Мөде қағанның Қытай патшайымына жазған хаты
Ұлт порталының оқырмандарына біздің дәуірімізге дейін 176 жылы Ғұн елінің баһадүр қағаны Мөде шаньюйдың Хан елінің хуандиі Вэндиге жолдаған хатын жариялап отырмыз. Бұл хатта көшпенді бабаларымыздың асқақ рухын, далалық ердің жігерлі болмысы сезіледі. Мархабат!
"Тәңір тектес Ғұн қағанытының ұлы шаньюйы Хан елінің хуандиінің амандығын сұрайды. Өткен жолы алдыңғы хуанди Ғұн еліне хат жолдап бейбітшілік келісімге келіп едік.
Екі жаққа да тиімді болуы үшін мен бұл шартты қабыл алып едім. Хан елінің шекара шенеуніктері біздің Оң қолдың жүки төресін мазақтап шамына тигендіктен ол маған айтпай Илихоу қатарлы серіктес нояндарының ақылымен дауды сіздердің шекараға еніп шешпек болғандығы біздің арамыздағы шартты бұзып, туыстық байланысымызды үзіп, Хан елін ыңғайсыз жайға ұшыратқан екен.
Содан бері Хан елінен бірнеше рет хат алып, жауап жолдағаныммен біздің елшіміз қайтып келе алмай, сіздің елшіңіздің де еліне қайта алмай жатқандығы екі жақты да алаңдатуда шығар.Келісімді бұзған бағыныштыларды жазалау шарттарына байланысты Оң қолдың жүки төресін мен Юэжи аймағына жорыққа жіберіп едім.
Тәңірдің қолдауы арқасында батыр сарбаздарым мен арғымық аттардың күшімен Юэжи аймағын бағындырған екен.Осылайша мен Тәңірдің жарлығы мен батыр сарбаздарымның арқасында, арғымақ аттың күшімен көршілес Лоулань, Үсүн, Хүсе қатарлы алыс-жақынның үлкенді-кішілі 36 елін біріктіріп өзіме қараттым.
Қазір олар ұлы Ғұн елінің қоластында бірікті. Осылайша ұлы даланың садақ асқан халқының барлығы бір шаңыраққа сиысып, Ұлы дала аумағында бейбітшілік орнады. Сол себепті мен асыл қылышымды қынына, ысқыратын садағымды қорамсағына сала тұрайын жеп отырмын.
Аттарымды жайылтып, батырларымды үйді-үйіне аттандырып, ұсақ-түйек шаруаларымды кейінге қалтырдым. Шекарадағы халық бұрынғысынша бейбіт өмір сүруі үшін өткенді ұмытып, арамыздағы татулық келісімін естен шығармай жүріңіз. Бала-шаға өсіп жетіліп, қарттар тыныш өмір сүріп өтсін. Құда-құдандалы ағайын-туыс бәріміз тыныш өмір сүріп жырғайық.
Хуандидың пікірін әзір ести алмай отырғандықтан ланьжун төре Сидуцянды елші ретінде осы хатпен бірге бір түйе, екі мініс ат, арбаға жегетін төрт сайгүлік ат беріп жібердім. Егер ғұндар сіздің шекараға таяу қиындықтыр туғызып жатса
Сіз өз бодандарыңызға шекарадан алыстау, ішкері қоныстануын бұйырыңыз."
Дерек көзі: Н.Я.Бичурин “Собрание сведений о народах, обитавших в средней Азии в древние времена” Том I-III. г.Москва, 1950 г. 54-55-бет