Қазақстанда «жүзі қара» адамдар көбейіп барады...

Қазақстанда «жүзі қара» адамдар көбейіп барады...

Қазақта “сүйегіне таңба болып басылды”, “жүзі қара” деген сөздер бар. Әсілі, бұл сөздің мәні мен мағынасы біз алға тартатын әңгіме ауанынан алыс. Десек те, бір кездері қарғысқа бергісіз сөз, бүгінде қаратпа сөз ретінде қолданыла бастаған. Бұл не айтып кетті дейсіз бе? Жақында көшеде келе жатқан әке мен баланың әңгімесіне сілтідей тынып, үнсіз тұрып қалдым. Бес жастағы бала әкесіне:

- Әке, ананы қараңыз?

- Қайсыны?

- Анау “жүзі қара” адамды...

- Жоқ, балам. Оның жүзі қара емес. Оны татуировка дейді...

Осылайша әкесі “татуировка” деген¬ сөзді түсіндіруге тырысқанымен, “жүзі қара” деген сөзді ұлына ұғындыра алмасын білді ме, әрі қарай үндемеді. Балдырған “жүзі қара” деген ұғымның не мағына  беретінін  білмесе де, “көргеніне тәп-тәуір баға берді” ғой деп өте шықтым. Әдетте тәнге түсіретін арнайы белгілерді малға салушы еді. Қазір де сондай. Бірақ адамға салынған таңбаны біздер “сүйекке түскен таңба” дегенмен байланыстырамыз. Оқырман өзі ойланар деп бұл сөздердің мағынасын  ашып, тәптіштеп түсіндіруді жөн санамадық. Бір білеріміз, қазақ   қыздары  мен  жігіттері өз-өзіне “мөр” басып әлек. (Осы оқиға¬ның куәгер¬і болуым мұң екен...) Қолға қалам алып, “қоғам қасіретіне” айналған татуировка  жайына  тоқталуымыз да  осыдан. 

Тәнге таңба салдырмаңыз... Жуырда ICAO (Inter¬national Civil Aviation Organization) халықаралық ұйымының қағидаттары қайта қаралып, бетінде татуировкасы мен пирсингі бар азаматтар төлқұжат алу құқығынан айырылды. Халықаралық ұйым қатарында Қазақстанның да бар екенін ескерсек, бұл заң біздің елімізге тікелей қатысты.

Былтырдан бері жеке басты куәландыратын құжаттар өзгерген болатын. Естеріңізге салсақ, жаңа нұсқадағы жеке куәліктер 2014 жылдың желтоқсан айында беріле бастады. Жаңа куәліктегі фотосуреттің сапасы да айтарлықтай жақсарған. Мұнан бөлек, азаматтар жеке куәлік алуға суретке түсер кезінде бетінде татуи¬ровка мен пирсингі болмауы керек.

Кейбір субмәдениетті ұстанушылар бұл адам құқығын таптау, қоғамнан шеттету дегенді айтады. Тіпті, олардың арасында бұл атрибуттардан халыққа қызмет көрсету орталықтарында бес минут үшін де бас тарта алмайтындықтарын жеткізеді. Анығында, мұндай талаптардың қолданыста жүргеніне 13 жыл уақыт болған. Сондықтан қазақстандықтардың бірқатар тұрғыны осындай шектеулерге тап болыпты. Сенат депутаттары да бұл мәселеге түрлі пікірлерін білдіріп, сүзгіден өткізуде.

Батыстың бейәдеп дағдысына біздікілер де үйреністі. Осыдан он-он бес жыл бұрын мұндай ұғымдардың өзіне шошына қарасақ, бүгінде қол шошайтатындай дәрежеге жеттік. Анығында одан да қалып барамыз... Көзге көп шалынатын болғасын ба, әйтеуір, мән бермейтінді шығардық. Тәніне татуировка салдыратындарды бұрын-соңды шет елдің кинокартиналары мен бейнеклиптерінде көрсек, қазір бозбала мен бойжеткен біткеннің бірқатары батыстың танымал тұлғаларына ұқсағысы келеді. Бұндай байлам айтуға психолог мамандардың пікірі себепші. Яғни, жастардың көпшілігі еліктегіш, өңін өзгерткіш келеді. Сондықтан теріні тесіп татуировка салдыруға құмар.

Денеге сурет салу үрдісін орта буын өкілдері түрмемен байланыстырады. Қылмыстық әлемде әр айыпталушының өз кескіндері болады екен. Мәселен, зеңбіректің үстіндегі жартылай жалаңаш әйел бейнесі әйелге деген адалдықты білдірсе, тиісінше жалынға жанып жатқан әйел суреті қылмыскердің әйел затын өлтіріп, түрмеде отырғанын білдіреді екен. Сол суреттің астыңғы жағында орналасатын отындар саны оның қанша жыл түрмеде отырғанын айғақтап береді. Егер түрмедегілер тікен сымын салдырса, бұл оның еңбекпен түзету колониясын көрген адам екендігін ескертеді. Туған-туысын жер жастандырғандар әйел адамды алқымынан алып тұрған сурет салдырады. Кекшілдік әрекетімен дегеніне жеткендер болса, тор мен раушан гүлін құп көреді. Ал балта ұстаған аю бейнесі ұрыларға арналады. Мойынға салынған өрмекші торы нашақорлардың белгісі көрінеді. Татудың түрлері өте көп, шамалап айтсақ, олардың саны 300-ден асады. Оның косметикалық түрі де бар. Біздің көріп жүргеніміз белгілі бір мағына бермесе де айтайық...

Екі аттасаң есігін айқара ашып тұратын сұлулық салондарының төрттен бірі теріге тату салып береді. Әрине, нақтыланбаған статистика. Дегенмен, облыс орталығында орналасқан әсемдік салондары сурет салып беруге құлықты. Оған мүмкіндік те жоқ емес. Айталық, қаладағы Әйтеке би көшесіндегі “Афродита” сән салоны татуировканың түр-түрін, татуаждың мың түрін жасап бере алады. Бағасы да қолжетімді. Денеңізге сурет салдыру құны бес мың теңгеден басталып, жүз мыңға жақындауы да ғажап емес. Әрмен қарай суреттің түсі мен түріне, көлемі мен қиындықтарына қарай бағасы да өсе береді. Ал боди-арт, татуаждарды барлық сән салоны жасайды десек те болатындай.

Бағасын естіп, оның құрамына да қызығушылық  таныттық. Сенімді дерек көздерінің айтуынша, бүгінгі татуировкалар химиялық қоспалардан жасалады екен. Бұрын бояуыштар ретінде минералды қоспалар қолданылса, орта ғасырларда охра, сажа, тасты көмір мен киноварь заттары арқылы жасалған көрінеді. Ал бүгінгі күні тату химиялық, синтетикалық жолдармен алынған түрлі палитралар арқылы әзірленеді. Негізі, тату құрамы әр кезде әртүрлі. Аз болғандай елімізде татудың бояуыштарын шығаратын арнайы зертханалар да ашылған. Адам  денесіне түрлі бейнедегі  таңба  салушылар татудан  арылу мүмкін еместігін, таңбадан  құтылу үшін  қыруар  қаражаттың қажет  екендігін  айтады. Мәселен, терідегі таңбаны өшіру  хирургиялық  ота мен лазерлік  сәулелерді  қолдану арқылы жүзеге асады-мыс. Оның өзі евроға шаққанда  70-80 мыңның  о жақ, бұ жағы болады. Дегенмен, “дене суретшілері” таңбаны салынғаннан кейін өшірмеген дұрыс дегенді айтады. Себебі, бұл адам денсаулығына өте зиян.

Татудың денсаулыққа зиян екенін медицина қызметкерлері де қуаттайды. Сондықтан денесіне татуировка салдырушыларға кеңестері де жоқ емес. Тері ауруларына әкеп соғатын әдеттен арылған жөн дегенді алға тартады. Татудың теріні инемен “шанышқылау” арқылы салынатындығын ескерсек, сурет салдыру барысында тазалыққа ерекше мән берген жөн. Өйткені, теріні инемен тесу кезінде теріге түрлі инфекциялар таралуы мүмкін.

Денеге өзгертулер енгізу дінімізде де рұқсат етілмейді. Ислам дінінде денеге сурет салуға қатаң тыйым салынған, оның себебі шариғат бойынша сурет салу немесе салдырудың үкімі - харам. Бітті. Тәнге сурет салу, Алланың жаратқан бастапқы түрін өзгерту болып саналады.

Раушан Базарбай, психолог:

- Психология бойынша тәніне сурет салу, яғни татуировка, бұл бірнеше себептен туындайды: 1. Сексуалдық қанағаттанбаушылықтан, жан күйзелісінен туындауы мүмкін. Мысалы, жанына жақын адамның көңілін аудару мақсатында. Сүйіктісінің көңілін аулау және т.б. 2. Тағы да айтатын болсақ, ішкі дүниенің жетілмеуі, бала кездегі травмалармен де байланыстырамыз. 2-5 жас аралығындағы балаларымыз қарап отырсаңыз, өз денесіне, қолына сурет салуға құмар емес пе? Сол секілді ересек адам да татуировка салдыртса, сол бала күніне қайтып оралғандай күйде болады. 3.Комплекстен арылудың бір жолы деп те қарастыруға болады, немесе өзінің  тәнін жаралау түрімен жаны жаралы екенін көпшілікке ұғындыру. Өзінің әлсіздігін тәніне сурет салу арқылы жасыру. 4.Одан бөлек те себептер болуы мумкін, тәнінде, мысалы, бір жарақат болса, соны жасыру үшін, жара немесе оталық тігісті білдіртпеу үшін. Бұл, әрине, косметикалық қажетілік болады. 5. Ең соңғысы, бұл бұзақылық топтарға қатыстылығын, немесе темір тордың артында болғандығын көрсету үшін жасалатын татуировкалар, яғни өзінің статусын немесе өзінің күшін, ерекшелігін көрсету үшін жасалады.

Қарап отырсаңыз, бұлардың барлығы қоғамның көңілін аудару мақсатында жасалынады. Қай тұсын алсаңыз да, адамдардың ішкі жан жарасын жасыру амалы деп түсіну керек.

Еркін Алдоңғаров, дәрігер дерматокосметолог:

- Татуировка  тері ауруларына, ЖҚТБ, гепатит С, мерез ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Дегенмен, бұл нақыталанбаған. Сондықтан “мүмкін” деген сөзді айтып отырмын. Бұған дейін бірнеше адамның татуировкадан зардап шеккен кездері болған. Бірақ ауру жұқтырғандар нақ сол татуирвкадан ауырды деп айтуға болмайды. Бұл тек болжамдар ғана. Тату жасатушы адам қауіпсіздік шараларын қатаң ескеретін салондарда сурет салдырғаны дұрыс. Алайда абзалы денеге сурет салдырмаған. Ал егер гигиеналық талаптар сақталмаса, онда қан арқылы түрлі ауруларды жұқтырып алу қаупі бар. Тіпті, татуировка жасатқан адамның ағзасында созылмалы тері аурулары бар болса, мұндай  әрекеттерге бармаған орынды. Өйткені, бұл аурудың  асқынуына  себепші  болады.

Бақыт Ұлжаев, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы:

- Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше хадисінде денеге сурет салуға қатаң тыйым салады. Соның бірі Сахих Муслимнен жеткен хадисте: «Алла Тағала денеге сурет салғандарды да, салғызғандарды да лағынеттеді...», - делінген.

Тағы бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар[2], сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады»[3], - дейді.

Ендеше, мұсылман кісі аталмыш әрекеттен бойын аулақ ұстағаны дұрыс болады. Татуировка жасатудың рұқсат емес екені хадис шәрифпен білдірілді. Жасатып қойған адамның тәубе етуі және енді жасатпауы керек. Татуировка терінің үстінде бір қабат пайда  қылмай, терінің астынан жасалатындықтан ғұсыл мен дәретке кедергі болмайды. Терінің үстіне жасалған болса да, оңайлықпен өшіру мүмкіндігі  жоқ болса, сонда да дәрет пен ғұсылға кедергі болмайды.

P.S. Көп көсілмей, дәлдігіне дендеу жөн-ақ.  Алайда денсаулыққа зиян, дінімізде  де рұқсат етілмейтін әрекетке бейжай қарап отыра алмайтынымыз анық. Мұндайда нақты бір шешім ұсыну қиын. Себебі, “өзім білем” дейтіндердің қатары көп. Өзіңіз біліп өзекті өртеген өкінішті жағдайға ұшырап, бармақ тістеп қалмасаңыз жарар еді. Тәндегі таңбаны сұлулыққа балайтындарға айтарымыз, сыртқы емес ішкі сұлулыққа назар аударған жөн. 

"Халық" газеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста