнес жұмыстарының көрсеткіштерінде оң нәтиже беруде. Қазіргі уақытта 2020 жылға дейін жоспарланған шамалармен салыстырғанда жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемінің ұлғаюы байқалып отыр. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемі 2020 жылға жоспарланған көрсеткіштен 2,5 есе асып кетеді», – деді Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы.
Алматыда тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту, техникалық білім беріп, жұмысшы мамандықтарын игеруге жол ашу, кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары тоқтаусыз жүргізіле беретіні сөзсіз. Өйткені Алматы – еліміздегі халық көп орналасқан маңызды шаһарлардың бірі де бірегейі.

Айша Нұржан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста