360 фашисті жойған жауынгерге неге Кеңес Одағының батыры атағы берілмеді?

360 фашисті жойған жауынгерге неге Кеңес Одағының батыры атағы берілмеді?

Қазір интернет иірімдерінен Ұлы Отан соғысы жайындағы қажет еткен мәліметтерді қиналмай табуға болады. Жуықта 1941 жылы күзде Алматыда жасақталған қазақтың ұлттық 100-атқыштар бригадасы жайындағы бір деректер қажет болып, ғаламтордың көмегіне жүгінген едім. Сонда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы шейіт болғаннан кейін табандатқан алты ай кешігіп берілгені туралы көпшілікке беймәлім тың дерекке кезіктім. Мәншүкке Кеңес Одағының Батыр атағын беру туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы 1945 жылдың 5 наурызында шыққан. Ал пулеметші аға сержант Мәншүк Мәметованың 1944 жылдың 15 қазаны күні Великие Луки қаласының түбіндегі қанды шайқаста қаза болғанын тарихтан білеміз. Сонда дейміз-ау, Батыр атағы неге мұншама уақыт кешіктіріліп берілген? 

Қазақтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері ерен болғанымен, марапат жағынан қағыла бергені енді аян бола бастады. Осы 100-атқыштар бригадасы туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеу Көлбаев бұған дейін айтылмай келген біраз жайлардың бетін ашыпты. Ол бригада комиссары Сақтаған Бәйішевтің хатшысы болған, 1974 жылы дүниеден озған Байуақ Ахметовтің естелігінен үзінді келтіреді. Майдангер Байуақ: «Егер Мәлік Ғабдуллин болмағанда, Мәншүкке Батыр атағы берілмес еді» деп айтады екен. Мәншүктің ерлікпен қаза тапқаны туралы жазылған газеттер Мәскеудегі Қызыл Армияның Саяси Бас Басқармасында орыс емес ұлттардың жауынгерлері арасында үгітші болып істейтін Мәлік Ғабдуллиннің қолына тиеді. Оның үстіне ол 1943 жылы маусым айында бригада штабына келгенде Мәншүкті көргені бар екен.
Мәншүктің қазасын ести салысымен, ол дереу Невель қаласына келіп, мұндағылардан Мәншүкке не жасалып жатқанын сұрайды. Командование оны екінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынғанын білгенде, жатып кеп ашуланады да: «Қазақтың жиырмадан жаңа асқан қаршадай қызы қолына орыстың винтовкасын алып, Мәскеуді қорғаймын деп келуінің өзі ерлік емес пе? Осыдан артық сендерге не керек? Дереу құжаттарын қайта дайындаңдар. Комсомолдың Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Калининнің өзіне барамын, тіпті болмаса Ворошиловқа кіремін. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды беремін» деп қайтадан дайындалған құжаттарды алып кетеді. Содан алты ай өткенде Мәншүкке Батыр атағы беріледі.
Тарихшы ғалым Тілеу Көлбаев соғыстың жалпақ жұрт білмейтін басқа да құпияларын ашқан. Мәселен, 360 немістің солдаты мен офицерінің көзін құртқан осы бригаданың әйгілі мергені Ыбырайым Сүлейменовтің неліктен Батыр атағына ілінбегені туралы да тың дерек тапқан. Ол 1943 жылдың шілде айында Совет Одағының Батыры атағына ұсынылыпты. Алайда, үшінші Екпінді армия Әскери Кеңесінің бұл ұсынысын Калинин майданының басшылары бір саты төмендетіп, Ленин орденіне түсіреді де, құжаттарын Мәскеуге жібереді. Сөйтіп, ол 1944 жылдың 4 маусымында Ленин орденімен марапатталады. Бірақ бұл кезде қазақтың құралайды көзге атқан сұр мергені өмірде жоқ болатын. Ол Невель қаласын фашистерден қорғауда 1943 жылдың 15 қазанында бұрынғы 239 фашистің үстіне тағы 60 шақты жау солдаты мен офицерін жер жастандырып, ерлікпен қаза тауыпты. Ыбырайым Сүлейменовке Батыр атағы берілмегенімен, туған халқы оны нағыз Батыр деп білді.
Мәскеудің әскери баспасы 1987-1988 жылдары «Герои Советского Союза» деген атпен екі томдық кітап шығарыпты. Сонда мынандай дерек бар: «Артемьев Иван Тимофеевич. Русский. Пулеметчик. Огнем своего пулемета уничтожил более 30 солдат и офицеров противника». Оған осы үшін Батыр атағы берілген. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ал З0 бен 360 сандарын салыстырып көріңіз. Орыстың Иваны қарша борайтын пулеметпен бар болғаны 30-ақ жауды түсірген. Ал қазақтың Ыбрайымы снайпер винтовкасымен ғана жүздеген фашисті жайратқан. Осыдан артық қиянат болар ма?!
– Ерлікті бағалауға келгенде Кеңес үкіметінің басшылары нәсілшілдікке бой алдырды. Аз ұлттардың өкілдерін ұлты орыс қолбасшылар мен командирлер тарапынан кемсітуге жол берілді. Олар өздерінің түймедейін түйедей етіп көрсетуді мақсат тұтты. Славян нәсілділерден басқалардың майдандағы көзсіз ерліктеріне күдікпен қарауы, менсінбеуі орын алды. Бұл тоталитаризмнің сталиндік солақай саясатының салдары еді, - деп жазады тарихшы ғалым.
Ол осылай дейді де, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, алайда, тарихи әділетсіздіктің кесірінен бұл атаққа ие бола алмай қалған 16 қандастарымыздың аты-жөндерін атап, олардың қандай ерлік жасағандарынан мәлімет береді. Олардың ішінде қатардағы қызыл әскерден бастап, полк командиріне дейін бар. Ал жаңағы он алтының бірі - 1924 жылы туылған Алтыншаш Нұрғожина есімді қазақ қызы екеніне қалай таңданбайсың! Әскерге Мәскеу қаласынан шақырылған, 1941 жылы Орал әскери округінен командирлер курсын бітірген. Қазақтың тұңғыш офицер қызы. Гвардия лейтенанты. Орталық, Воронеж және Украина майдандарында соғысқан, атқыштар дивизияларында батальон комсоргі болған.
Ұлттық 100-атқыштар бригадасы алғашқы айқасқа 4889 адам болып кіріп, ұрыс соңында қатарда 43 жауынгер ғана қалғанын тарихшылар анықтап отыр. «Правда» газетінің әскери тілшісі болған Константин Симоновтың бұл өңірді «Өлім аңғары» деп атағаны тегін болмаса керек. Төл тарихшыларымыз осы өлім аңғарына қазақстандық екі бригаданың тап болғанын, «Марс» деген кодты атауы бар бұл әскери операцияның ұзақ уақыт құпия сақталып келгенін айтады. 100-атқыштар бригадасының ардагері Әзілхан Нұршайықов телеарналардың біріндегі сұхбатында: «Соғыстың айтылмаған, әлі де айтуға болмайтын құпиялары көп қой, ол енді тарихтың келешектегі сөзі» деп әлденені тұспалдай сөйлегені бар еді. Есіл Әз-ағамыздың ашып айтпай кеткен сұм соғыстың біз білмейтін құпияларын тәуелсіз еліміздің тарихшылары біртіндеп аша берері анық.

Мұрат Әміренов,
ардагер журналист

Өскемен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста