Қазақтілді балалар сайты неге санаулы?

Қазақтілді балалар сайты неге санаулы?

Ақпараттық технологияның адымдап емес, атпалдап дамыған заманы.«Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады» дейтін болдық. Компьютер құлағында ойнаған ұрпақты электронды тәрбиелеуді өзге елдер мықтап қолға алды. Балалар мен жасөспірім­дер­ге арналған веб-ресурстарды көбейтіп, дамытып жатыр. Ал біздің балаларға ұсынатын қандай базарлығымыз бар? Интернет әлемін шарлап, іздеп көрдік. Жеткіншектерге арналған порталдар саны санаулы екен елімізде.
Өзгелер неге озық тұр?
Атақты әлеуметтанушы Эрик Куэльман «Социалномика» кітабында 50 миллион аудиторияны баурап алу үшін радиоға – 38, теледидарға – 13, ал интернетке бар болғаны – 4 жыл қажет болғанын айтады. Осыдан-ақ ғаламтордың ғаламат күшін бағамдай беріңіз. Алайда біз ойын баласына электронды тәрбие беру тетігін әлі толығымен іске қоспадық. Ал интернет қолданушылардың саны күн санап артуда. Мәселен, өткен жылы ғаламторға қосылғандардың қатары 20%-ға артып, әрбір 100 тұрғынның 53-і желіге тіркеліпті. 
Елімізде мектеп жасына дейінгі – 2,2, мек­теп жасындағы  – 2,5 миллион бала бар екен. Интернетте еркін «жүзетін» ком­пью­тербасты балалар көбейіп келеді. Ендеше оларға арналған қазақтілді са­нау­лы веб-сайттардың бас-аяғын түгендеп көрсек. Өткен жылы «Балбұлақ» балалар электронды журналының www.balbulaq.kz порталы ашылды. «Балапан» телеарнасы­ның www.balapan.kaztrk.kz және www.balalar.ucoz.com, www.balalaralemi.kz, бір­неше балалар мен жасөспірімдер басылы­мын біріктірген www.zhasorken.kz сайт­тары тұрақты жұмыс істеп тұр. Балалар құ­қы­ғына қатысты мәліметтерді www.balazan.kz контентінен таба аласыз. Осы­мен интернеттегі базарлығымыз таусылды десек те болады. Яғни, балалар сайтының шекесі қызып тұрған жоқ. Ал өзге елдер бақшасына ұрлана көз салсақ, олардың баланы жіпсіз өзіне байлайтын, арнайы сала-сала бойынша жасалған сайттарының санынан жаңыласыз.
Масару Ибуканың «Үш жастан кейін кеш» атты бала тәрбиесі туралы кітабында: «Біз балаға назарды үш жастан кейін бөле­міз, біле білсеңіздер қазіргі заманғы зерт­теулерге сүйенсек, үш жасқа дейін бала­ның алдыңғы миының клеткалары 70-80  пайызға дейін дейін қалыптасып қояды», – дейді. Ол алға­шқы үш жылда баланың жеке қасиеті қалыптасатынын қадап айта­ды. Әрине, қазақ баласын бесіктен бастап тәрбие­ле­ген. Бұл тәжірибелердің айтар ойы бір. Жеткіншекті жетілдірудің жолы – түзу тәр­бие. Ал жаһандану ғасырының заңдылығы сол, бала тәрбиені электронды көздерден алуда. Міне, балалар веб-кон­тен­тін дамы­тудың маңыздылығы осында. Шетел тәжі­рибесі жеткіншектерге интернет әлемінде керегін тауып беруге жұмыс істейді. Мәсе­лен, өзіміз көп нәрседе үлгі ететін Ресейдің бұл салада ұпайы түгел. www.detskiy-mir.net, www.murzilka.org, www.barbariki.ru, www.kostyor.ru, www.ru-kids, littlefox.ru, www.tvidi.ru, www.smeshariki.ru деп жал­ғаса береді. Бұл – орыс баласына арналған веб-ресурстардың бір бөлігі ғана. Бала іздегенінің барлығын таба ала­ды бұл жер­ден. Онлайн ойындар, таным­дық дүние­лер, сауат ашу сабақтары, ой да­мы­туға ар­нал­ған тапсырмалар, ертегі­лер, мульт­се­риалдар, отандық фильмдер, бәрі-бәрі осында. Сиқырлы сандықша деуге болады бәрін бір жерге топтастырған. Әмбебап сайттардан бөлек, арнайы сала бойынша жіктеліп жасалғаны қаншама? Мысалы, www.moyashola.com порталы мектеп оқу­шыларының үй тапсырмасын орындауға көмек беретін, мектептегі білі­мін толық­тыра түсуге көмек береді. Біздегі санаулы сайттардың барлығы мектеп жасына де­йін­гі балаларға арналған. Ал ағылшын­дық­тар бұл саланың баяғыда «майын ішіп, жілігін шақты». Тіпті интернет әлемі арқы­лы ағылшын тілін игеруге кө­мек­тесетін сайттар да дайын тұр. Әлемдегі танымал педагогтар www.learnenglishkids.britishcouncil.org, www.pumkin.com сайтта­ры­на тіркелуге кеңес береді. «Ойнау арқы­лы ойлауға» негізделген ойындар арқылы ағылшын тілін үйрететін сайт жұмысы тегін. Ал www.readingladi.com веб-ресурсынан мектеп жасындағы оқушыларға арналған пьесалар мен театрлық қойылымдарды, ағылшын тіліндегі өлеңдерді оңай тауып аласыз. 

Балалар веб-ресурстарын көбейтуге не кедергі?
Қазақтілді кеңістік шеңбері кеңейіп ке­ле­ді. Бір ғана Алматы қаласы әкімінің есе­бін тыңдап, марқайып қалдық. Қаладағы қазақ балабақшаларындағы балалар саны 60 пайыздан асыпты, 216 балабақшаның 81-і қазақ тілінде екен. Олай болса, неге мемлекет тарапынан қазақтілді балалар сайтын көбейтуге көңіл бөлінбей келеді? Әрине, интернет ресурстарын жасаудың өз қиындықтары бар. «Баламен өз тіліңмен емес, өз тілімен сөйлесе» білу қажет. Веб-ресурс жасаудың қиындығы неде? Бар мәселе қаржыға тіреле ме? 

Тимур БЕКТҰР, сайт жасаушы:
– Негізінен, веб-сайт жасаудың бағасы 100 000 теңгеден басталады. Ал 200 000 теңгеге тіпті мықты қылып жасауға болады. Барлық нәрсе тек сайт­­қа келіп тірелмейді. Өйткені  сайттың өзі – технология. Ол тіпті қара­пайым болса да, онда тұрған ештеңе жоқ. Маңыздысы – оның ішіндегі кон­тент, яғни сайттағы мәліметтер. 500 000 теңгеге сайт жасатып, ішінде түк мәлімет болмаса, ол өз функциясын атқара алмайды. Демек, сайт пен оның қаржылық жағдайы көп жағдайда ма­ңыз­ды рөл атқармайды. Әдіскер, пси­холог, осы саладағы тәжірибелі маман барлығы бірігіп сайттың концепциясын жасап, оны біз сияқты сайт жасаушы­ларға әкелсе, түбінде жақсы дүние шығады деген ойдамын. Айталық, мен сайтты бес минутта жасап тастаймын. Ал оның ішіне мәліметті кім салады? Оны кім үнемі жүргізіп отырады? Осын­дай сұрақтардың барлығын сайт жа­сау­шы емес, үйлестірушілер шешеді. 
Әрине, сайт жасай салумен іс бітпейді. Нағыз жұмыс контент іске қосылған соң басталмақ. Ал балалар порталын жүргізе­тін мамандарымыз дайын ба? Негізінен, балалар тақырыбын қаузап жүрген топ контент толтыру мәселесіне бас ауыртпаса керек еді. Тек мемлекеттік дәрежеде қол­дау керек. Оған қоса, жақсы жобалардың бағын ашатын байқау өткізіліп жатқан жоқ. 

Мейрамхан ЖӘПЕК, «Қазақстан РТРК АҚ» веб-ресурстар бөлім бастығы:
– Елімізде балаларға арналған сайт­­тарды жасауға көңіл бөлінбейді деген сұрақ кез келген адамды ойландыруы керек. Бұл саланы игерген мамандар баршылық. Мемлекеттік дәрежедегі меке­мелерде балалардың болашағына бағытталған арнайы жобалар болуы керек. Мамандар осынау жобалар бо­йын­ша жұмыс жүргізсе, сөзден іске кө­шер едік. Балаларға арналған таным­дық порталдардың санын көбейту үшін біріншіден, мемлекеттік дәрежеде мо­ральдық қана емес, материалдық қол­дау керек. Екіншіден, балалар тақыры­бында маманданған мамандарды жи­нап, әртүрлі жобаларды іске жарату­ға бастама көтеру керек. Мейлі, ол жобалар басқа елдерде бар болса да бізге солардың негізінде ұлтымыздың менталитетіне сай, жаңа нұсқа жасап, жүзеге асырған дұрыс. Үшінші­ден, балалар тақырыбына арналған стар­таптар арасында бәйге жариялау қажет. Төртіншіден, балалар блогы бойынша семинар-тренингтер жиі өткізіп, олар­ды осы салаға баулуға тиіспіз. Бесін­шіден, жыл сайын 1 маусым балалар күніне орай, балалар тақырыбына ар­налған сайттар арасында бәйге жария­лап отыру керек.

P.S. 
Британдық биологтар «Әлеу­мет­тік желілерде үнемі отыру ми қызметіне кері әсер етеді, гормо­нальдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұ­ның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді» деп дабыл қағуда. Ал ресейлік сарапшылар ғаламторда экстремистік және террористік сипаты басым 40-­тан астам сайт істеп тұрғанын ай­та­ды. Ендеше мұндай кері әсер­лерге қарсы тұратын танымдық, пайда­лы балалар сайтының саны шек­те­ліп қалмауы тиіс.

«Алаш айнасының» мұрағатынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста