Власов армиясында болған қазақ

Власов армиясында болған қазақ

1941 жылы Смоленск қаласындағы ұрысқа алғаш қосылғанда командирі қолына қару беріп, сынаққа алады. Нысанаға дәл тигізіп, мергендігін танығанда: «Орыстың көк көзі өткір ме деп жүрсем, қазақтың қара көзі одан да өткір екен-ау» деп қайран қалып, атқыштар дивизиясына қабылдапты. Алапат соғыстың ауыр жылдарын Өрісбек ата былай деп еске алды:

- Бірде түнгі қарауылда алғы шепте үш солдат қалдық. Белорус, татар және мен. Түнгі қараңғылықта жылт еткен сәуленің жарығын немістер көріп қоймасын деген сақтықтан - темекі шегуге, сіріңке жағуға қатаң тыйым салынған. Татар жігіт ақыры шыдамай темекі тұтатқаны сол шыңылдап жеткен оқтың екпінімен үшеуміз үш жаққа ұшып түстік. Біршама уақыттан соң, орнымызға оралғанда жаудың бір оғы татар жігіттің маңдайындағы бес жұлдызына тиіп, мерт болғанын көрдік. Мен қатарына алынған Власов армиясына неге екенін білмеймін, сырттан көмек келмеді. Қаншама жауынгер жау оғынан қаза тауып, қаншама қол жоғалтсақ та сырттан қосымша күш болған жоқ. Көмекке зәру едік. Әбден титықтап, қатты шаршадық. Немістер окопты бомбалай бастады. Дивизияда адам азайды. Төбемнен зуылдай ұшқан оқтан жанымды сақтап қалу үшін бас көтермей бұғып жатқанмын. Кенет құлағым шың етті де, үстіме гүрс етіп ауыр зат құлады. Денемді жылы қан жуды. Оқтың қай жеріме тигенінен бейхабар күйде біраз жаттым. Аяғымды жоғалттым деген ойдан мазам қашты. Етқызумен ауруды сезінбей жатсам керек, не де болса тәуекел деп, аяғымды қимылдатсам қос аяғым орнында екен. Қан белімнен кетіп жатыр. Мен арқама қарай аударыла бергенде үстімдегі әлдебір зат сылқ етіп жерге құлады. Сөйтсем, оққа ұшқан бір жауынгердің қанға боялған саны екен.

Әбден шаршаған біз енді артқа шегіне бастадық. Ызаға булыққан командир мылтығын өз солдаттарына кезеніп: «Жаудан қашып қорқақ атанғанша, өз қолымнан батыр болып өлгендерің артық! Осыдан артқа бір қадам шегінсеңдер, өзім-ақ атып тастаймын» - деді. Екі жақты - екі оттың ортасындағы нағыз ажалмен арпалыс енді басталды. Қайда аяқ бассақ та, қорқыттың көрі. Бар күш қуатымызды жинап, алға, немістерге қарсы ұмтылдық. Соңыра генерал Власов ашқұрсақ, әлсіз, саны азайған солдаттарының жанын қалай да сақтап қалу үшін, саналы түрде бәрімізді тұтқынға өткізді.

Қолға түскен Совет армиясының азаматтарын мыңдаған неміс әскері итке талатқан. Картопты пісіріп итіне берсе, сыртқы қабығын тұтқындағы солдаттарға беріп қорлапты. Тұтқындағылардың ғұмыры оқ жүрген сымдардың қоршауында өтіп жатты. Қалжыраған, жұмысқа жарамсыздарын крематорий пешіне де өртей бастайды. Крематорий пешіне өртенген солдаттардың күлін, немістер бау-бақшасына себетін. Қатты ашығатынбыз. Жүк көлігі қоршаудың жанынан өткенде, бірді-екілі орамжапырақ жерге құлайды. Соған ұмтылғанда, кейбір солдаттар тоққа түссе, енді бірі ашыққан адамдардың аяғының астында тапталып өліп жатты. 1945 жылы босатылғанда салмағым небәрі 25 келі еді. 1947-ші жылға дейін Рейхстагта жұмыс жасадым.

Өрісбек Сабыралиев 1941 жылы тұтқынға түскен соң, хабарсыз кеткендіктен үйіне қара қағаз жіберілген. Бірақ бір туыс жеңгесі 1947 жылы түс көріп, Өрісбектің анасына: «Жалғызың аман есен! Тірі! Түсімде екі таудың ортасындағы топан судың түбінен талға қарманып, жағаға шықты» - дейді. Көп ұзамай «Мен аман-есенмін! Елге келе жатырмын» деген үшбу хатты алған анасы, қазақы пайымға салғанда, «жүрегі жарылып» қайтыс болады.

Елге келгенде анасының қайтыс болғанын, қалың мал беріп, серттескен қалыңдығы қара қағаздан соң, күдерін үзіп тұрмысқа шығып кеткенін біледі.

Біршама уақыт өткен соң, нағашысы екеуі Ташкенттің маңындағы Шыршық қаласына аттанады. Жолай Күйбішев ауылында түнейді. Жауынгер ұлды құшақ жая қарсы алған шаңырақ егелері, жас жігіттің келген құрметіне ойын-сауық ұйымдастырады. Ол күн де Өрісбек ақсақалдың есінде күні бүгінгідей сақтаулы.

- Аяғымда хром етік сықырлап тұр. Үстімде китель. Сұңғақ бойым сымдай тартылып, аққұба өңіме қыздар қызыға қарап қалатын шақ еді. Үш қыз есіктен кіріп келді де, төрдегі темір кереуетке жайғасты. Алдарында қарап отырған менің сұғым тиді ме, әлде өздері ебедейсіз бе, әйтеуір отыра сала екі шетіндегі екі қыз шалқалай құлады да, ортадағы бойжеткен сызылған күйі міз бақпай отыра берді. «Мына жағдайда құламаған қыз, өмірде мені де сүріндірмесе керек» деген ойға қалдым. Шашы тілерсектен, бойы менімен шамалас, екеуміз бір-бірімізге жараса кеттік. Есімі Дүйсекүл екен. Атыма мінгестіріп, Айша бибідегі қара шаңырағыма сол күні-ақ тартып кеттім. Дүйсекүл екеуміз 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірдік,-деді қария.

z-taraz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста