Халықты емес, қарақан басын ғана ойлайтын бас дәрігерлерден не үміт, не қайыр?!

Жіпке тізіп айтсаң аурудың түрі көп. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дегендей келген кеселдің кетуі де қиын. Арамызда кейбір адамдар қандай да бір ауруға шалдықса «маңдайға жазылғаны осы шығар» деп оған амалсыз көніп жүре береді. Мұндай бейғамдықтың соңы өкінішті жағдайлармен аяқталып жатады. 

Күнделікті күйбең тіршілікте тұрмыс қамын ғана ойлап, денсаулығын аса ыждаһаттылықпен қорғауға аса қатты мән бермеу, ағзамыздың әлсіреп, әртүрлі дертке шалдығуымызға апарып соқтырады. Кейбіріміз ауыз салған ауруды емдемей, бейғамдық танытып, денсаулыққа жүрдім-бардым қараймыз. Дерт әбден асқынған кезде, оған дауа таппай әбіржіп қалатынымыз жасырын емес. Мұндайда адам баласына қолы шипалы дәрігерлер көп көмегін тигізеді. Олар науқастың бетін бері қаратып, ауруынан құлан-таза айықтырып жатады. Сізде және мына бізде ондай сәттердің көп куәсі болдық. Десек те дәрігердің де өлім аузында жатқан науқастың өміріне араша түсуі кезінде дәрменсіз күйге түсетін сәттері де болады. Әдетте мұндай жағдайлар дерттің ағзаға шамадан тыс дендеп кетуі кесірінен орын алады. Сондай сәттерде «Бізге тым кеш келді. Бірер сағат бұрын қолымызға түскенде науқасты аман алып қалуға болатын еді» деген дәрігерлердің сөзін естігенде, зымыраған минуттар мен сырғыған сағаттардың қадірін кеш түсініп жатамыз. Жалпы кез келген ауруға жүрдім-бардым қарамай, ол біздің бойымызда қылаң бергеннен бастап, онымен күресуді бірінші орынға қою қажет.
«Денсаулық – зор байлық». Қоғам арасында салауатты өмір салтын насихаттап, баға жетпес басты байлығымыз денсаулығымызды күтудің мәні мен маңызын терең түсіндіруді біз өзімізге азаматтық міндет деп табамыз. Бүгінде қандай жағдайлар өмірімізге үлкен қауіп тудыратынын және оны алдын алу бойынша адамзат ағзасын неден қорғауы қажеттігін оқырман арасында кеңінен түсіндіруді үнемі назарға аламыз. Әрине қандай да бір дерек-дәйексіз қолымызға қалам мен қағаз алып көлгірсуге де болмайды. Сол үшін де біз ауруханада орын алған өлім-жітім жағдайларының себеп салдарын анықтауды жөн деп таптық. Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының берген (12.01.2015ж. күнгі №02-06/192) мәліметтері бойынша ОҚО клиникалық ауруханасында жыл басынан бері (01.01.2015 - 12.01.2015жж.) яғни, бар-жоғы 12 күн ішінде 5 өлім-жітім жағдайының тіркелгені бізді бей-жай қалдырмады. Оның нақты себебін анықтап, мұндай өкінішті жағдайларды алдын алудың жолдарын мамандардан сұрау үшін аталған ауруханаға бет алдық. Бірақ бас дәрігер Мұқан Егізбаевтың қабылдау бөліміне кірген бойда, бізді көрген оның хатшысы ат тепкендей күй танытып, бірден дүрсе қойды. «Неге ескертусіз келіп тұрсыздар? Бас дәрігер қабылдамайды. Шығыңыздар» деп өзінен-өзі шала бүлінді. «Таз ашуын тырнап алады» демекші, тіпті телефон арқылы, әлдекімді «Неге «Әділет» газетін кіргізесіздер?» деп айқайдың астына алды. Бұл келеңсіз көріністердің барлығы кабинеттегі бейнетаспада жазылып жатты. Және де оны келесі кабинетте отырған М. Егізбаев «тамашалап» отырмады деп те айта алмаймыз. Сол сәтте қабылдау бөліміне басқа бір дәрігер ентелей кіріп, «Бас дәрігерге кіруге болмайды. Сіздерге қандай ақпарат келсе солай жаза беріңіздер. Ешқандай да сұхбат бермейміз» дегені айды аспанға бір-ақ шығарды. Сұраған мәселемізге бас дәрігердің емес, оған бағынысты қызметкердің «Сіздерге қандай дерек келсе, солай жаза беріңіздер» дегені, «Қолдарыңнан келгенін істеңіздер. Бұдан біздің беліміз бүгіліп, морт сынып қалмаймыз» дегенді меңзегені ме? Иә, «жер астынан жік шықты, екі аяғы тік шықты» деген осы екен-ау. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қоғамда болып жатқан жағдайларға құлағы түрік жүреді ғой. Біз облыстағы кейбір құзырлы орган басшыларының, басшы болған да қандай басшы десеңізші, генерал шенді «дәулердің» осы аурухананы, нақтырақ айтсақ оның бас дәрігері М. Егізбаевты үнемі қызғыш құстай қорғап жүретінін көп естіп, көп көреміз. Мүмкін әлігі дәрігердің М. Егізбаевтың атынан осылайша нық сөйлеп жатқанының мәнісі осындай «қамқорлықтың» салдары шығар. Сонда дейміз ау, Егізбаевтың генералға мұншалықты арқа сүйеуінің сыры неде екен? Түбі генералдың жылдар бойы жинап-терген беделіне бас дәрігердің «балта шабуы» бек мүмкін-ау.
 Әзірге ол оның атақ-абыройына «балта шаппаса» да, ҚР БАҚ туралы заңын өрескел бұзып, белден басып отыр. Мемлекеттік қызметке теңестірілген бас дәрігер Елбасы бекіткен заңды таптап, барынша бұзуда. Осы іс-әрекеттері үшін заң алдында жауап беруі тиіс деп санаймыз. Біздің басты мақсатымыз өмірден озған адамдардың атын атап, түсін түстеу емес еді. Болған жәйттің негізгі себебін, оны алдын алудың жолдарын маман ретінде түсіндіруіне қол жеткізу еді. Бірақ ол өзінің кәсіби қызметін орындаудан қашқақтады. Мұның астарында ешқандай шикілік, заңсыздық болмаса мәселені неге ашып айтпайды. Халық қалаулысы халықтың мәселесін қозғауға неге құлықсыздық танытады? Өткенге салауат айтып, келешектен жақсы күндер күтетін халықпыз ғой. Біз жаңа жылда бас дәрігер М. Егізбаевты жаңашылдықпен жұмыс бастайтын шығар деп ой түйген едік. Өкінішке орай бұл ойымыз орындалмады. «Қала құлар, әдет қалар» деген осы екен-ау.
Халықтың денсаулығы тұрғысында бірер ой айтуға келгенде үнемі аяқ тартатын ол «халық қалаулысы» деген атақты қалай арқалап жүр? Егізбаевты біз ата жау емес, бар болғаны бас дәрігер ретінде білеміз. Ал оның тірлігі мынау. Мүмкін ол тіс қаққан кәсіпкер, не болмаса гүлді баптап өсіретін мықты бағбан болғанда мұндай қателіктерге жол бермес пе еді. «Тауық сойылса да қасап сойсын» деген. Сондықтан да облыстағы маңдайалды ауруханаға халық денсаулығы дегенде ішкен асын жерге қоятын, Гиппократ антын адал орындайтын арлы дәрігердің келуі кезек күттірмес мәселе деп білеміз.
Бет қатталып жатқанда: Ұзынқұлақтан естуімізше, бір қалалық, екі облыстық деңгейдегі аурухананың бас дәрігерлері, бас-аяғы «Үш Ноян» «көрпесіне қарай көсілмей», облыс әкімінің үстінен аттап өтіп, Ақордадағы ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасарына кіріп, өздерін облыстағы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынтағына тағайындауын сұранып жүр екен-міс. «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл» деген. Бұл дәрігерлер бұқараның қамын күйттеп барса игі еді. «Креслоны» ойлап жүрген олар Гиппократқа берген антын қайда қалдырыпты? Бірақ халықты емес, өз қарақан басын ғана ойлаған ондай бас дәрігерлерден не үміт, не қайыр күтесіз ағайын?!
Осы тақырыпқа байланысты зерттеу материалын газетіміздің алдағы сандарынан оқитын боласыздар.

adiletgazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста