Жол сақшысын әйел жүргізуші қағып кетті

Жол сақшысын әйел жүргізуші қағып кетті

Алматыда әйел басқарған жеңіл көлік пен жол полициясының қызметтік көлігі қақтығысты. Әйел жүргізуші бағдаршамның ескерту белгісін елемеген. Салдарынан жол сақшысы қатты жарақаттанып, миы шайқалды.
Кеше Алматы қаласы Бостандық ау­даны­ның Абай мен Наурызбай батыр кө­шелерінің қиылысында жол полициясының көлігі мен әйел адамға тиесілі жеңіл көлік соқтығысты. «Жол апаты таңертең сағат 07.20 шамасында тіркелді» деп хабар­лайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. Mitsubishi жеңіл көлігінің құралын басқарған 1964 жылы туылған алматылық әйел Абай көшесімен шығысқа қарай ба­ғытталып келіп, қиылыстан бағдаршамның ескерту шамының жанғанына қарамастан өтіп кеткен. Соның салдарынан жол поли­циясы басқармасының қызметтік көлігімен соқтығысты. Ауруханаға түскен 34 жастағы жол сақшысының денесі ауыр жарақат­танып, миы шайқалған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
– Жүргізуші әйелдің сөзіне сенсек, ол бағдаршамның қызыл түсінің жанғанын байқамай қалған. Қазір мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтиже 20 күннің ішінде белгілі болады. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес, кінәлі жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып болмаса әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Себебі жол полициясы басқармасының қызметтік көлігі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. Жарақат алған полиция қызметкері №4 ауруханаға жеткізілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста