Жолда аяғы тайып құлаған: Алматыда жеңіл көлік 12 жасар баланы басып өлтірді
Алматы облысында 12 жасар бала автокөлік астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"16.11.2022 жылы сағат 14:00 шамасында 34 жастағы "Honda Avancier" маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол - көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды" делінген хабарламада.
Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу