Немістер әйелдерді қалай азаптаған?

Немістер әйелдерді қалай азаптаған?

Ұлы Отан Соғысы жылдары соғысқа қатысқан азаматтар санының 34 476 700-ге жеткені мәлім. Соның 11 944 100-і қаза болған.
Енді соғысқа қатысқан әйелдерге келсек, 1941-1945 жылдар аралығында олардың қатары 1 миллионға жуықтаған екен. Оның 80 мыңы – офицер шенін алғандар.
Деректерге жүгінсек, бес жыл бедерінде Орталық әйелдер снайперлер мектебі 1061 мерген мен 407 мергендер жаттықтырушыларын дайындап шыққан. Аталған аты әйгілі мектептің түлектері сұрапыл соғыс жылдары 11 мыңнан астам жау әскері мен офицерлерді жер жастандырды дейді тарих беттері.
Ал орта және кіші медицина қызметкерлерінің саны сол жылдары 2 миллионға жуықтаса, соның 80 пайызы әйелдер.
Ер азаматтармен иық тірестіре жүріп, қан майданда от кешкен әйелдердің 95-і Кеңес Одағы Батыры атағына ие болғандар. Соның екеуі біздің қара көз қыздарымыз, яғни баршамыз жақсы білеміз, Әлия мен Мәншүк. Әрине, мұндай жоғары атаққа лайық қыздарымыз аз емес еді, өкінішке қарай, талайының соғыстағы ерліктері өз бағасын алмады.
Соғыс жылдарының енді-енді ашылып жатқан құпиялары жоқ емес, мәселен, соғысқа қатысып жүрген әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген офицерлер аз болмаған екен. Мұндай көлеңкелі тұстарды Ұлы Отан Соғысына қатысқан әйелдер арада бірнеше ондаған жылдар өткенде ашық айта бастайды.
-Қыс айлары болатын. Кешке қарай мені полк командирі шақырды. Ішіп алған екен. Ойламаған жерден тарпа бас салып, шешіндіре бастады. Мен шамамның келгенінше қорғанып бақтым. Бір кезде ол ординарецті шақырды. Азғынданып кеткендері соншалық, екеулеп шешіндіре бастады. Менің жанұшыра айқайлаған дауысымды олар жалға алып тұрып жатқан пәтердің иесі естіді де, сол көмекке келді. Міне, осылай, соғыс тек қару-жарақ пен танкі, майдан даласы ғана емес.., - деп еске алады Зина Сердюкова барлаушылар ротасының старшинасы.
Десек те, бес саусақ бірдей емес, «қару асынған әйелдерге құрметпен қарап, бірін қарындасындай, бірін әпкесіндей жау оғынан арашалап қалған ер-азаматтар аз болған жоқ» деп жазылған тарихи естеліктер де баршылық.
Нәзік жандыларға әсіресе тұтқынға түскенде қиын болған. Адам төзгісіз жағдайда қамауда отырған әйелдерді азаптауда немістер неше түрлі әдістерді қолданған. Аюандық зорлық-зомбылыққа шыдай алмай, өзін өзі өлтірген әйелдер қаншама! Көпшілік әйелдерді СС жандайшаптары еш уақытта бала тумайтындай етіп жатырын стерилдеп тастаған.
Ең сорақысы, концлагерде асқан қатыгездікпен жасалған азаптаулардан азат етілген отандастарымыз еліне жылап оралғанда оларды одан өткен бейнет күтіп тұрды. Мұндай жандардың арасында әйелдер аз болған жоқ. Мұны тарихтан жақсы білеміз. Кейбіреулері тек Сталин өлген соң ақталады.
Негізі ежелгі заманда «соғыс - тек ерлердің ісі» деп, оған әйел адамдарды еш араластырмаған, яғни әйелге ана, ұлт жалғастырушы деп қараған. Осы негізде әйелдерді жаудан қасық қандары қалғанша қорғаған. Орыс тарихшылары бұл тұрғыда «ұлты басқа Сталин, Каганович, Берия, Микоян сындылар орыс әйелдерін де, өзге ұлт өкілдерін де еш аяған жоқ» деп, оларды қатты сынға алады.
Біреу білсе, біреу білмес, немістер өз әйелдерін майдан даласына жібермеген. Олар тек жеңіл-желпі қосалқы жұмыстарды ғана атқарған. Сондықтан да болар, Гитлер әскері Кеңес Армиясы қатарындағы сан мыңдаған әйелдері көріп таң қалған деседі.
Қалай дегенде де, ұрпақтары сурылып алға шығып, қан майданда жаумен жанкештілікпен арпалысқан отансүйгіш қыздарын еш ұмытпайды, олардың қиян-кескі ұрыста бейбіт өмір үшін қалай күрескені тарихта мәңгі қалмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста