23 Қазан 2014
«Алаш» қозғалысы көсемінің өмірінен көпшілікке беймәлім деректер...
Әлихан Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп білген, заңды күрес-тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол түрмеге қамалып, жазықсыздан жазықсыз абақтыда отырған. Әлихан Бөкейхан демократиялық федеративтік мемлекет үшін күрескен.
Еуразиялық континенттің тарихында Әлихан Бөкейхан сияқты саяси тұлға жоқ. Оның өмір баянындағы бір ерекшелік бар. Ол көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы болып, түрмедегі — өте қауіпті дәрежедегі қылмыскерлерді ұстайтын түзеу мекемедегі — жазасын өтеу үшін өз еркімен келген. Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейіндегі жатқан Императорлық Орыс Географиялық ҚауымыныңБатыс-Сібір бөлімінің істердің бірінде сарғайып кеткен Әлиханның фотосуреті кездейсоқ табылды. Фотосуреттің астында «Павлодардық түрме, 1908 жыл» деген жазу бар.
Фотосуреттің тарихи құндылығы зор, өйткені фотосуретке ол түрмеде отырғанда түскен. Өзге фотосуреттерге Әлихан басқа жағдайлардың арқасында түскен, атап айтқанда: 1902 жылғы ИОГҚБС-нің әріптестерімен бірге Императорлық Орыс Географиялық ҚауымыныңБатыс-Сібір бөлімінің 25-жылдық мерейтойында [фотосурет № 1], немесе Алаш зиялыларының ортасында [фотосурет № 2], «Халық бостандығы» конституциялық-демократиялық партиясының жиналысында [фото № 3]. Түрмеде отырғанда түскен фотосуретте Әлихан үйреншікті емес киімді киген, яғни ол орыс шаруасының дәстүрлі жейдесін мен шапанды, ал басына қалпақты киіп алған екен.
№1 фото. Әлихан Бөкейхан ИОГҚБС-нің әріптестерімен бірге
Аталған фотосуреттер мен басқа қолға түскен заттар, маңызды құжаттар омбылық («омбылық" деп шартты түрде ғана айтуға болады, өйткені іздестіру жұмыстар ОМТӨ музейінен басқа, мысалы, Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік мұрағатында, сондай-ақ бейнелеу өнерінің музейінде-де өткен) экспедицияның көмегімен табылған. Бұл экспедицияның құрамына кiрген ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабұлдинов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Еркiн Рахметуллин мен экспедицияның жетекшісі — Сұлтан Хан Аққұлы.
№2 фото. Әлихан Бөкейхан Алаш зиялыларының ортасында
«Павлодардағы түрме, 1908 жыл» деген жазумен табылған фотосурет пен Әлиханов өмірбаяныбір-біріне сәйкес келмейді: не фотосуретке түскен орын, не күні — олардың біреуі дұрыс емес шығар, өйткені мұрағаттық материалдарға мен «Алаш» көсемінің жеке естеліктеріне сүйеніп отырсақ, павлодардық түрмеге ол 1960-ші жылдардың басында қамалады, ал аталған жылдың 30 сәуірінде Тоқырауын болысының (бұрынғы әкімшілік бөлімі) сайлаушысына таңдалғандықтан, бостандыққа шықты. Тез арада ол I Мемлекеттук Думаның депутаты болып атанды. Енді міне,1908-ші жылы ол Семей түрмесіне қамалады.
Сонда Әлихан болашақ ұрпақтарға тарихи жағынан маңызы бар фотосуретке қай жерде түскен екен? Бұл сұрақтың жауабын біз түпдеректерден іздеуге мәжбүр болып отырмыз. «Алаш» қозғалысының көсемі қаншама рет тұтқындалып, түрме азабын тартқан екен… Тағдыр деген қызық қой. Қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасының сәуледей жарқыраған өмірі соншама рет ойран салынды…Әлиханның өмірбаяны өнеге деп есептеуге болады. Әлихан Бөкейхан қазақ халқының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп етіп, жанын құрбан еткен.
Әлихан Бөкейхан патша өкiметi тұсында да, большевиктердің кезеңінде-де өзініңсаяси-публицистикалық пен қоғамдық-саяси қызметін атқарып, қуғынға түседі, түрмелерге қамалады. 1896–1917 жылдардың уақытында патшалық түрмелерге (Омбы, Павлодар, Семей) үш рет қамалап үлгерген. 1919 жылы адмиралы Колчактың «жоғарғы жарлығымен», большевиктер өкіметі Әлихан Бөкейханды мен «Алаш Орданың" мүшелерін тұтқындады.
1930 жылдың қараша айында Әлихан Ермекұлы (Ермеков) БМСБ-ІІХҚ (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма — Ішкі істер Халық Комиссариаты) тергеушісіне 1919 жылғы Бөкейханның қамауы жөнінде куәгерлік жауабын берді. Әлихан Ермекұлы — Әлиханның бұрынғы орынбасары: «Алаш Орданың бір мүшесі -Ақпаев — „большевистік төңкеріс жасауға арналған қару-жарық сақтағаны үшін“ өлім жазасына тартылды». Алаш Орданың төрағасы — Әлихан Бөкейхан да тұтқынға алынды. Әлихан келіссөздер жүргізгенде тұтқынға алынды. Совет дәуірінде «Алаштың" көсемі БМСБ-ның қабырғасындағы (Қарқаралы мен Оренбург, 1922 жылы) үш рет, Бутырка түрмесінде жазықсыздан жазықсыз (1926 мен 1937 жж.) екі рет болып қайтқан [фотосурет № 5].
№3 фото. Әлихан Бөкейхан"Халық бостандығы" конституциялық-демократиялық партиясы мүшелерінің арасында
Жалынды публицист Сергей Швецовтың естеліктеріне қарағанда, Әлихан патшалық түрменің қабырғасына алғаш рет шамамен 1896–1897 жж. түскен. Әлихан «Дала өлкесі» омбылық газетінің «жалғыз әйгілі» саяси шолушы деп көрсетілгеннен, ол тұңғыш рет қамалды.
1930-шы жылғы «Солтүстік Азия» журналында Сергейдің естеліктері жарияланған. Сергей Швецовтың айтуынша, үкіметке қарсы шыққан жарияланым үшін редакцияның барлық мүшелері тұтқындалды. Әлихан өзінің тұңғыш абақтыдағы тәжирібесі жайында аса көп сөйлемеді. Кейін ол 1905–1907 жж. болған төңкеріске байланысты оқиғалардың арқасында тағы да екі рет тұтқындалды. 1996 жылы ол редакцияланған «Ертіс» газетінде шыққан мақаласында былай жазған: «1905 жылдың 18, ақпанында жоғарғы жарлығы шыққан… Ол бүкіл Қазақ даласының халқын аяғынан тік тұрғызған. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының салдарынан бұл кезде шенеуніктердің озбырлығы күшейіп, сауатсыз өкімет атқарушылары, білімі толық емес юнкерлер, семинаристтер, психикалық жағынан ауру адамдар, маскүнемдер Қазақ даласындағы аспазшылармен пісірілген ой етінің дәмін тату үшін Ресейді қалдырып келген».
Әлихан Бөкейханның сөздерін тарихи деректермен толықтыру қажет: Ресейдің отарына айналып кеткен Қазақстанда (бұл жағдай 1731, 1781 мен 1824 жылдардағы қол қойылған келісімдердің шарттарын бұзған) орыс патшасының өкілдері тамаша мансапқа жетіп, тез байып кеткен. Осындай өкілдер туралы Әлихан өзінің мақалалардың бірінде былай деп жазады: «Біздің даламыз — бейбітшілік өлке, оның шыдамдылығына орыс-жапон соғыстың батыры Куропаткиннің өзі (1901–1906 жж. Дала өлкесінің генерал-губернаторы) қызғанып қарайтын; оның мынандай төзімділігімен Қазақ даласында „билейтін“ Романов (1903–1906 жж. Ақмола облысының әскери губернаторы) пен Галкин (1903–1908 жж. Семей облысының әскери губернаторы) салыстыра алмайды екен». 26 адам (шаралық пен уездегі бастықтар) оңбаған адамдар жиналған орын құрап жатқан… Аталған кісілер ойға келе қалған нәрселерді істеп, кейбіреуі қазақтарды (кінәлі мен кінәсіз адамдарды да) қамшының астына сабай отырып, басқалары қазақтармен төбелес кен. Бұл жерде тағы бір нәрсені ескеріп айтуға жөн болады: егер кейбір қазақтар өкіметке жауап қайтармай, дүре салғанға үндемей шыдап жатса, басқалары өздері төбелеске шығады екен. Даладағы орыс патшасының өкіметі заң білмей ме? Олардың жауапсыздығы мен тәртіпсіздігі өкілеттіліктің шегінен шығып кеткен: жергілікті бастықтар келген хаттарды ашпай, қазақтардан түскен арыздарды оқымай, қазақ билеушісінің тегін тамақтарын жеп отырғанда, қазақтардан келген өтінушіге қөніл бөлмей жатқан.
1905 жылдың аяғында халыққа есіттірілген «17 қазандағы Манифесттен» соң Әлихан «Дала өлкесі» омбылық гезетінде «Барлық құпиялар білінеді» мақаласын жарыққа шығарған. Өкімет жоғарыда аталған манифест бойынша отаршылдық империяның барлық халықтарына саяси бостандық беріп, олардың құқықтарын қалпына келтірген. Бөкейханның «Барлық құпиялар білінеді» мақаласында «Жасаған қылмыстарыңызды көбейіп кетпес. Сіздердің күндеріңіз санаулы. Келе жатқан жиналыста [Мемлекеттік думада] әлі есесін қайтарамыз!» деп жазылған. «Семей парағы» баспасөзінде кейін шыққан екінші мақаласында ол отаршылдық-қаралау өкіметтерді ашық қорқытады: «Өтірікшілер, жалған мәлімдемелерді берушілер мен соқыр жәбірлеушілер, есте сақтаңыздар…ертең барлық құпияларыңыз ашылады, Сіздер тәуелсіз Ресейдің сотының алдына келіп, судья бетіне тұра қара алмай тұрасыздар ғой… Қазақтарға жасаған игіліктерді кек алумен алмастырмаңыздар. Баскесерлер, орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр!».
Бұл мақаланы жазуға Қарқаралы уезіндегі билеген Осоевский тарапынан жалған, ақпарат себепші болған. Дала қазақтары Қарқаралы қаласында «бүлік ұйымдастырды» деп айтылған мақалада. Сондай өтірік мәліметтер Бөкейханның жақын ниеттестерінің — Жақып, Ақбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының — өмірлеріне қауып төндіреді. Оларды құтқармақ болып, Әлихан Петербург қаласына бірнеше жеделхатты жіберіп, «жұмысшылардың кеңесіне, одақтардың комитетіне және земстволық пен қалалық қайраткерледің съезд бюросына» хат жазып, бірнеше астаналық газеттерде мақалаларын жариялаған. Олардың біреуі — «на судъ борющейся и обновляющейся Россіи». Генерал-губернатор өш алу мақсатымен «оның билігіне берілген өлкесінде соғыс жағдайын енгізуге рұқсат алған». Осыдан соң шыққан «Алаш» көсемінің «Казақ даласының (түпнұсқасында „Қырғыз“) дзянь-дзюндері» мақаласында «Бейбітшіл Қазақ өлкесі үшін…генерал Сухотин соғыс жағдайын енгізуге рұқсат сұрап алған».
1906 жылы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өлеңдерін жазған. Кейін олар Қазан қаласында жарық көрген жинағына енген. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өлеңдері өкімет тарапынан жағымсыз бағаны алды. Осы өлеңнің бір шумағы Қазан губернаторлық басқармасының мұрағатындағы істердің бірінде бар:
«Түрмеден — мемлекеттік думаға
Халық үшін, ақиқаттық шамшырағы болайын деп жүрген,
Мақтауға тұрарлық әулиедей,
Оның есімі — ӘЛИХАН.
Барлық әріптерді бас әріптерге түрлендірсек,
Ұлттың айбынды сұңқарының есімі алдымыздан шығады — ӘЛИХАН.».
Шумақ орыс тілінде жазылған.
Омбылық жандарм басқармасы мен Ресейдің ІІМ-нің полиция департаменті (Петербург қаласы) арасындағы өзара жазысқан хат-жазбаларында Әлихан Бөкейхан «Қазақ даласындағы бүкілдіни-саяси қозғалыстың басшысы» ретінде болып көрсетілді. Көп ұзамай Әлихан Бөкейхан «агентуралық деректердіңі негізінде» екінші рет тұтқындалып, павлодардық түрмеге қамалды. Шенеуніктердің осындай озбырлығын көрген Әлихан Бөкейхан заңды түрде «17 қазандағы Манифестке» қарсылығын білдірген. Тұтқынға алынған ол қашып кетуден бас тартқан.
Он жыл өткен соң Әлихан өзінің «Дала өлкесіндегі сайлау» очеркінде «Мен 8-ші қандарда Павлодардан Семейге баратын жолда ұсталған (1906 ж.)… Мені бірінші қабатта орналасқан, екі терезесі мен орыс пеші бар ең жақсы түрмеге жайғастырды. Менің төлқұжатым мен қалталарымда, портфелімде болған барлық маңызды құжаттарды, кітаптарды жандарм басқармасы алып қойған екен. Кейін төлқұжатым жоғалтқан. Мен қатты қиналып, гимнастикалық жаттығулар жасап, уақытымды осылай өткізген болатынмын." деп көрсетеді.
Әлихан «Кәкітай» мақаласында («Қазақ" газет № 105, 1915 жылдың 18-і) тұтқынға алғанына дейін мен алғанынан кейін оның Семей, Павлодар қалаларындағы достары абақтыдан қашып кету идеясын ұсынды. Тіпті Ямышевский ауылының тұрғындары да бұл идеяны жақтаған болатын. Әлихан қашып кетуден бас тартқан: «Бүкіл халық жазалау отрядынан зардап шеккенше, мен өзім-ақ мүрмеде отырайын!». «Алаш» көсемі «Казақ даласының (түпнұсқасында „Қырғыз“) дзянь-дзюндері» мақаласында тұтқынға алудың бірде-бір себебін түсіндіріп айтады: «Әлихан есімді қоғам қайраткері генерал Сухопутинмен ренжіскендіктен, Алаш қозғалысының жетекшісі түрмеге қамаланды».
Дегенмен, қамалаудың тағы бір себебі болған: «Әлихан Бөкейхан Мемлекеттік Думаға кандидант ретінде тіркелінген».1906 жылғы 10 сәуір шыққан Омбы жандарм бастығының хатында: «Әлихан Бөкейханның қылмыстық сыбайластыққа қатысын дәлелдеу үшін куәлардың жауаптары керек болып тұр. Куәлар жоқ болғандықтан, оған заңды түрде айып тағу мүмкін емес. Бөкейханның ісі жөнінде мен Сібір Әскери Округінің басшысына [Николай Сухотин — авторлық еск.] хабарладым. Николай Сухотин сот ісін жүргізуге қарамастан, өзінің тарапынан Бөкейханды үш айға дейін күзетте тұруға рұсат ететін бұйрық берді. Егер Прокуратуралық қадағалау Бөкейханның ісін тоқтатса, онда аталған істі әкімшілік-деңгейде қарастыру керек. Бөкейхан — өте қауіпті, бірақ ақылды мен дарынды үгітуші. Жоғарыда айтылған мәліметтерге қосымша өзімнің қосатыным бар: Сібір Әскери Округінің басшысының бұйрығымен Бөкейхан оның ісінің жай-жапсарын анықтағанына дейін тұтқындалады. Әлихан Павлодар түрмесінен омбылық түрмеге көшірілді. Полковник (Қойылған қолы түсініксіз)».
Әлиханның Петербург қаласында тұратын Александр Колюбакинге жолдаған хатынан «БөкейханныңКонституционалды-демократты партияның съезіне қатысуы алдын-ала бекітілген» екені анықталады. Съезд 1906 жылдың қаңтар айына жоспарланды. Аталған хатта былай жазылған: «Мен Мемлекеттік Думаның кандидаты ретінде съездтің орнына түрмеге түстім.». Ол өзі депутат болатынына сеніп, «Мемлекеттік Думада кездесейік» деп жазады ол.
№4 фото. Әлихан Бөкейхан
Құпия хаттың және онымен бірге жіберілген «Казақ даласының (түпнұсқасында „Қырғыз“)дзянь-дзюндері» мақаласының тарихы өте қызық. Мақала павлодардық түрмелердің бірінде жазылған. Әлихан оны петербургтық газеттердің бірінде жариялаймын деп жоспарлаған, сондықтан мақаланы кадет партиясының жетекшісіне — Колюбакинге жіберді. Дәйексөзі: «14 беттен тұратын қоса тіркелеген құжаттарды петербургтық „Біздің өміріміз“ („Наша жизнь“) газетіне жариялануға өтінемін. Осы мақаладан басымнан кешкен оқиғаларым айқын көрініп тұрады.». Алайда хат патша күзетінің қолына түскен. Жүз жылдан кейін ғана тарихшы Болатбек Насенов Ресейдің әскери-тарихи мұрағатында (Мәскеу қ.) хатты тауып алды.
Әлихан өзінің «Дала өлкесіндегі сайлау» очеркінде «Түрмеде мен басқа қамалаған адамдардан бөлектеніп ұсталдым» деп баяндайды. — Қыдыруға арналған жарты сағатымды жалғыз өткізіп жүрдім. Павлодардық түрмеден премьер-министр Сергей Виттеге, әділет министрі Михаил Акимовқа жіберілген «тергеу мен сотты талап ететін» жеделхаттарым жауапсыз қалған.
Демек, фотосуретке түсіру үшін Әлихан Бөкейханның ешқандай мүмкіндігі болмады.
1906 жылдың 15 сәуір айында Омбы жандарм басқармасының баянатында көрсеткендей, «Алаш» басшысы Павлодар түрмесінен Омбы түрмесіне көшірілді. 30 сәуірде Әлихан 30 сәуірінде Тоқырауын болысының (бұрынғы әкімшілік бөлімі) сайлаушысына таңдалғандықтан, бостандыққа шықты. Тез арада ол Семей облысынан I Мемлекеттук Думаның депутаты болып атанды.
Абақтыға өз еркімен түсті…
Семей түрмесінде берілген бостандық көбірек болды, сол себептен ол түрмеде отырғанда кәсіби фотографты шақыру құқығына ие болды. Оған түрмеде отырғанда, яғни сегіз айдың ішінде, қымыз ішіп, қой етін жеп отыру т.с.с. мүмкіндіктер берілген.
1907 жылдың желтоқсан айында ол [ I Мемлекеттук Думаның бұрынғы депутатының мәртебесінде] Петербург қаласындағы сот палатасының Ерекше кеңсесінің шешімі бойынша 3 айға абақтыға жабылды. Ол «Выборгское воззвание» құжатына қол қойғаны үшін сайлау құқығынан да айырылған.
Жарты жыл бұрын жаңа шыққан сайлау заңы бойынша қазақтардың басшысы және бүкіл қазақ халқы сайлау құқығынан айырылды екеніне ерекше көңіл аудару керек. Заңды премьер-министрі Петр Столыпин құрастырған. Заң 1907 жылдың 3 маусымында, II Мемлекеттік думаны тарату күнінде, жарияланған. Нәтижесінде, қазақ жерлері Ресей империясының иелігіне айналғандай болып шықты. Әлихан Бөкейхан жаңа қабылданған заңды өзінің жеке жеңілісі ретінде қабылдап алды, сондықтан бар жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол жазасын өтеу үшін 1908 ж. (жаз мезгілінде) Семей қаласына өз еркімен аттанып, абақтыға тесер алдында үш айдың ішінде күтіп жүрген.
Партиялық тәртіп қатаң сақтаған, ерінбей қызмет еткен, өз пайдасынан гөрі қазақ халқының мүддесін ойлаған ол — қазіргі саяси мен қоғам қайраткерлеріне үлкен өнеге. 1907 жылы өз күшіне сенімді болған ол өз еркімен II Мемлекеттук Думаның депутаттарының құрамына келе жатқан сайлаудан бас тартқан. Бір жыл бұрын 176-дан 175 дауыс жинаған Әлихан ресейлік парлементке сайланды. Соңғы 176-ші дауыстың иесі ол өзі болған. Омбылық «Дала дауысы» газетінде (№ 7, 13 қаңтар 1907 ж.) жарияланған «Семей облысындағы қазақтарға ашық хатында» былай түсіндіреді: «Екінші сайлауым сот үкімін бұзуына алып келіп, Семей облысының атынан шыққан қазақтарға Мемлекеттік Дума отырысына кешікпей келуіне бөгет жасайды. 1906 жылдың қазан айының соңында „Халық бостандығы“ партиясы Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелері екінші рет сайлауға қатыспайды деп қаулыс шығарды. Мен-де аталған партияның құрамында болып, орнаған тәртіпке қарсы шыға алмай отырмын.».
Сот шешімі мен партияның қалауы бойынша Семей түрмесіне өз еркімен келген. Фотосуреттерге және Смахан төре Бөкейханның (Әлиханның інісі) естеліктеріне қарағанда, «Алаш» қозғалысының көсемі «жалғыздықта өмір сүрмей, еріншек те болып кеткен емес». Тұтқынға алынған азаматтың жоғары мәртебесі (Мемлекеттік Думаның бұрынғы депутаты болса да) өкімет тарапына оны бөлек камераға отырғызуға ешқандай мүмкіндік бермеді. Түрмеде отырғанда Әлихан жақын адамдарымен, туысқандарымен, «Алаш» қозғалысының ниеттестерімен — Тұрауыл, Шәкәрім, Кәкітай, Абайдың ұлы мен екі немере інісімен — кездескен. Қазақ даласының байы, меценаты Медеу Оразбайұлы (Тобықты руынан) Әлихан «Қазақ даласы үшін керек адам» деп шешіп, ол отырған түрменің қасында, Шағыл өңірінде, киіз үйді тұрғызу керек деп бұйрық шығарды. Мұнда 10 байтал мен құлындарды ұстады. Күн сайын бір қой бауыздалды. Жолдастардың айтуынша, «Алаш» қозалысының көсемі түрменің қабырғасында науқастанып, күнде жаңа қымыз және пісірілген қой етін алған.
Семей түрмесінің арқасында XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлғаның тағы бір дарындылығы айқындай түсті, яғни Әлихан Бөкейхан сонымен бірге — ардақты ұстаз, жаңа ұрпақтың бостандығы үшін күрескер.
Білімді ұрпақ қажеттігін түсінген ардақты ұстаз…
Әлихан Бөкейханның мұғалім ретінде тәжирібесі-де бар, 1895–1897 жж. ол қазақ балаларына арналған омбылық кіші орманды мектепте қызмет еткен. 1906–1908 жж. арасындағы уақытта Омбы қаласында орналасқан «оқу орындарына қайырмалдық (күн көрістік қаражаты жоқ кедей адамдарға берілетін, ақшалай қаражат, жәрдемақы, көмек)» қауымдастығының мүшесі болып, ревизиялық комиссияның құрамында да біраз уақыт жұмыс істеген. Қазақ өлкесінің гимназиялардың, оқу семинарияларының мен басқа оқу орындарының қабырғасында білім алып жатқан студенттердің мен оқушылардың мәселелеріне назарын аударатын болды. Оқып жатқан студенттер Алихан Бөкейханға бүкіл қазақ халқының басшысы ретінде қарайтын болды. 1928 жылы 14 қарашада Х.Ғаббасұлы сот тергеушісіне былай деп көрсетеді: «Төңкерісшіл қозғалысқа мен 1905 жылдан бастап белсене араластым. Осы кезде мен гимназияның 5-ші сыныбында оқып жүрдім. Семей облысында Досмағамбетұлы басқаратын төңкерісшіл үйірме болған. Үйірме саяси айдалып келгендерге қатты көметесті. Үйірме тек саяси әдебиетті ғана жарыққа шығарып, „Қазақ өлкесін қорғау мен ар-ұяты сақтамаған шенеуніктермен күреске шығу керектігін“ насихаттап жүрген, яғни қазақ халықының санасын ояту деген мақсатты көздеген…1908 жылы мен Бөкейханмен тікелей кездестім. Ол „Выборгское воззвание“ құжатына қол қойғаны үшін түрмеге қамаланды. Кездесуді мен өзім жоспарладым. Ол абақтыдан шыққан соң, оқушылар көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріне барады. Біздің дайындығымызға риза болмай, ол саяси әдебиетті көбірек оқуды талап етеді. Келесі жолы мен Бөкейханды 1912 жылы кездестім. Осы кезде ол Петроград қаласында болғанда, өзіне, Ақбаев деген кісіні арнайы шақырып алды. Бұл шақта мен студент ғана болдым. Ақбаев Мәскеу қаласында болды. Мен онымен бірге баруға ниетімді білдірдім. Бөкейхан Мемлекеттік Думаға қазақ халқы тарапынан өкілеттік шақырмауы туралы сұрау салуды жоспарлады. Осы сұрауға қажетті материалдар мен құжаттарды жинау үшін мен және басқа студенттер жұмыс істеген. Туысқандық ынтымақтастығымыз қас қағым сәтте өткен».
№5 фото. «Алаш» қозғалысының көсемі Бутырка түрмесінде
Әлихан Бөкейхан жастарды адамгершілікке тәрбиелеп, отанға, қазақ халқына мен оның теңдесі жоқ салт-дәстүрлеріне, тұрмыс-тіршілігіне деген сүйіспеншілікті арттырады. Ол жаңашыл, тәжирібесі мол ұстаз болып, өзінің оқушылардың алдында жалпыұлттық масштабтағы тапсырмалар қойған. Оның шәкірті Х.Ғаббасов 1917–1920 жж. (бес жылдан кейін) «Алаш» автономиясы орынбасарының біріне айналып кетті. Басқа оның оқушысы — Әлимхан Ермекұлы — «Алаш» үкіметінің басшысы мен ҚазСССР-нің тұсында өкімет басында болды. Сонымен бірге, Әлімхан Ермеков — қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры. Ол 1931 жылы 27 қарашада былай деп жазады: «Өзімнің алғашқы ұстазым Әлихан Бөкейхан болды». Ол 1920 жылы 17 тамызда Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық ко¬миссарлары кеңесінің мәжілі¬сінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баян¬дама жасайды.
Әлихан Бөкейхан оқушылардың арасында Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып, Ақбайұлы, Міржақып Дұлатұлы, Райымжан Мәрсекеұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Мырғазы Ерболұлы, Елдес Омарұлы, Мұстафа Шоқай — Түркістан автономиясының үкімет басшысы болған.
Әлихан Бөкейхан Петербург сот палатасы шығарған қаулы бойынша семейлік түрмеге қамалап, белгіленген үш айды емес, сегіз ай ішіндегі уақытты осы жерде өткізді. Бұл туралы Смахан төре Бөкейханның (Әлиханның інісі) естеліктерінен біле аламыз. Смахан төре Бөкейхан көрсеткендей, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі үшін сегіз айдың мерзімі сегіз күндей тез өте шықты, өйткені «қасында» достары болған. Әлихан Бөкейхан Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. Ол туған өлкесіне, ақпан төңкерісінен кейін ғана қайтып келеді. Әлихан Бөкейхан бүкіл ұлт-азаттық қозғалыстың басты міндеттерінің бірі — Ресей Федеративтик демократиялық Республикасының құрамындағы Ұлттық-территориялық автономия құрып, қазақтардың өзін-өзі басқару құқығын қамтамасыз ету мақсатына өз өмірін құрбан еткен. Осыдан 97 жыл бұрын құрылған Алаш Орданың бүгінгі бейнесі — қазіргі тәуелсіз Қазақстан.
Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ,
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің
«Алаш» ҒЗИ-ның директоры