ҰОС: түркітілдес халықтардан суырылып шыққан сұр мергендер - (ФОТО)

ҰОС: түркітілдес халықтардан суырылып шыққан сұр мергендер - (ФОТО)

ІІ Дүниежүзілік соғыстың қиян-кесі ұрыстарында талай қазақтың жігіттері мен қыздары ерекше көзге түсті. Тіпті, фашисттердің өзі қазақ, азиаттар десе «даланың адуындары» (степные смерти) деп қатты қорыққандарынан тізелері дірілдеп кететін де болған. Бұл жолы «Алаш айнасы» құралайды көзге атқан түркітектес халықтардың сұр мергендерін ғана дәріптемек...

Филипп Рубахо - 346 жауды жер жастандырған қазақтың сұр мерген сарбазы.

Қазаққа алабөтен есім оған жетімдер үйінде қойылған екен (оны төмендегі мына құжат көшірмесі айғақтай алады). Ол 1941 жылы жазда Қара теңіз флотының жаяу әскері қатарына алынады. 3-ші теңіз полкі, одан кейін 7-ші теңіз жаяу әскері қатарында қан майданда болады.

1943 жылы Филипп Рубахо Новосібір әскери-теңіз базасының айырықша тапсырмадағы отрядының командирі ретінде тағайындалады. Оның отряды майдан алаңының ең қиын нүктелеріне жіберіліп отырған.
Командир қазақ жігітінің сұр мергендігі жайлы майдангерлер арасында аңыздай тарайды. Алған нысанасынан мүлт кетпейтін Филипке күн мен түннің еш айырмашылығы болмаған екен. Ол жаудың 346 солдаты мен офицерінің көзін жойған.
Сұр мерген қазақ жігіт кезекті жаумен шайқаста ауыр жарақат алып, госпитальда көз жұмады. Достары 1944 жылы 22 қаңтарда Филипп Рубахоға бұ дүниеден өткен соң Совет одағының батыры берілгенін білдік деп жазады.
Қазақ жігітінің жан кешті ерлігі жайлы 1959 жылы жарық көрген «Навечно в строю» және «Они прославили Родину» атты жинақтан кеңінен танысуға болады.

Федор Охлопков - бір мың (1000) жаудың көзін жойған, көрсеткіші ең жоғары ердің бірі, жақұт ұлтының өкілі.

Ресми деректерде бұл көрсеткіш 429 деп қасақана төмендетіліп көресетіледі. Өйткені Кеңес одағында белгілі бір ұлттардың ғана ерлігі мадақталуы тиіс-тұғын. Нақтырақ айтқанда, Сталиннің қолдан қаһармандар жасау саясатының салдарынан жақұт сарбазының ерлігі Сурков (орыс), Салбиев (осетин), Квачантирадзенің (грузин) көлеңкесінде қалып кеткен.
Тарихта тура осындай жағдай Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры Қошқарбаев пен Болатовтың ерлігін Егоров пен Кантария еншілеп кеткені тұрғысында қайталанатынын біз жақсы білеміз.

Фахретдин Атнағұлов - 200 жаудың көзін жойған татар сарбазы.

Егор Мыреев - 65 фрицті жайратқан жақұттың сұр мергені.

Төлеуғали Әбдібеков - 399 фашисттің көзін жойған қазақтың сұр мергені туралы аңыз көп, тіпті жау ішінде ол «қара ажал» (черный смерть) деген атпен танымал болған.

Ол өзінің ерлігі үшін Кеңес Одағының үш дүркін батыры болуға лайық тұлға. Бірақ ол көзі тірісінде кеңестік солақай саясаттың кесірінен соның бірін де ала алмай кеткен.

Төлеуғали - Семейдің Жарма өңірінің тумасы. Кішкентай кезінен әкесі екеуі аңшылықпен айналысқан. Жас аңшы қансонардан ешқашан олжасыз қайтпаған. Оның мергендігі, із кесушілігі ауыл ақсақалдарын қатты тәнті етіп, ел арасында үлкен сыйға бөленген. Совет әскеріне алына салысымен, Хабаровск өңіріне тап болған ол аса мергендігімен командирдің көзіне бірден түседі. 1942 жылы атақты Панфиловтың дивизиясы шебінде Қалинин майданында ұрысқа шығады. Оның осы ұрыстағы ерлігі атын бүткіл одаққа шығарады.
Бір биіктік үшін айқас басталады. Ол үш аптаға созылады. Осы уақыт аралығында Әбдібеков 19 фрицті қатардан шығарады. Биік еңсеріледі. Бірақ немістер қарсы шабуылға шығады. 25 жау солдаты Төлеуғали жатқан окопқа ұмтылады. Ал ол жалғыз. Жау жақындап келеді. Бір уақытта шайқас даласындағы фашисттер бір-бірден жалп етіп құлай бастайды. Басында ешнәрсені түсіне алмай қалған жау қатты абдырайды. Тағы төртеуі мерт болады. Жапа-тармағай шуласқан немістер оқ қай жақтан жауып жатқанын ақыры байқап қояды. Енді бетпе-бет ұрыс басталады. Жалғыз мергенге жаудың шамасы жетпейді, ал олардың қатары минут өткен сайын сиреп барады. Окоптан 60 метр жердегі 25 фрицтің 23-і жайрайды. Ал қалған екеуі кері қарай қаша жөнеледі. Олар фашистерге жалғыз қара дөй солдатқа қалай шамалары жетпегенін, «қара ажал» түгімізді қоймады деп үреймен айтып барған көрінеді.
1944 жылы 23 ақпанда майдан даласының аңыз адамына айналған жерлес сарбазымыз - Төлеуғали Әбдібеков ауыр жарақаттан көз жұмып, Калинин облысының Ново-Сокольнический ауданының Насва стансасында жерленеді.

Балаоғлан Аббасов Мырзаға - 106 фашистті жер жастандырған әзірбайжан мергені.

Шығыстың шынары - Әлия Молдағұлова 78 жаудың көзін жойған қазақтың батыр қызы. Оның шын есімі Ілия, ал майдандас достары Лия деп атаған.

Ол 1925 жылдың 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Әлия Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). 1944 жылдың 14 қаңтарында ол Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты, сондағы Монаково ауылында жерленген.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Қалимола Зейнутдинов - 226 жауды жайратқан татардың ері.

Иван Құлбертдинов - 487 фашистті сұлатқан жақұттың сұр мергені.

Марал шаруашылығымен айналысқан отбасында дүние келген ол бала кезінен мергендікке, ізкесушілікке бейімделген. Сондықтан жауға қырғидай тиген жақұт жауынгерінің шайқастағы ерлігі көзге ілінбей қалуы мүмкін емес-тін. Иван да ұлтына қарай кемсітушілік саясаты құрбанының бірі. Оны екі рет Кеңес одағы батыры атағына ұсынған, бірақ оның екеуі де қанағаттандырылмаған.

Ыбырайым Сүлейменов - 289 жауды жайратқан қазақтың қыраны. Немістер одан «даланың қырғиы» деп қатты қорыққан.

Ол 1908 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Қызыл әскер қатарына алынады. 1942 жылы күзде атақты Ржев қаласы түбіндегі шайқаста Ыбырайымның бригадасы ерекше көзге түседі.1943 жылы оның мылтығынан жаудың 239 солдаты мен офицері өледі. Бұл туралы газетке жазылады, Жамбыл Жабаевтың өзі оған арнап арнайы өлең шығарады.
1943 жылы 16 қарашада Невеля қаласының батысындағы Изоча стансасында қиянкескі ұрыс өтеді. Биіктіктің сол жағына пулеметпен Мәншүк Мәмбетова орналасса, сол жағындағы окоптың бірінде Ыбырайым Сүлейменов жауды нысанаға алып жатады. Бұл ұрыста біздің сарбаздардың оқ-дәрісі таусылып, шегінуге мәжбүр болады. Шегінген майдандастарын сыртынан қорғап Мәншүк пен Ыбырайым майдан даласында қалады. Біршама уақыттан соң екеуінің де оқ-дәрісі түгесіліп, дәрменсіз күйге түседі. Бірақ соңына дейін шайқасуға бел буған олар немістермен бетпе-бет келіп, жау қолынан қаза табады. Екеуін де әскери бригадасы Кеңес одағының атағына ұсынады. Бірақ Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі де, ал Ыбырайым Сүлейменов Ленин орденімен ғана марапатталады.

Зиба Ганиева Пашақызы – 129 немісті жайратқан әзірбайжан қызы.

Зағид Рахматтулин – 177 фрицті сұлатқан татар сарбазы.

126 фашистті қырып салған қазақ мергені Ғалым Қойшыбаевты жерлестері тарихтан ҚазКСР-іне еңбегі сіңірген артисі, музыкант-күйші ретінде де таниды.

Ол Қызылқоға ауданының тумасы, кезінде Таңдай мектебінде оқыған. Алайда ата-анасынан ерте жетім қалған ағайынды екі бала – Ғалым және оның кіші інісі Мәкәлім Орал қаласындағы жетімдер үйінде болады. Жастайынан музыканы қуады. Аса дарынды Ғалым 15 жасында Ахмет Жұбанов жетекшілік еткен атақты Құрманғазы атындағы оркестрінде болады.
Қызыл әскерге алынған ол 1941 жылдың тамыз айында Алматы қаласында жасақталған 397-ші атқыштар дивизиясының құрамына енеді. Ол 1941 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 3-ші, одан соң 1-ші тегеурінді армияның қатарында Солтүстік-Батыс майданында ұрыстар жүргізді.

1942 жылы Қойшыбаев Мәскеу, Вязьма, Ржев, Старая Русса түбіндегі қанды қақтығыстармен өткізді. Великое Село маңында 397-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері 3800 немістің көзін жойып, 17 танкіні қиратты.

1-ші екпінді армияның “На разгром врага!” газеті: «1943 жылғы 4 қыркүйектегі санында Ғалым Қойшыбаевтың суретін басып, астына: “Н. бөлімінің батыры, жүзден астам неміс басқыншысын жойған ержүрек снайпер Ғалым Қойшыбаев жауынгерлік Қызыл Ту орденімен наградталды», – деп жазады. Бір ескеретіні, мерген 19 рет аяқ-асты ұрысқа қатысып, яғни жаумен бетпе-бет келіп, жекпе-жекке шыққан. Бәрінде де мерейі үстем болған.
Сол жылдың қараша айында өз мақсат-міндеттерін абыройлы атқарған Солтүстік-Батыс майдан таратылды. Ақырғы ауыр жарақатынан соң, денсаулығының жарамсыздығына байланысты Ғалым Қойшыбаев амалсыздан елге қайтарылады.

Ол өзінің туған ұжымы – Құрманғазы оркестрінде қайтып келеді.
2009 жылы тұңғыш рет жарыққа шыққан «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясындағы құнды дүниелердің қатарына «Шора батырдың маршы» атты халық күйі де кірген. Оны шертіп берген – Ғалым Қойшыбаев.

Вахит Галимов Газизович – 207 жауды жер жастандарыған татар мергені.

Ахат Ахметьянов Абдулхакович – 502 фашистті жайратқан башқұрт сарбазы.

Алексей Миронов – 129 жауды сұлатқан жақұт мергені.

Үш снайпер жолдас – Әбіл Нүсіпбаев (қазақ) (50), Төлеуғали Әбдібеков (қазақ) (397), Анарбай Ержанов (өзбек) (60).
Нүсіпбаев пен Ержанов 1942 жылы, Әбдібеков 1944 жылы қан майданда қаза табады.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста