Жылдамдықты азайтамыз деп ауаны бүлдіріп алыппыз

Жылдамдықты азайтамыз деп ауаны бүлдіріп алыппыз

Облыс бойынша 2000-ға тарта ауа сынамасы алынып, оның жартысынан астамында зиянды қалдықтардың шамадан тыс екендігі анықталды. Зиянды заттар орта білім беру мекемелері маңында көбірек шоғырланған.
Бұл ретте айта кету керек, қазір білім беру ме­ке­­­­ме­лерінің ма­­­­­ңында асфальт жамыл­­­­­ғы­сы­ның бойы­мен «по­­ли­­цейлер» жат­­­қы­зыл­ған. Бәлкім, бі­лім  ор­да­ла­ры ма­ңында жыл­дам­дықты баяу­лат­қан авто­лар­да зиянды газ көбірек бөлі­не­тін де шығар. Рас, бұл жағына санитар­лар бас қатырып жатқан жоқ.
Облыстық санитарлық-эпидемиоло­гия­­лық қадағалау басқармасы санитар­лық-гигиеналық коммуналдық нысан­дар­ды қадағалау бөлімінің бас маманы Эльза Шомпаеваның хабарлауынша, биыл­дыққа облыстың елді мекендерінің атмосфералық ауасының 1991 сынамасы алынып, оның 1043-інде ластаушы зат­тардың бар екендігі анықталды. Ауа бас­сейнінің 52,4 пайызы ластанған деуге болады.
– Ауа бассейнінің негізгі ластаушы көзі – автокөліктерден бөлінетін газ­дар бо­лып табылады, – дейді Эльза Шом­пае­ва. Бас маманның айтуынша, 528 сы­на­ма, сондай-ақ Хромтау қаласында алы­нып­ты. 43 пайызында жоғарыда аталған зиянды заттардан өзге азот диоксиді, күкірт диоксиді қосындылары табылды.
Мұғалжар ауданында да жағдай мәз емес. Онда формальдегид пен күкірт диоксидінің мөлшері шамадан жоғары болып шықты, Темір ауданында күкірт диоксиді көп екен. Ал өндіріс ошақтары аз Мәртөк, Әйтеке би аудандарында лас­таушы заттардың мөлшері нормаға сай.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында биыл­ғы жылдың басында 151 285 автокөлік тір­келген. Оның 100 мыңнан астамы об­лыс орталығында жүйткиді. Ең көп авто сондай-ақ Мұғалжар (10 мыңға тарта), Хром­тау (шамамен 8600), Шалқар аудан­дарында (6 мыңға жуық). Ал Ырғыз ауда­нында 800-ден сәл асады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста