Қай елдің телеарнасын көріп жүрміз?

Медиа зерттеулер жүргізетін TNS Gallup Media компаниясының дерегі бойынша, бүгінгі таңда еліміздегі көрермендердің 8 пайыздан астамы «Қазақстан» ұлттық арнасын көреді, 4 пайыздан астамы ғана «Хабар» арнасын қарайды.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты тәулік бойы жүргізіп отыр деген 24kz телеарнасы аудиторияның 1 пайызын ғана иеленіп тұр. Бұдан өзге мемлекеттік арналар аудиторияның 13 пайызына ғана ақпарат таратуда. Ал көрермендердің қалған бөлігі отандық коммерциялық және шетелдік телеарналарды тамашалайды. Көрермен отандық арналарды неге көрмейді? Әлде мемлекеттік арналар сұранысқа сай телеөнім ұсына алмай отыр ма? Жаһандану заманында ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі БАҚ-тың рөлі қандай? Осы және өзге де мәселелер «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында айтылды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев төрағалық ететін «Мирас» қоғамдық кеңесі жыл басынан бері өзекті деген түрлі тақырыпта отырыстар өткізіп келеді. Ал кешегі басқосу қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі түйткілді мәселелеріне арналды.
«Жаһандану заманында біздің ұрпақты көгілдір экран мен интернет тәрбиелеп жатқандығын жасыра алмаймыз. Біз дамыған елдер қатарына қосылуымыз керек, жастарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет дейміз. Осынау биік мұратқа жетудің басты құралы – төл мәдениетіміз бен әдебиеті-мізді, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына дұрыс жеткізу. Сондықтан бүгінгі таңда көгілдір экран алдындағы көрермен қандай ақпаратпен сусындап, дүниетанымын қалай қалыптастырып жатыр деген мәселе мемлекеттік маңызға ие болып отыр» деді Мәулен Әшімбаев.
Отырыста негізгі баяндаманы жасаған Бекболат Тілеухан аутсорсинг мәселесіне назар аударды.
«Аутсорсинг қызметін тұтынатын телеарналар телеөнім өндіретін компания-лардың техникалық, кадрлық мүмкіндіктерін ескермей жатыр. Ешқандай тех-никасы мен штатта кадры жоқ компаниялар миллиондаған сомаға тапсырыс алып отыр. Аутсорсингке бөлінген қаржының игерілу жағын бақылауда да әлсіздік танытып жатырмыз. Бұл телеөнім сапасына кері әсер етеді. Сосын идеологиялық жағы бар. Себебі аутсорсинг жүйесінде бәсеке төмен, бұл жүйе мемлекеттік сатып алу тәртібінен тыс жүзеге асырылады» деді Б.Тілеухан.
Ал «Хабар» арнасының продюсері Меруерт Құмарова мемлекеттік телеарналар жұмысы трансформациялауды қажет ететінін айтады.
«TNS Gallup Media Azia агенттігінің дерегіне сүйенсек, спутниктік және ка-бельдік арналарға қосылуға мүмкіндігі бар Қазақстан тұрғындарының 40 пайызы ғана отандық арналарды қарайды. Жалпы, қазақстандық телеаудиторияның көлемі шамамен 7 миллион адамды құрайды. Бұдан бірнеше жыл бұрын телеарналардың аудитория жинау көрсеткіші, тіпті төмен болатын. Бүгінгі таңда аз да болса телеарналарда рейтингте ілгерілеу байқалады» дейді.
Оның айтуынша, отандық телеарналарда ақпараттық-ағартушылық функция-лардан гөрі ойын-сауықтық бағытқа ойысу айқын байқалады.
«Музыкалық әзіл-сықақ шоу бағдарламалар негізгі басымдыққа ие. Тіпті прайм таймға қойылған ойлы, интеллектуалдық азаматтарымызды алға жетелейтін телебағдарламалар мүлдем жоқ деуге болады. Бүгінде Елбасының басымдық беріп отырған бизнесті дамыту мәселелеріне бүкіл отандық телеарналарда небәрі 4 бағдарлама жасалады. Бір аптада 19 ойын-сауық хабары, 14 ток-шоу, 24 ресейлік хабар, 10 таңертеңгілік бағдарлама эфирге шығады. Әйелдерге, тұрмыс-тіршілікке, ас дайындауға арналған 11 хабар апта сайын көрсетіледі. Бұлардың көпшілігі күнделікті бағдарламалар. Ал туризм, бизнес, патриотизмге, денсаулыққа, әдебиетіміз бен мәдениетімізге арналған хабар тіпті аз. Қазір қай арнаны алмаңыз, әншілеріміз ақыл айтып отырады. Шетелдік арналарда БиБиСи, СНН болсын, кімдер ақпарат таратып, кімдер сараптама жасайды, бәрі – қырықтың қырқасынан шығып, ақыл тоқтатқан адамдар. Ойы орамды, сөзі өтімді. Бізде көпшілігі, тіпті бәрі десе болады, тәжірибесі жоқ, бет-әлпеті сүйкімді болғанымен, тоқтаусыз көп сөйлейтін жас-тар. Отандық телеарна тәжірибесінде ойын-сауықтық бағдарламаның жүргізу-шісі бір-екі жылдан соң апталық-сараптамалық бағдарламаның тізгінін ұстауы мүмкін. Қазір отандық телеарналарда Сағат Әшімбаев, Камал Смайылов, Шерхан Мұртаза сынды мегатұлғалар жетіспейді. Олар ақпарат беріп қоймай, бәрін жіліктеп түсіндіріп беретін. Ойлы сөйлейтін тележүргізушілер жоқ» дейді М.Құмарова.
Оның айтуынша, жуырда Алматыда халықаралық кітап көрмесі өтіп, онда біздің елде басып шығарылған «Бабалар сөзі» 100 томдығы таныстырылды. Шетелден келген қонақтар осы жобаға таңдай қағып, таң-тамаша болыпты. «Мұндай кітапты құрастырып, басып шығарушыларды бастарыңызға көтерулерің керек» депті. Алайда, осы шараға отандық арналардың бірде-бірі бас сұқпапты.
«Мемлекеттік телеарналардың басты функциялары ақпарат беру, ағарту, көңіл көтеру болуы тиіс. Осы аталған үшеуі де маңызды. Бірақ ақпарат беру мен ағартуға басымдық беріп, одан кейін ғана көңіл көтеру функциясына мән берген жөн. Осы ретте шетелдік телеарналардың тәжірибесіне сүйенген жөн» дейді «Хабардың» өкілі.
Бұл сөздің жаны бар, өйткені бүгіндері телеарналардан берілетін телеөнімдердің бос кеңістігін ойын-сауық пен шетелдің сериалдары ғана толықтырып тұр. Мысалы, «Хабар» телеарнасының эфирлік уақытының 2 сағаты бағдарламалар бөлімінде дайындалады. 4 сағат тележаңалықтар еншісінде. 5 жарым сағат аутсорсингтік бағдарламаларға берілген, 6 сағаттан астамы түрлі фильмдер мен сериалдардан тұрады. 80 минуты Ресей мен Украинадан сатып алынған өнімдермен жабылады. Ал «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирлік уақытының 6 сағаттан астамын өз бағдарламалары құрайды. Бұған 3 сағатқа сыйдырылған жаңалықтарды қосамыз. Фильмдер мен сериалдар 5 сағатты алады. 5 сағат аутсорсингке берілген бағдарламаларға тиесілі. Коммерциялық телеарналар эфирінің негізгі бөлігін алуан түрлі орыс, түрік, кәріс және үнді елінің сериалдары құрап отыр. Өздерін «Қазақстанның бірінші арнасымыз» деп таныстырып жүрген «Евра-зия» телеарнасы бір тәулікте 8 сағат бойы ресейлік бағдарламаларды көрсетеді екен!
Міне, осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін «Мирас» қоғамдық кеңесі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді жаңа сатыға көтеріп, мемлекеттік БАҚ жауапкершілігі мен журналистің әлеуметтік мәртебесін айқындау мақсатында Мемлекеттік ақпараттық саясаттың жаңа концепциясын жасауды ұсынады. Сонымен қатар отандық, мемлекеттік арналардың таралымын, қамту аумағын кеңейту қажет деген пікірде. Мемлекеттік БАҚ-ты рейтинг жүйесінен ажырату керек дейді. Рейтинг демекші, америкалық ғалым Джонсонның рейтинг жүйесіне қатысты айтқан мына пікірі біз үшін құнды: «...теледидарды қосып қойып, көрермен онда болып жатқан хабармен дискуссияға түсетін болса, нағыз көрермен – осы. Көрсеткішті солай анықтау керек». «Мирас» қоғамдық кеңесі «мемлекеттік телеарналар қызметін рейтингке емес, көрерменнің пікіріне жүгініп, солардың сұранысына сай келетін мемлекеттің идеологиясын жүргізіп, қоғамдық сананы қалыптастыратын бағдарламалардың көбеюіне жұмыс істеуі керек» дейді.
Сондай-ақ Отау-ТВ-ның базалық пакеттерін қайта қарастыруды да ұсынып отыр. Құзырлы органдарда «ақыл-ой» орталықтарын құру арқылы ақпараттық саясатты сүйемелдеудің медиажоспарлары тұрақты және тиянақты әзірленсе деген де ұсыныс бар. Ақпараттық саясаттың жүзеге асуын қадағалайтын қоғамдық бақылау кеңес құрылса, Қазнеттің статистикасын өңдейтін методологиялық құрал жасалса, аймақтағы мемлекеттік БАҚ-тарға семинар-тренингтер өткізілсе деген де ұтымды ұсыныстар айтылды.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста