Мың палуанды жеңген Нұрқадыл ақсақал туралы естіп пе едіңіз?

Үйдің жақсы болуы ағашынан, Жігіттің жақсы болуы нағашыдан дегендей Нұқаңның палуан болуы нағашы жұртына тартқан алып денелі анадан туған нағыз алып жігіт еді. Жастайынан-ақ жылқыларды жалынан тырп еткізбей ұстап жүгендеп жүрген Нұрқадыл көзге түссе бастайды. Төлек руының палуандары Қалден, Ордахан, Қаматайлар Нұрқадылдің келешек палуан боларын сезіп, оны өз бауырларына тартып баули бастайды.
Тоқтарбай ұлы Нұрқадыл 1925 жылы Улаанхус өлкесінің Қызылтөбе маңындағы домбырашылдығымен танымал Бейіс зәңгі (Бешең, Қалақша) ауылында дүниеге келген. Әкесі әділ де турашыл, бірбеткей, халқына, әсіресе, ауылдастарына беделді адам болған. Азғана мал дәулетін қанағат тұтып, оны бағып, қағып өсіріп және де іскерлікпен шұғылданатын адам еді. Нұрқадылдің анасы атақты Қырыққанбас Назар батырдың қарындасы. Ол Алтайда қыз күнінде жігіттермен жарысқа түсіп, жеңіске жетіп жігіттерді тізе бүктіріп, жауырындарын жерге тигізген қыз палуан атанған алып денелі, нагыз мықтылардың мықтысы болған. Осы палуан қыздың Азанбай, Түсіп деген екі бауыры болган. Олар Алтай, Ховдаға аты жайылған жауырындары жерге тиіп көрмеген палуандар болса керек..


Нұрқадыл ақсақал
1944 жылы Улаанхус сұмынында Естімес ұлы Садуге ас беріледі. Ас берудің 2-күні ас-судан соң ең атақты Төлек, Саңырау руының палуандары барған екен. Төлек жағының жігіттері жас бала Нұрқадылді ертіп барыпты. Сонда Моңғол күреспен 40-тай палуан белдесіп, 1-орынға Р.Қаматай, 2-орынға Ойғыр сұмынының Тотпақ палуаны, 3-орынға бала палуан атанған Нұрқадыл иеленіп халық қошаметіне бөленеді. Соның алдындағы бірнеше жыл бұрын Баян-Өлгий аймағы орнауының 4 жылдық тойында соңғы 4 палуанның біріне қалып елге танылған. Осыдан кейін-ақ оның атағы халыққа жайыла бастаған. 1951 жылы халық төңкерісінің 30 жылдық тойына орай Улан-баатарга шақырумен барып, 1024 палуанмен белдесіп, 5-кезеңде қарсыласын жығып, Моңғол елінің ұлттық күресінің арнайы Лашын деген атаққа ие болды. Моңғолиядағы аз қазаққа мерей болып сондағы қандастарын спортқа әсіресе күреске деген қызғушылығын оятқан спорттық жеңістерінің бірі еді. Содан былай 1951, 1952, 1953, 1954, 1955 және 1962 жылдары Баян-Өлгей аймағында 6-рет ағалап ерен күш иесі екенін дәлелдеген еді. 1951 жылы Улаанбаатардағы күресте Хөвсгөл аймағының мемлекеттік Лашын Ванчиді жығып моңғол палуандарын сескендіреді. Кей жылдары еліміздің қала аймақтарынан палуандар Нұқаңды жықпақ болады. 1952 жылы Увсы аймағынан Гэлэг Баян-Өлгийге келіп Нұрқадылға шамасы жетпей жығылып қайтса, 1964 жылы Ховда қаласының 200 жылдық тойында болған палуандар сайысында соңғы төртте қалып, күш иесі екенін танытады. 1969 жылы аймағымызда өткен палуандар масшықатында Моңғол елінің чемпионы Б.Тувдэндоржыны жыққан. Нұрқадыл алып күш иесі болумен қатар қоғамдық еңбекке нағыз мықты өз ісіне төселген жан болды. 1944 жылы Улаанбаатардан сауда техникумын үздік бітіріп мамандығы бойынша аймағымыздың Буянт сұмынында есепші, Улаанхус, Ойғыр, Өлгий қатарлы жерлерде 42 жыл жемісті еңбек еткен. Нұқаңның еңбегі кезінде бағаланып келді. Еңбек құрмет медалымен 2 рет, Халық төңкерісінің 25,40,50 жылдық мерекелік медальдар, үкімет орнауының құрмет грамотасы, қаржы-қаражат саласының бірнеше рет сый құрметіне бөленген. Оның қажырлы алып күш иесі болғаны еліміз бен аймақ тарихында ерекше орын алуда. Өз дәуірінің танымал ел қадірлеген спорттық түлғаларының бірі еді. Нұрқадылдың спорттық табыс, еңбегін жас ұрпаққа насиқаттау үлгі тұту мақсатында Баян-Өлгий аймақтық спорт комитеті жыл сайын Нұрқадыл атындағы Моңғолдың Ұлттық күресінен аймақтық Чемпион сыналту жарысын жүргізу дәстүрге айналып келеді.
baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста