Жұмыссыздыққа қарсы күрес
Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес жұмыссыздардың дені еңбек орындарымен қамтылып отыр. Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жанар Қошанованың айтуынша, «Жол картасына» сәйкес аудан бойынша үш жобаға республикалық бюджеттен 110 млн теңге бөлініп, 239 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 80 пайызына жұмыссыз болып тіркелгендер жолданды. Ал әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 18,8 млн теңге қарастырылған еді. Өткен жылғы тамызда 109 жұмыссыз болса, биыл осы мерзімде олардың саны 79-ге түсті. Жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендеді. Өткен жылы осы кезеңде 261 адам жұмыс тапса, биыл 675 адам қамтылды. Аталмыш бөлім «Жол картасына» сәйкес 44 мекеме, кәсіпорынмен әлеуметтік жұмыс орындарына келісімшарт жасап, нәтижесінде 17,6 млн теңге қаржыға 210 адам еңбекке орналасты.