Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қоры Украина-Ресей мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Украина-Ресей мәселесіне қатысты елдегі БАҚ өкілдері мен болгерлерге қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ресей-Украина шиеленісі қазір бүкіл әлемде талқыланып жатыр. Ол Қазақстандағы әлеуметтік желіде де қатты белсенділік туғызды. Азаматтар, бірінші кезекте журналистер Конституциямызда кепілдік берілген сөз бостандығын толық көлемде пайдаланып, ойларын еркін жеткізіп жатыр. Бірақ көбі өз пайымдарын қорғау кезінде қан қызуымен шектен асып кетуде. Ал ондай шек біткен жерде жек көру тілі басталады», - деп жазылған Қазақстан журналистер одағының ресми сайтына жарияланған мәлімдемеде. 

Мәлімдеме авторлары бүгінгідей жағдайда ақпарат таратудың халықаралық стандарттары бар екенін еске салады. 

«Естеріңізге саламыз: халықаралық стандарттар, атап айтқанда, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікті насихаттауға тыйым салу жөніндегі Рабаттық іс-қимыл жоспары «жеккөрушілік» пен «дұшпандықты» мақсатты топқа қатысты айыптаудың, дұшпандықтың және наразылықтың терең және иррационалды сезімдердің көрінісі ретінде қарастырады. Яғни, сіз кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті жек көре аласыз, бірақ сіз азаматтығына, ұлтына, дініне байланысты, ұлтты, діни немесе басқа адамдар тобын жек көре алмайсыз. 

Кімді болса да, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ашық жек көру – қалай десек те, жанама бәлкім шамалы мөшерде болатын шығар, бәрі бір қарсы насихат. Осы сөзім арқылы адамдарды неге шақырып тұрмын? Мұның арты іс жүзінде неге әкелуі мүмкін? Өз пікіріңізді білдіре отырып, алдымен осы жағын ойлану керек», - делінген мәлімдемеде. 

Мәлімдеменің түйіні кез келген пікірталас жалпы әдеп нормаларынан алыс кетпеуі керек дегенге саяды. 

«Біз кез келген өткір мәселені сөзжарыс, пікірталас арқылы ашық талдауды қолдаймыз. Дәйектерге сүйенген, ешкімді қорламай, кемсітпей, қорқытып-үркітпей және агрессия танытпай дауласуды жөне деп білеміз. Қоғамдағы хаос – сөздегі хаостан, сөздегі хаос – бастағы хаостан басталады. Ондай тізбек кімге керек? 

Журналистер мен блогерлердің өз ұстанымдарын білдірген кезде сөзжарыс мәдениетін, қарсыласқа деген құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті есте сақтауы бұрын-соңды дәл мұндай маңызды болып көрген жоқ деп есептейміз», - деп жазылған Қазақстан журиналистер одағы мен «Әділ сөз» қорының бірлескен мәлімдемесінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста