ТАСЖҮРЕК БАЛА қарттар үйінен не іздейді?

ТАСЖҮРЕК БАЛА қарттар үйінен не іздейді?

Тарихтың талай бұралаң жолдарынан өткен тағдырлы халқымыз қандай қиыншылық заман болсын, қарттар мен кемтар жандардың өзін қамқорлықсыз-қараусыз қалдырмаған. Оларға қарасып, әрдайым көмектесіп отыруды сауапты іс санаған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осы игі дәстүрлер бүгінде жаңаша өзгеруде. Олай дейтініміз алдағы уақытта медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан мүгедектердің зейнет және жәрдемақысы әжептеуір қысқартылуы мүмкін.

Бұл туралы осы жылдың 22-қаңтар күні өткен мәжілісте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеген болатын. Бұл өзгеріс «Мүгедектер құқығын қорғау жөніндегі» заң жобасында қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін мекемелерде тұратын жандарға базалық зейнетақы беру мүлдем тоқтатылады. Ал жасына қарай төленетін зейнетақының 30 пайызы ғана сақталмақ. Шенеуніктер мұны әлеуметтік теңдік орнату деп есептейді. Өйткені үйде тұратын зейнеткердің шығыны аз емес. Ал әлеуметтік мекемелерде тұратындар толықтай мемлекет қамқорлығында.
Күні кеше ҚР Парламенті мәжілісінің отырысында жоғарыдағы мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер министрі Тамара Дүйсенова депутаттар алдында ойын ортаға салды.
– Қарттар үйінде тұратын қариялардың наразылығын туғызған норманы, яғни олардың зейнетақысын 70 пайызға қысқарту ешқандай қаржы үнемдеу емес. Бұл тәжірибе Ресейде баяғыдан бері бар, ал қазір Еуразиялық одаққа мүше болғандықтан бұл норманы қабылдауға мәжбүрміз. Яғни, зейнетақы немесе жәрдемақы әрбір қарттың жеке есепшотына түседі. Ақшаның 30 пайызын зейнеткер өз қолына алса, қалған 70 пайызы тұрып жатқан мекемеге жағдайын жақсарту үшін жіберіледі. Ал, егер қарттар үйінде тұратын зейнеткер немесе мектеп-интернатта жатып оқитын оқушы үйіне қайтадан көшетін болса, сол күннен бастап оған берілетін зейнетақы, болмаса жәрдемақы 100 пайыз өз есеп шотына түспек. Бұл әсіресе, әке-шешесін мемлекеттің қаржысына асыратып, ал зейнетақысын қалтасына басып отыратын қатыгез балалар үшін әділ болмақ, – дейді Тамара Қасымқызы.
Осы ұсыныс мәжілісте қарала салысымен қоғамда қызу талқылануда. Біз де өз тарапымыздан бұл мәселенің қаншалықты дұрыс-бұрыстығы туралы мамандардың пікірін білген едік.
– Иә, бұл жаңалықты әуелде естігенімізде түсінбей қалғанымыз рас. Бірақ ойланып қарасам бұл өте дұрыс шешім екен. Неге десеңіз, қарттар мен мүгедектер үйіндегі тұрғындардың тамақтары, киімдері мен дәрі-дәрмектері бәрі-бәрі тегін. Яғни мемлекеттің қамқорлығында. Тамақтарының өзін айта кетсек, төрт мезгіл тамақ, оның арасында жемістер, қаймақтар, сүт, айран беріледі. Ал үйде отырған ата-әжелерімізге осындай жағдай жасалып жатыр деп айта алмаймын. Мұндай жағдай үйде жасалу үшін олардың алып отырған зейнетақысы жетпей қалуы мүмкін. Оның үстіне, ауылдарда зейнеткерлеріміздің зейнетақысымен күн көріп отырған отбасылардың да бар екені де белгілі ғой.
Енді қараңыз, тұрғындар әлеуметтік мекеменің қамқорлығында бола тұра қосымша зейнетақы алып келген. Бұл әрине әділетсіздік. Мемлекет басшылары осы жағынан сараптай келе дұрыс шешім жасап отыр, – деді Оңтүстік Қазақстан облыстық «Ардагерлер үйінің» басшысы Әлкен Абдуллаев.
– Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттар үйі тұрғындарына республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден қомақты қолдаулар көрсетіліп келген. Қосымша зейнетақысы мен жәрдемақысы тағы бар. Демек, мемлекет тарапынан екі жақтан көмек көрсетілуде деген сөз. Әрине, бұл шығын мемлекетке тиімсіз. Бәрінен бұрын мені ата-ана алдындағы парызын өтеуден қашқан перзентке «Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның» табылмай отырғаны қынжылтады. Туған ата-анасын тозығы жетіп, түкке жарамай қалған зат сияқты тапсырып кететіндерге заң жүзінде еш тыйым салынбаған. Оларға ешқандай жаза қарастырылмаған. Қарттар үйіндегі ата-аналары сырқаттанып, болмаса өмірден озып кетсе де, олар мойнына ешқандай жауапкершілік жүктеп алмайды. Олар ешкімнен ұялмастан, анасын, болмаса әкесін өз қолымен жетектеп апарып тастайды да, ары қарай күнкөрісінің қамына кіріседі. Кейбір балалар ата-анасын апарып тастап, сол кеткеннен мол кетсе, кейбіреулері айына бір рет болсын, қарттар үйінің есігін қағады екен. Бірақ баласын күткен бейбақ ата-ананы қуантуға емес, оның зейнетақысын алып кетуге баратыны мәлім. Ащы болса да, шындық – осы. Ал бүгінгі таңда, жаһандық қаржы дағдарысы қыспаққа алып, әлемнің ең озық дамыған елдерінің өзі әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыларын «шөміштен қысып» жатқан кезде, біздің де мемлекет неге қаржыны үнемдемеске? Осы жағын байыппен байқасаңыз көтерілген мәселенің дұрыстығына көз жеткізетініңіз сөзсіз, – деді ОҚО Жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мәдина Есимова.
– Әлеуметтік мекемелерге көшкендер толықтай мемлекет қамқорлығында. Бүгінде мұндай орындарда 4 мың 140 зейнеткер тұрып жатыр. Оларға жылына 1 миллиард теңге зейнетақы төленеді.
Ал, қалған 16 мың мүгедекке төленетін әлеуметтік жәрдемақы 8 миллиард теңгені құрайды. Осының арқасында шамамен 4 млрд. теңге үнемделеді. Ол қаражат бюджетте құр босқа сақталып тұрмайды. Арнайы мекемелерде сол мүгедектерді бағып-қағуға жұмсалады. Қысқасы әлеуметтік-медициналық қызметті ұйымдастыруға кетеді», – деді «Астана арнасынан» көрсетілген жаңалықта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

Жібек МҰСТАФИНА,
adiletgazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста