СЫРЫ АШЫЛМАҒАН СУ

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Исламның ең киелі орындары Мекке мен Мәдинаға барып қажы болып келгендердің жора-жолдас, туысқандарына әкелетін ең үлкен тәбәрігі зәм-зәм суы. Олар өздерінің қажылықтарын құттықтап, қабыл болсын айтып келгендерде құрма мен зәм-зәм суынан ауыз тигізеді.

Ибраһим (ғ.с) ұрпағын жалғастырар жалғыз ұлы Исмаилды анасымен бірге Алланың бұйырғаны бойынша тіршіліктің нышаны жоқ шөл даланың ортасына әкеп тастап, кете барады. Су таусылған кезде Исмаил жылай бастады. Ажар анамыздың есі шығып не істерін білмей, қасындағы төбенің басына шығып, одан екінші төбеге қарай жүгіреді. Ең соңында, қатты шаршап, баласына қарай келе жатқанда, баласы Исмаилдың табанының астынан судың даусын естіді. Жәбірейіл (ғ.с) періште қанатының ұшымен жерді шұқып, суды шығарады. Зәм-зәм суы осылайша пайда болады. Ажар анамыздың өзі де ішіп, баласына да беріп, Аллаға шүкіршілік етеді. Міне, осылайша, шөл далада тіршілік пайда болды.
Иемен жақтан Жуһум деп аталатын қабила бұл жерден өтіп бара жатып, аспандағы ұшқан құсты көріп: «Құс бар жерде, әлбетте, су болады» деген оймен олар жан-жаққа шапқыншылар жіберді. Көп ұзамай бұлақ басынан жанында баласы бар әйелді көріп: «Осы жерге біз қоныстансақ бола ма?» – деп рұқсат сұрады. Ажар анамыз рұқсат береді. Осылайша, шөл даланың ортасында тіршілік басталып, ел пайда болды.
Бір замандарда халық тура жолдан адасып, пайғамбарлар арасы үзіліп, зәм-зәм суы бітеліп қалған кездерде болған. Халық зәм-зәм суының не екенін білмей ұмытқан заманда, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы Абдул Мүтталиб бұл түсті қабыл етіп, бұйырған жерді қазғанда зәм-зәм суы қайтадан қайнап шығады. Осылайша, зәм-зәм суына иелік ету Құрайыш руына міндеттеледі.
Зәм-зәм құдығы Масжид-ул-Харамның (Қағбаны қоршап тұрған мешіттің аты) ішінде Қағбаның хажер-ул-әсуәд (қара) тасы тұрған бұрыштан 14,5 метр жерде, 173 см тереңдіктегі жер астында бір бөлмеде орналасқан. Бұл жер шөлдің ортасында және теңізден 80 км қашықтықта және теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мыңдаған жылдардан бері шөлдің аптап-ыстығына күйген адамдарды сумен қамтамасыз еткен бұл құдықтың суы ешқашан азаймаған және таусылмаған. Қайдан келгендігі, қайнар көзінің сыры қазіргі технологиямен де, барлық зерттеулермен де ашылар емес.
Қажылық кезінде моторлармен кішкене құдықтан шығарылатын Зәм-зәм суы миллиондаған қажыны сумен қамтамасыз етеді және олар елдеріне алып кетсе де, бұл су ешқашан азайған емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су дүниедегі ішуге ең жарамды судың бірі болып табылады. АҚШ-та жасалған тест нәтижелері бойынша, әлемде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір су – осы зәмзәм суы. АҚШ-та әр түрлі сусындар мен жемістерді елге кіргізуге тыйым салынғанымен, зәм-зәм суына тыйым салынбаған.
Зәм-зәм суы басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп су болып табылады. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Бұл шаршаған адам суды бетіне жаққанда неге рахаттанатынының дәлелі болса керек. Тағы бір ерекшелігі – құрамында жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтордың болуы. Бұл нағыз ішуге жарамды суға қажетті барлық ерекшеліктерге ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәм-зәм суында жүзеге аспайды.
ЗӘМ-ЗӘМ СУЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ:
1. Зәм-зәм суы – жәннат бұлақтарынан болған, жер бетіндегі бұлақтың бірі. Алла тағала Ибраһим Пайғамбардың (ғ.с.) дұғасын қабыл етіп, жер бетінен жәннат бұлағын ағызып қойды.
2. Зәм-зәм суымен періштелер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүрегін жуып, бірнеше мәрте тазалаған.
3. Бұл оқиға зәм-зәм суының қасиетке толы екеніне анық дәлел.
4. Зәм-зәм суы адам көзіне мың да бір ем.
5. Зәм-зәм суын ішерде айтылатын тілек міндетті түрде орындалады.
6. Зәм-зәм суын көбірек ішу екіжүзділікті кетіреді.
Зәм-зәм суы қасиетті су болғандықтан, бұл суды ішерде орындайтын әдептер бар. Оны оң қолмен ұстап, құбылаға қарап, дұға тілегін айтып, тік тұрған күйде ішу керек. Ішіп болған соң, Аллаға дұға айтқан абзал. Осындай әдептерді орындап, таза ниетпен айтылған тілектердің барлығы қабыл болады.
Қасиетті судың сырын адам баласы әлі таба алмаған. Оның басқа да құпиясы бар ма деген ой келуі мүмкін. Адамдар қазіргі озық текнологиялық құрал-саймандарды пайдаланса да, осы қасиетті судың қайдан қайнап шығып жатқанын, яғни қайнар көзін таба алмады. Міне, бұл да Алланың хикметі, қасиетті судың ашылмаған құпиясы.
Мақала «Жас қазақ» газетінің сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста