Ерлігі еленбей қалған қазақ солдаты

Ерлігі еленбей қалған қазақ солдаты

Сейтжаппар Имашұлы 1924 жылы Оңтүстік Қазакстан обылысы Созак ауданы Қаратау калхозында шаруа отбасында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Алғашында Ашхабад қаласында, кейін Ақмола қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Сол жылы Вьязма қаласында 39-атқыштар полкінің құрамында соғысқа араласады. Смоленск, Витбск, Брянск, Орша бағытында шайқасқа түседі. Көптеген елді-мекендерді, қалаларды неміс басқыншыларынан азат етуге қатысады. Қазақ даласынан барған 17-18 жастағы бозбалалардың көбі соғыстың алғашқы күндерінде-ақ көз алдында қаза болады. Соғыста болға әр күні қарияның жадында өшпестей болып жазылып қалған. Бұл күнде қарт жауынгердің жасы 91-ге толып отыр. Сол күндерді қария былай деп еске алады:

«Таң алдында алғы шепке келген біз бораған жау оғының астында қалдық. Жау бас көтертпейді. Бас көтерген жауынгерлер бірінен соң бір оққа ұшып жатты. Жауынгерлерді алға бастамақ болған рота командирі де оққа ұшты. Ротаны басқаруды қолға алған командирдың орынбасары маған «соңымнан ер» деді. Орыс тілін толықтай түсінбесем де, ишарамен бір-бірімізді ұғынамыз. Командирдің соңынан еріп, окопқа секіріп түстім. Ол бас көтермеуге бұйрық беріп, жау пулеметшісінің қай жерде жатқанын айтты. Менің елу метр жерден сіріңке қорабын атып құлататынымнан хабардар аға лейтенант маған фашист пулеметшісінің көзін жоюды тапсырды. Жау атқышының қай түста тығылып жатқанын білгенмен дәл көре алмадым. Өйткені басыңды сәл көтерсең оққа ұшасың. Сондықтан алғашқы, шамалап атқан екі оғым мүлт кетті. Енді орын ауыстыру керек. Келесі позицияға ауысқанда командир тапаншасын кезеп, «басынды көтеріп, ат» деп бұйрды. Егер жау пулеметшісінің көзін жоймасам, мені атып тастайтын түрі бар. Басымды көтергенде, бұтаны қалқалап біздің солдаттарды мұрттай ұшырып жатқан жаудың атқышын анық көрдім. Сәт жібермей басып салдым. Пулеметттің үні сап тыйылды. Командир «молодец солдат!» – деп, арқамнан қақты. Пулеметтің үні өшкен соң біздің солдаттар алға ұмтылды. Біз командирмен бірге жер бауырлап жау пулеметі орналасқан жерге жеттік. Пулемет жанында фашист солдаты өліп жатты. Оқ дәл бастан тиген екен. Жау солдатын олай-бұлай аударып қараған аға лейтенант «Ох... немецский герой! Разведчик» – деп таңданысын жасырмады. Жау солдатының кеудесіндегі толған ордендер мен медальдарды, төс қалтасындағы құжаттарды командир сөмкесіне салып алды. Фашистің қолынан шешіп алған сағатты «золото» деп, маған ұсынады. Әкем «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деп жиі айтатын. Мен командир ұсынған алтын сағатты алмадым. Командир «жасаған ерлігің үшін саған алғыс жариялаймын. Сені жоғарғы наградаға ұсынам» деді. Алайда, маған ешқандай марапат берілмеді. Кейін ауыр жарақат алып, Калуга қаласындағы әскери госпитальге түстім. Сол жерде жатқанда біздің командирдің орденмен марапатталғанын естідім. Қасымда жатқан жауынгерлер «сенің ерлігіңді өзіне жазып, саған тиесілі орденді өзі алды, орыс жігіттерге өтініп, жоғары жаққа жазайық, біз бәріміз қол қоямыз» деді. Бірақ мен «аман-есен еліме оралсам, мен үшін сол олжа» – деп, келесім бермедім.
«Орша қаласын азат ету барысындағы Совет әскерлерінің жанқиярлық ерлігі, қайсарлығы бұл күнде аңыз. Сол аңызға баланған ерлікте менің атамнын да қосқан үлесі бар. 1944 жылдың алғашқы айларында, келесі бір елді-мекендерді жаудан азат ету кезінде атам оң иығынан ауыр жарақат алады. Ұзақ емделіп, Ұлы жеңістің алдында елге ІІІ топтағы мүгедек болып оралады. Ұлы Отан Соғысындағы ерлігі үшін І дәрежелі ҰОС орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Елге келген соң колхозда, совхозда табысты еңбек етті» дейді ардагердің немересі Жандос.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында қарт жауынгер Тәуелсіз Қазақ еліне «Біз көргенді көрмендер» деп бата берді.

Соғыста нені көрмедік,
Аман келдік өлмедік.
Опасыз жауыз неміске,
Ел үшін қылыш сермедік.
Қаншама қан төгілді,
Опасыз жауыз жеңілді.
Адалдың ісі оң болар,
Еліңе қорған болғаның,
Батырлық деген сол болар.
Бұл қазақ батырлықпен аты шыққан,
Емеспіз ешқашанда қорқып-бұққан.
Найзамен қазағымның жерін қорғап,
Қас жауын жер жастантып, көрге тыққан.
Көрмендер соғыс көрмеңдер,
Биікке әр кез өрлеңдер
Қорғаны бол еліңнің
Намысты қодан бермеңдер.
Берік болсын әрқашан ел іргесі
Тәуелсіздік туы көкте желбіресін
Жеңісі бұл әр қазақтың деп білемін
Тәуелсіздік мәңгі болсын-сол тілегім.

Жандаос Имашев,

ардагердің немересі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста