Жол сақшылары жолдан тайды

Жол сақшылары жолдан тайды

Сыр бойындағы екі жол полициясы пара алу үстінде қолға түсті. Бір қызығы, олардың қолына өз әріптестері кісен салды. Облыстық ішкі істер департаменті қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ақша алмаса, алақаны қышитын жол сақшыларын пара алу үстінде ұстады.

«Шымкент-Самара» тас жолының бойында қызмет атқарып тұрған  старшина және сержант шеніндегі жол сақшылары  «күнұзақ қарап тұрғанша, қалтамызды қампайтудың қамын жасайық» деген мәмілеге келген секілді. Осындай сәттің бірінде олар Ақтөбе облысына бет алған «Скания» маркалы автокөлігін көздері шалады. «Іздегенге – сұраған» демекші, сақшылар көлік иесінің құжаттарын тексергенде, көлік иесінің жүргізу куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталады. Сақшылар оған осы үшін көлікті айып тұрағына қоятынын айтқан. Жазған құлда шаршау бар ма? Көлік иесі сақшылардың сұрағанын беруден басқа амалы қалмаған. Дегенмен оның куәлігінде «Ақтөбе қаласына дейін жеткенше жарамды» деп көрсетіліпті.

Одан арғы оқиға былайша өрбиді. Парақор сақшылар жүргізушіні өздеріне бекітілген автокөлікке ертіп алып барады. Онда үш мың теңге көлемінде пара алған. Осы сәтте қауіпсіздік басқармасы мамандары қос сақшыны құрыққа түсірді.

Қолға түскен жол сақшылары қызметінен шеттетіліп, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларды парақорлығы үшін 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста