ӘДЕКЕҢНIҢ ТОПЫЛАЙЫ

ӘДЕКЕҢНIҢ ТОПЫЛАЙЫ

...Содан берi қаншама жылдар өтті. Қыс қаһары қайтып, қардың көбесі сөгіле бастаған тұста, әсіресе қыстық аяқ киімді топылайға ауыстырғанда мен Әділбек курстасымды міндетті түрде еске аламын. Еске алып қана қоймаймын, Аяз биді таубасына түсіретін ескі киіміндей Әдекеңнің екінші курстағы аңызға айналған топылайын астамсыған пенделерді сабасына түсірер жәдігердей айтып жүремін.
...Сол жылы қыс ерте түсті. Қараша тумай жатып Алматы ақ ұлпаға оранды да қалды. Студенттерге әке- шешелері мұндайда қыстық киімге деп ақша жіберетінi бар . Мойынқұмдағы малшы ата- анасы Әділбекке тура жүз сом ақша жібергенін алдын ала естіп алғанбыз. Тым жұқа киіммен тоңып жүргенін де білеміз. Ақша қолға тиген соң Әдекең жалғанды жалпағынан басып, жатақхананың дәлізінде келе жатпай ма...Алдынан қу қыздардың бір - екеуі жолығып қалған. Бірі -жай кезде біздің курстас көзіне тура қарай алмайтын, әңгімелері журналдарға жарық көріп үлгерген, ақылына көркі сай -Роза! Екіншісі- еркек біткенді естен тандырып жүрген Мақпал сұлу. Ақшаның құдіреті ғой, Әдекеңнің өзі ұрынады.
-Қыздар, көрме жақтағы "таксопарктен" тамақ ішіп қайтайық. Жалғыз барғым келмей тұрғаны...
Қыздарға не керек! Өзі қақпанға түсіп тұрған қасқырды аясын ба!
-Біз сені ірі екен деп жүрсек, асханадан аса алмайтын ұсақ екенсін ғой...Жігіт деген рестораннан бастамай ма!
Біздің Әдекеңді жігіт емес деп кім айтты! Қызды қыздымен қыздарды ең қымбат "Қазақстан" қонақүйінің астындағы мейрамханаға шақырып жіберген ғой. Серік болсын деп мені, Жаңабекті жанына ертіп алды. Бізге не керек, Әдекеңнің қонақжай дастарханынан дәм татуға қуана, қуана келістік. Қыздар "тем более"...
Бәрі де дұрыс басталған секілді. Аспай, таспай азғана салаттан, арзандау шараптан дегендей...Бір кезде бір құшақ гүлі бар біреу үстелімізге жақындады.
-Мынандай сұлу қыздарға -мынадай керемет гүл ғана жарасады. Алыңыздар!
Әдекең ойланбады. Бір құшақ гүлмен қыздардың алдын толтырды да, бір уыс ақшаны ананың қолына ұстата салды. Басталды! Енді Әдекең музыка тапсырыс беруге көшті. Нағыз кавказдық дейсің! Ақшаны санамайды-ау, шіркін. Уыстап тастай береді. Таксиге мінгенде "ух" дегендей едік. Әдекең шаршамапты.
-Көктөбеге тарт!-деді жүргізушіге. -Өлгенде көрген бір той. Түнгі Алматыны тамашалаймыз.
...Сүйретілiп Татаркадағы үйге таң ата жеттік-ау, әйтеуір. Түске дейін ұйқыны соғып, әзер тұрсам басын ұстап Әдекем отыр.
-Тұқымың құрғыр, кеше қатты кетіп қалыптым. Жүз сомнан бір сом да қалмапты. Қыстық киімді не істедім? Қап!
Сыртқа қарадым. Қар борап тұр. Аяп кеттім. Аяғанда не істейсің? Үйді қопарып жатып бір ескі куртка тауып алдық. Тозып кетсе де тоңдырмайтыны рас. Киіп алды. Ал, енді аяқ киім табылмады. Әдекең қоныштан асатын қарды жұқа топылайымен кешіп ауылға телефон соғуға кетті. Қыстық киімдер алғанын айтуы керек қой. Амал жоқ, осылай өтірік айтып келді...
...Сол жылы қыс әдеттегіден суық болды. Сол жылы қырсыққанда Әдекең жатақханадан қуылып, стипендиядан қағылып, бізбен бірге Татаркада қыстап шықты. Толарсақтан қар кешіп келіп, топылайын пештің үстіне кептіріп қоятын. Күні бойы су өткен топылай кебе бастағанда бүрісіп, тырысып жиырыла бастаушы еді. Мұндайда Табыл "Әділбектiң топылайы мынау дүниеге лағынет айтып жатыр" деп қарқылдап күлетін. "Тұқымың құрғыр, көктем де шықпай қойды ғой..." деп күрсінетін Әдекең.
Авторы: Арман Сқабылұлы «Жас қазақ» газетінің сайтынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста