Құмалақтан қайыр сұраймыз ба? Әлде құдайдан ба?
Қазір халық арасында алланың ақ жолымен жүрмін деп, алдағы өміріңді болжап беремін дейтіндер көбейіп кетті. Онымен ғана қоймай өздерінің мүмкіндіктерін жүз пайыздан да жоғары бағалап жатқан қаншама бақсы-балгерлер жетіп артылады.Шыны керек бұрынғы ертерек замандарда да, болашақты болжап апаттың алдын алып отыратын дуалы ауызды жандар аз болмаған деседі. Оларды қарапайым тұрғындар аспанмен тілдесіп табиғаттың тылсым сырларын сіңіре білген, алланың сүйген құлдары санап айтқандарына имандай сеніп отырған екен. Әрине алланың қасиетті құдіреті кез келген адамға түсе бермейтіні анық. Сондықтан да ол заманда алланың құдіретішынайы нәсіп етілген жандар санаулы болған екен. Оларға күні бүгінге дейін тәу етіліп келеді. Ал қазіргі жаңа ғасырда өздерін аллаһтың сүйген құлдары санап, күнәға батып елді алдап-арбап «қасиетін» пайданың қайнар көзі қылып алған адамдар өкінішке орай көбейіп кетті. Ауырып ем іздегенде дәрігерден қайран болмаса қазақемші-балгерлерді жағалайтыны жасырын емес. Бұл «Суға кеткен тал қармайды» -ның амалы болса, кейде көне көз қарияларымыз дамыған медицинаға сенбей, бақсының алдына баруды жөн санайтындықтарынан орын алып жатады.Әрине кейде расымен емшінің үшкіру-түшкүруінен жазылып кетіп жатқандарыда кездесіп қалады, бұл адамның сеніміне тікелей байланысты. Ал бәз біреулер емшінің айтқанын істеп, жемегенді жеп, ішпегенді ішіп онымен қоса қыруар қаржы беріп (әрине денсаулықтан аяғанды ит жесін) бірақ нәтижесі жуық арада көрінбей алдап соғылғанын сезсе де үмітін үзбей, барлық бақсы-балгердің есігін тоздырып жүргендер қаншама десеңізші. Мысалы қарапайым базарға анау-мынауыңды алуға бара қалсаң «Қызым құмалақ ашып берейін» «Сені жуық арада көп жақсылық күтіп тұр екен, не екенін білгің келмейме?» деп жолыңды кес-кестейтін құмалақшылар мен «бүкіл өміріңді көріп тұрмын деп қулана көз қысатын» сыған әйелдері кездесіп қалып жатады. Сонда еріксіз ойға қаласың «Оларда біз сияқты адам, ал оларға бүкіл адамдардың өмірлері қайдан таныс болсын. Көпе–көрінеу алдау көзге ұрып тұр емеспе?» деп. Бірақ аллаһтың күнделікті сыйға тартып отырған күндерін місе тұтпай, алдыда не болып жатқанын білгісі келетін адамдар көп-ақ шіркін. Елімізде емшілікпен айналысатын адамдарда арнайы рұқсат құжаттары болуы тиіс екен. Ал осындай құжатты түгел, бірақ дым да емшілік қасиеті жоқ бірақ алдаудың сан қилы тәсілін жетік меңгерген, тілінің уыты бар әккі жандар жетіп артылады. Ал ойлап көрейікші өзіміз, өмірді алдын ала білудің қажеті қанша, бұл деген болып жатқан телехикаяны ғаламтор арқылы не болатынын білу емес қой. Егер сеніп тұрған жорамалдаушыңыз ертенгі күніңізге қасірет болжаса қайтер едіңіз, өзгертер ме едіңіз? Ақша төлеп жорамалшының сөзін жоққа шығартатын боларсыз? Әрине бұлда мүмкін екен. Жуырда ғаламтор беттерінде адам баласының көрген түсін өзгертуге болатыны жайлы құрылғы ойлап тапқан шет елдік ғалым пайда болыпты. Тек мол ақша төле де, бүкіл қорқынышты түстеріңді өзгерте бер. Қазақ түстің қасиетін де жоғары бағалаған ғой. Ол құрылғы мимен тікелей байланысқа түседі екен. Адам өң мен түстің ортасында жатады да барлық алдыдағы өмірін көз алдына келтіреді екен.Қызық деп осыны айт. Егер ондай құрылғы елімізге келсе не боларын ойлау қорқынышты. Аллаһтың әміріне қарсы шығу ғой бұл...
Жұма күні мешітке барсаң тағы да «Қызым,садақа бер» деп жағаңнан ала жаздайтын тәтелер көбейіп кетіпті. Оларға қарап жұма күнгі садақа алуды кәсіп қылып алған ба деп қаласың. Мешітке барған жандар әрине садақаны аянбай беріп жатады. Бірақ жұма күнгі садақа кембағал жандарға беріледі емеспе? Арнайы құран оқытып садақаны тағдырдың талқысына түсіп күйзелген пендеге беру ләзім. Ал мешіт қақпасының алдында тұрып алып садақа бермей өткендерге қарызын бермей кеткендей ренжитін кісілерге не дей аламыз... Заманның ағымына байланысты қалайда қолынан келсе бірін-бірі сан соқтырып кетуге дайын адамзаттар қоғамда көбейіп кеткені алаңдатады. Алданғың келмейді-ақ, бірақ еріксіз алданып қалатын кездер болады. Сондықтан өмірлеріңіздің алдыда қандай боларын өзгеден сұрамай, маңдайымызда не жазылса соны көрейік. Айлакерге алданып дана Абай айтқандай «қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмейік!» www.elbirligi.kz

Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу