101 жастағы соғыс ардагері… жасаруда!
Қартаюдың орнына жасаруда! Қызылорда облысының Жаңақорған елді-мекенінде осындай бір ерекше құбылыс болып жатыр. 101 жастағы соғыс ардагері Жүніс Қабыкенов жасару қасиеті ие болған. Қарияның ағарған шашы қайта қарайып, түгел түсіп қалған тістері қайта шыға бастапты. Қазір бір емес, 4 тісі бар. Аяқ астынан жасару ақсақалды да, ағайын-туысты да қуантуда. Ғасыр жасап, енді қайта жасарып келе жатқан қариямен тілшіміз Құралай Пионер толықтай таныстырсын.
101 жастағы Жүніс Қабыкеновтің үйінде қазір күнде жиын, күнде қонақ. Бәрі де – соңғы уақытта ақсақалдың бойында пайда болған құбылысты естіп келгендер. Ғасыр жасаған соғыс ардагері енді жасаратын қасиетке ие болған. Алдымен — кезінде түгел түскен тістерінің біразы өсіп шығыпты.
Жүніс Қабыкенов, соғыс ардагері:
— Әр-әр жеріме, азуыма. Мына жердегі күрек тісі. 4 жерге шықты жаңағы майда тіс.
Тістен бөлек ақсақалдың ағарған шашы да қайта қарая бастаған. Оны бірінші немерелері байқапты.
Жүніс Қабыкенов, соғыс ардагері:
-Шашымның қарайғанын өзім көріп отырған жоқпын. Балалар шашымды алдырғанда сыпырытқанда, ағы мен қарасы араласады. Апарып тастай саламыз. Былайша балалар «ата, шашыңның әр жерінде қарасы бар» дейді. Сосын қарайған болса, өзі қарайған да деп қоямын.
Жүніс қарияның әбден қартайғанда қайта жасаруына мамандар да таңқалып отыр. Әсіресе , тіс дәрігерлері. Өйткені шаштың кері қараюы болмаса, тістің қайта шығуы мүмкін емес екен.
Пернекүл Әлібекова, тіс дәрігері:
— Адам өмірінде тіс жақ бетінің дамуы екі кезеңнен ғана тұрады. Ол кезең белгілі бір өзінің жасына сәйкес келеді. Ол сүт тістер шығу кезеңі және тұрақты тістер шығу кезеңі. Бірақ енді мынадай жағдай біздің тарихымызда кездескен емес.
Жалпы әлемдік тәжірибеде адам жасы, егер күтінер болса, 200-ге дейін жететіні дәлелденген. Және кәрілік белгілі бір межеге жеткенде кері жасару процесі жүруі мүмкін екен. Жүніс қария сол қасиетке ие болса керек.