Қытайдың қазақ қыздарына қол салатын жаңа жоспары басталды
Текті жерден қыз таңдап, текті әулетке қызын ұзататын қазақтың асыл қасиеті қайда? Құрт-құмырсқаны қорек етіп, жемтік, өлексемен де өзек жалғайтын кәпірді қойып, діні бір мұсылманға да қызын беру әдетінде жоқ қазақтың сол асқақ қасиеті құлап барады… Алпауыт деп айналамызға жалтақтап, аялап өсірген аруларымызды әр кімнің астына жыға берсек ұлт болып қампайғанымыздан не қайыр?!
Қазақ қызының өзге ұлттың етегінен есті-ессіз ұстап кетіп жатқаны бүгін ғана емес. Еті өліп, сол өлген етін жүнжіген намысының көрлігіне айналдырғандар үшін бұл қалыпты жағдай саналатын болар. Бірақ, қазақ қызының ит пен битке қатын болуы, намыс деген МЕНДІГІ тірі ұрпақты жүрегіне қанжар тыққандай қинайтыны анық.
Иә, бұл тақырып көптің назарында. Сан мәрте айтылып, жан сыздатар талай факты көсетіліп жүр. Жақында Шыңжаң қазақтары сайттарының бірінде қытайлармен некелескен аз ұлттардың көрсеткіші жарияланды. 2000 жылғы мәлімет бойынша қытайлармен ең көп қыз алып, қыз беріскен — хыжы деген ұлт екен, көрсектіші — 77,6 пайыз. Екінші орында орыстар –74,04 пайыз. Үшінші гаушан ұлты — 71,8 пайыз. Бастапқы төрттікті мұңғұлдар түйіндеген. 37,49 пайыз. Біз үшін аты да, заты да белгісіз хыжы, гаушан деген ұлттар мен «ойына келгенін істейтін» орыс үлгі болмай-ақ қойсын. Қытаймен діні ділдес мұңғұлдың да жөні бөлек.
Ал, миллиард қытайдың ішінде жан саны жағынан үшінші орында тұратын, діні ислам дүңгендердің қытайлармен некелесуі – 11,85 пайыз екен. Тілі де, орналасқан мекені да қытайларға анағұрлым жақын олардың, бәрібір бойын тарта ұстағаны байқалады. Сосын, дүңгеннің бір қорғаны дін екенін ойға түйіп қойыңыз. Ал, түркі тұқымды, хақ діні ислам ұйғыр халқы бұл батпақтан барынша дара тұрғанын көресіз. Жан саны қытайдағы ұлттар арасында төртінші орынды иеленетін ұйғыр ағайындар жайы келсе қара қытайларды қыздарының жел жағынан да жүргізбейтіні шүбәсіз. Бірақ, қалайда миллиардтың салқыны тиіп, сілекейі жұғыпты. Қытайлармен некелескен ұйғырлардың көрсеткіші – 0,62 пайыз болған.
Ал, қазақтар ше? Қытайға қарап кеткен ата қоныстарында өмір сүріп жатқан 2 миллион қандасымыздың жайы қалай? Мәз емес. Рас, 2000 жылғы мәлімет бойынша қытайға қыз беріп, қыз алған қазақтардың үлесі ең төменгі – 0,23 пайыз. Бірақ, бар болғаны 2 миллион қандасымыз үшін бұл аз көрсеткіш емес. «Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді». Бүгін хансуға қызын берген ауылдасын көрген екінші қазақ та қымсынбай солай жасамасына кім кепіл!? Қытайландыру саясаты күн санап күш алып келе жатқан елде бұл қалыпты жағдайға айналуы бек мүмкін. Қаупіміз де орынсыз емес. Жаңағы көп деп көңіл суып отырған 0,23 пайызымыз биыл шіреніп отырып 2,8-ге бір-ақ көтеріліпті. Осылайша, қытаймен құда болуда 20 миллионға жуық ұйғырды орай өтіп, олардан 1 пайыз асып та кетіпті қазақ.
Қазақтардың қытаймен үйленуі көбейе беретініні сөзсіз. Себебі, саяси жағдайы тұрақсыз өңір саналатын Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Қытайдың бас ауруына айналып отыр. Өйткені, Шыңжаң Қытайдың басқа ішкі өлкелеріне қарағанда жері кең әрі аз ұлттар шоғырлы, бір ыңғай қоныстанған. Бұл Бейжіңнің батыс өңірде шекараны бекемдеп, ішкі тұрақтылықты сақтауына кедергі келтіретіні анық. Оған бүгінгі ұйғыр ұлтының азаттыққа ұмтылған күресі куә.
Ал, аз ұлттардың бас көтеруін жаныштап, оларды тұншықтырып ұстау үшін не істеу керек? Ол үшін аз ұлттарды қытаймен араластырып, миша былықтыру арқылы ұлттық болмысынан айырып, мәңгүрт, миғұла қылу керек. Қазіргі күні Қытай тарапы бұндай жоспарды жасап, іске асыруға кірісіп кетті. Мәселен, жергілікті ұлт өкілдері мен қытайлар некелескен жағдайда оларға қаржы, баспана, білім беру т.б әлеуметтік жеңілдіктер жасалатыны туралы Қытай ашық насихат жүргізе бастады. Тіпті, Шыңжаңның қоғамдық ортасы тыныш, жергілікті ұлттар қытайлармен аралас қоныстанған Чарқылық ауданында бұл жоспар мемлекеттік саясаттың алғашқы қадамы ретінде атқарылуға көшті. Енді ол күн санап күшеймесе, бәсеймейтіні белгілі.
Әрине, бұл Қытайдың ішкі саясаты. Оған араласу, тоқтауға тырысу біздің қолдан келмейді. Біздің қылар қайранымыз – қытайдағы аз қазақ осындай жымысқы жоспар мен сайқал саясаттың қақпанына түспесе екен деп тілеу. Ал, біздің Қазақстан дейтін мемлекетіміз, жер бетіндегі қазақтың сұраушысы, иесі бар. Қара құрттай құжынаған қытайдың талауына түсіп, қыздары күң, ұлдары құл болуға беталған қан қарындас һәм қауқарсыз да қорғансыз қазақтарын құтқару үшін парасатты қадам жасайды деп сенеміз.
Қытайдағы атамекенде рухы биік, баба дәстүріне адал, намысына қылау түспеген қазақ көп. Ал, бір қарын майды шірітіп жатқан қасиетсіз құмалақтарды ондай былықтан арашалау ондағы және бұндағы бар қазақтың парызы. Өйткені, бұл жай ғана қыз беріп, қыз алу емес, ұлттың жұтылуы, өзін-өзі жоқ қылып, қазақты құрдымға жіберу болмақ. Бір қазақ істеген тексіз қылық бар қазақтың атына күйе болып жағылады. Отбасында ұл мен қызына дұрыс тәрбие бере алмағандар, ұрпағын орға жығумен бірге ұлтын да абыройдан айыратынын сезсе екен дейсің. Оны сезіндіру үшін де ұлттың жан-дүниесіне жаңа серпін қажет.
Иә, қазақ қызының қанында тектен, геннен дарыған, ананың ақуыз емшек сүтімен жалғасқан ар-ұят, намыс, әдеп-иба бәрі бар. Біз сол ұрпағымыздың бойында ұя салған баба қасиетті тұмшалап жатқан бүркеуді жұлып ала алмай, алуға ниет қылмай жүрміз. Олардың бойындағы ар-ұяттың көзін ашып, өздеріне қорған болар қасиетке айналдырсақ, қандай қауіптен болса да қорықпас едік. Бұйыртса, ұл-қыздарымыз атадан қалған асыл құндылықтарды адамдық жолының айнасы ететін күндер алыс емес және ондай ұрпақтың қатары көбейіп келеді.
Ал анталаған қытайдың аждаһа аузында, тыпырлаған торғайдай жем болып кеткелі тұрған қазаққа бұндай тәубешіл, жадағайлығымыз жүрмейді. Олардың ұлттық ар-намысын аман сақтап қалар бір-ақ жолы бар, ол – қара орман елі, олдалы жұрты — Қазақстанға аман-есен жету және жеткізу. Бар қазақтың абыройына жүк, атағына сын болғалы тұрған бұл істі айбынды Ақорда, алқалы Үкімет терең толғап, жедел қолға алады деп үміт етеміз.
qiyan.kz сайтынан алынған