67 қарттар үйінде 35 мың жетім қарт отыр

67 қарттар үйінде 35 мың жетім қарт отыр

Кінәлі кім?
Иә, қарттар десе, бәріміздің көз алдымызға әке-шешеміз не ата-әжеміз елестері хақ. Сол ата-аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді айтпағанда, сексеннің сеңгірінен асып, тобықтай ғана болып отыратын ата-әжелерімізге деген ыстық ықылас, құрметіміздің қаншалықты зор болғанын бүгінгі жас-тар білмесе де, орта және аға буын өкілдері жақсы біледі деп ойлаймын. Әлі де болса оларды жас баладай әлдилеп, әлпештеп бағамыз. Бүгіндері әке-шешелері мен ата-әжелеріне солай қамқорлық жасайтын жастарымыз жоқ деп те айта алмаймыз. Дегенмен, қоғамымыздағы сан алуан келеңсіздіктердің қатарында ата-анасын қарттар үйіне тапсыру деген сұмдық әрекеттің өрттей қаулап келе жатқанын жоққа шығармаймыз. Шыны керек, қазіргі қоғамды әділетсіздік пен безбүйректік әбден жайлап алды. Енді міне, кішкентай күнінен бағып-қағып өсірген ұл-қыздарымыз шімірікпестен ата-аналарын қарттар үйіне тапсыра салатынды шығарды. Бұл — бұрын-соңды қазақ халқының салтында болмаған қасіретті жағдай!

Қазіргі қарттар үйі әу баста жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатымен, өткен ғасырдың 50-60 жылдары құрылған мекеме десетін. Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған. Қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс», — деген еді ерекше қынжылыспен. Міне, Елбасының бұл сөзінен қазақ халқының қатыгездікке бой алдырып, қарт ата-аналарына қасірет шектіруге дейін қадам басқандығын қатаң ескерткендігін аңғару қиын емес-ті. Әуелі Елбасының қарттар үйінде 7 мыңдай қартымыз бар деуіне біз аздап түзету енгізгіміз келеді. Олай дейтініміз, бүгінгі статистикалық мәліметтер мүлдем басқаша сайрайды. Енді солардың бір-екеуіне жүгініп көрелік. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67-ге жетіп, онда 12 мың адам тұрып жатса керек. Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын) жұмыс істейтін көрінеді. Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) және Қостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр десе, еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүргізген есебі бойынша 2012 жылы қарттар үйінің саны 87-ге жетіп, мұнда 35 мыңға жуық адам орналасты деп дабыл қағып отыр. Әрі олардың 45,5 пайызын әйелдер қауымы құрайды деп хабарлайды. Міне, шындық пен жалғандықтың арасы жер мен көктей. Бір кемшілігі, бұл мәліметтерде қай ұлттың өкілі қанша пайызын құрайтындығы ашық жазылмаған.

Бүгінгі бала —болашақ әке, бүгінгі әке — келешек ата
Алайда мәселе мұндағы мәліметтерде емес, ұлтымыздың азғындауында! «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ!» деген қағиданы ұстанатын қазақ едік. Енді міне, айдың-күннің аманында ата-аналарымызды, бақташыға мал өткізіп жатқандай-ақ, қарттар үйіне тапсыра салып, басы артық бір пәледен құтылғандай рахаттанатын күйге жеттік. Қандай қатыгездік десеңізші! Сонда төрінен көрі жақын сормаңдай ата-аналардың жазығы не?! Олар қартайған шағында аялап өсірген ұл-қыздарынан осылайша қасірет шегу үшін жаралды ма? Жоқ! Сонда бұған кім кінәлі? Қоғам ба, ата-аналардың өздері ме, әлде солардың ұрпақтары ма? Шын мәнінде, бұған «қараусыздарға қамқорлық танытып отырған» қоғамды кінәлай алмаймыз. Бұған көп жағдайда кінәлі өзіміз екендігін мойындауымызға тура келеді. Неге? Біз ұрпағымыздың санасына ата-ананың қадір-қасиетін нықтап сіңіре алмай келеміз. «Әркімнің ата-анасы — әулиесі» деген аталы сөз бар. Сондай-ақ, әрбір әкенің де өз ұрпағына көрсетер үлгі-өнегесі мол. Әке әркез отбасының, бала-шағасының, әке-шешесінің қамын ойлап, туған-туысқа көмектесуді мақсат етеді. Хақ дініміз ислам «Әкеге бағыну — Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу — Алла алдында күнәһар болу», — деп, әкені құрметтеуді парыз санаған. Ал аналар — шаңырақтың алтын босағасы, киелі тұтқасы. Халқымыз аналарды аса құрметтеп, қастерлеген. Ата-ана — әр шаңырақтың шамшырағы. Өкінішке орай, “Өзіңнен туған ұл мен қыз сыйламаса, сол қайғы”, — деп Төле би бабамыз айтқандай, бүгінгі тірлігіміздің ауаны соған ойысып бара жатқандай. Олай дейтініміз, ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратындар саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

Қатыгездіктің мың мысалы
Ардагерлер үйінде кімдер жоқ дерсіз: мұнда ғалым да, инженер де бар. Тіпті, кезінде оқу-ағарту министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Әуезхан Қанафин де осы жерде өмір сүріп жатыр. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының баласы да осы үйде дүниеден өтті. Мұндағы қарттарымыздың өмірі қапастағы құстың өмірі сияқты. Олар жастықта бейнет көрді. Бірақ Алла оларға соның зейнетін көруді жазбаған сияқты. Тағдырларына налып еріксіз жылайды, бірақ жұбататын қасында туысы жоқ. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған қарттардың бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он бала бір әкеге жүк болмай, бір әке он балаға жүк болғанның кері», — дейді Алматыдағы Ардагерлер үйі директорының орынбасары Мұрат Әбенұлы.
Міне, қарттар үйіндегі қарттардың жағдайы осылай. Сондағы қарттардың жәутеңдеген мұңды көздері мен жылулық күткен жүректеріндегі орны толмас өкініштерінің табын ет жүректі кім де болса сезінбеу мүмкін емес!
kazakhstanzaman.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста