Жұлдыз Әбдікерімова баласының қатты ауырған кезіндегі ВИДЕОсын жариялады
Желіде Қайрат Нұртастың ұлы Нарұлдың ауырып жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Бұл видео @zhuldyzdy_news Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазады Paryz.kz.
"Кезінде Нарұлға жүрекке қиын ота жасалынған болатын. Сол сәтімен анасы инстаграм парақшасында бөлісуде...", - деп жазылған парақшада.
Желі қолданушылары Нарұлға денсаулық тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.
"Алла шипасын берсін жазылып кет жаным", "Балаларымыз ауырмасыншы", "Алла шипасын берсін. Балапандар аман болсын. Балалардың басына қатты сынақ бермесінші Алла тағала", "Алла шипасын берсін, тез жазылып кетсін", "Балалар аман болсын, жыламасын әрдайым", "Балапандарымыз ешқашан ауырмасыншы, Аллам сұқ көзден сақтай көр, тез сауыгып кетсін, құлыншақ!", "Бір Алла жар болсын сауығып кетсін", "Балалар ауырмасыншы. Жүрегім ауырды. Ботақан ауырма өмірің ұзақ болсын" - деп ақжарма тілектерін жаудырды олар.