Орган сатамын, орган!

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Сәлеметсіздер ме мен еріксіз өз бүйрегімді сатуға мәжбүрмін. Тез арада ақша керек. Жасым 21-де, денім сау, темекі тартпаймын. Ғаламатордағы осындай жарнамалардан көз сүрінеді. Тіпті донор іздеп жүрген  науқас пен бүйрек сатқысы келетін азаматтарға дәнекер болатын делдалдар да пайда бола бастапты. Бізге тез арада донор мәселесін реттейтін заңнама қажет. Әйтпесе, әлдебір пысықайлар оңай олжаны пайдаланып, жасырын бизнесті дөңгелетіп әкететін түрі бар. 
Ғаламторда органдардың саудасы қызып тұр. Қалтаңыз қалың болса, кез-келген органды шертіп жүріп таңдап аласыз. Міне, қараңыз! Бүйрек – 30 -100 мың доллардан. Мотор-жүрек 60 мың доллардан жоғары. Бауыр 50 мың доллардың төңірегінде. Жұлын керек болса, 30 мың долларды дайындасаңыз болды. Әрине, сұраныс бар. Әсіресе, бүйрекке зәрулік артып отырғанын байқау қиын емес. Оның үстіне бір бүйрекпен өмір сүруге болатынын жақсы білетін донорлар қаржыдан қысылғаннан осындай әрекеттерге барып жүр. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінде ОҚО-да 300-ге жуық науқас бүйрек трансплантациясының кезегінде тұр. Сала мамандары мұндай оталарды іске асыруға қазір отандық медицинаның қауқары жетеді дейді. Мамандардың біліктілігіне де сенім артуға болады. Алайда, донорлықтың түйіні тарқатылмай тұр. Себебі, кез-келген науқастың әлгіндей бағаға орган сатып алуды қалтасы көтермейді. Әйтсе де былтырғы жылдың наурыз айнынан бастап өңірде 19 адамға бүйрек трансплантациясы жасалған. Дәрігерлер мұны жергілікті халықтың бауырмалшылдығымен түсіндіреді. Бүйрегі ауыстырылғандардың барлығына да донор  - ата-анасы, туған-туысы болған. Отаны іске асырған №2 Шымкент қалалық Жедел жәрдем ауруханасы қызметкерлерінің сөзіне сенсек, қос бүйректі бөліскен жандардың жағдайы қазір жаман емес. Мүгедектік алған ешкім жоқ. Жалпы, дәрігерлер бір бүйрекпен қалыпты жағдайда өмір сүруге болатынын және отадан кейін ешбір органның функциясы бұзылмайтынына сендіреді. Дегенмен, трансплантациялық операцияға дейінгі процестің науқасты да дәрігерді де қажытатыны жасырын емес. Орган берушінің денсаулығын тексеру бірнеше сатылы медициналық сараптамадан өтеді. Органның сәйкестілігі де маңызды. Осынау отаны жасап жүрген дәрігерлердің сөзіне қарағанда, донордың жынысына да көңіл бөлінеді. Сала мамандары жалпы, донорлыққа  денсаулығында кінараты жоқ, салауатты өмір салтын ұстанатын ер адам таңдалуы тиіс деп кеңес береді. Дәрігердің басы екеу емес, донордың келісімі де жан-жақты тексеріледі. Елімізде мұндай түйткілдер заңдық тұрғыдан жүйеленбегендіктен, әзірге бар тауқымет сырқат жанның тарапына жүк салуда. Осындай ауыртпашылықтарды күнгей жерінде ең алғаш болып, шымекенттік тұрғын Асқар Қарабеков бастан өткерді. Ең алғаш бүйрегін ауыстырған азамат ағзаға зәрулікті жақсы түсінеді. Ол қазір  халық арасында донорлықты насихаттайтын "Өмірге - үміт" атты қоғамдық бірлестік ашудың қамымен жүр. Жаны жаралыларға көмек қолын созуды жолға қоятын ұйымды қолға алған ол " о дүниелік болып кетсем, орган қажет ететін науқастың керегіне жарауға дайынмын" дейді. Және өзіне ниеттес азаматтардың құрамын жасап, елімізде донор мәселесінің шешуге мұрындық болмақ. Адам ағзасында бүйрек екеу, сондықтан да бір бүйректі беріп, бір бүйрекпен өмір сүруге болатынын жоғары айттық. Бауырды да теңдей бөлісіп, күнелтіп жүргендер бар арамызда. Ал жүрек жалғыз, оны ауыстыру керек болса, не істейсіз, әрине донор іздейсіз. Асқар Қарабеков дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жүрекке зәруліктің шешімін табуды ойластырып отыр. Оның пікірінше, өркениетті қоғам өкілдері үзілер шағында дәрігерлер сау деп тапқан органын мәйітханаға өткізуге келісім беріп кету қажет деп санайды. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша жүрек трансплантациясының кезегін әртүрлі жүрек ақауы бар 22 адам күтіп жүрген болса, 19 науқас бауыр алмастыруға үмітті.  
Дегенмен, бүгінгі қоғам трансплантациялық оталарға оң көзқарас таныта алмай отыр.  Өйткені біздің халықтың менталитеті, наным-сенімі өлім аузында жатқан туысының органын пайдалануға келісімдерін беруге кедергі келтіреді. Мұндай келісім Ислам дінінде де құпталмайды. Әйткенмен, мұқтаж адамға ағзаны қайырымдылық жасауға қарсылық жоқ.
Қазыбек САРЫБАЕВА, Ә. Қаттани мешіті имамының орынбасары:
- Ислам ғұламалары шариғатта бір ғана жағдайда, яғни мұқтаж жанға өз мүшесін қайырымдылық жасауға, садақа ретінде беруге болатынын айтады. Науқас бері қарағаннан соң, донорға ризашылығын беріп, садақа беруіне де болады. Жалпы, адамның бүкіл дене мүшесіне Алла тағала ғана иелік етеді. Үзіліп бара жатқан адамның органын туған-туыстарының келісімінен өзге бір мұқтаж науқасқа беруге болмайды. Егер, марқұм көзі тірісінде сауап үшін өз келісімін берген болса ғана мүшені алуға рұқсат беріледі. Жалпы, адамның денесі тірі кезінде қандай сыйлы болса, өлі кезінде де сондай мүбарак болуы қажет.
Орынкүл НАРМАНОВА, Шымкент қалалық Жедел-жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары
- Трансплантациялық отаның машақаты көп. Себебі, елімізде бұл саланы реттейтін заңнама жоқ. Соның салдарынан отандық медицинаны дамытуда маңызы зор трансплантация саласын дамыту мүмкін болмай тұр. Донор мәселесін шешетін уақыт жетті. Себебі, ағзаға зәрулік жыл өткен сайын артып келеді. Сондықтан бұл мәселеге бүгінгі қоғам түсіністікпен қарауы тиіс. Бір ғана мысал, қазір бүйрекке зәру 300 науқас мүгедектің күйін кешіп жүр. Олар не дұрыстап тамақтана алмайды, зәр шығаруы қиын болғандықтан, қара суды да шектеуге тура келеді. Аптасына үш рет ауруханаға сабылып, ем-дом алу нұсқалған. Мұның барлығы қоғамға өзінің кері әсерін тигізіп отырғанын көріп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста