Жетімді малай қылған да бар екен

Жетімді малай қылған да бар екен

«Атпалдай азаматты ұрлап әкетіп, құлдықта ұстапты» дегенді құлағымыз шалғанда, жағамызды ұстағанымызды несіне жасырайық. Ал соңғы кезде жетім балалар мен мүгедек балалардың ақысын жеу, олардың еңбегін пайдалану фактілері орын алуда. Мұндайлардың қылығын Құдайдан қорықпағандық деуден басқа амал жоқ.
Тау бөктеріндегі Төлеби ауданында мүгедек ба­ла­ларға арналған балалар үйі бар. Ресми атауы – «Көк­­сәйек»  психоневро­логиялық медициналық әлеу­­меттік меке­месі. Тағдыр тауқыметіне тап болған ба­­ла­ларға жанашырлықпен қарайсың. Мекеме ди­рек­торының орынбасары Е.Орманов жүйке сыр­қа­тынан зардап шегетін балалар үйінің тәрбиеленушілері Би­сенов пен Махамбетовті үйіне апарып, құрылыс жұ­­мыс­тарына салады. Мекеменің диетбикесі Н.Курган да ла­уазымдық қызметін пайда­ланып, Н.Баргуль мен А.Бе­ляковті үйінің жеке шаруаларына жегеді. Айт­қандай, басшы демекші, дәл осы оқиға анық­талған уа­қытта мекеме директоры Б.Сүгірәлиев кезекті ең­бек демалысында болғандықтан, басшының мінде­тін балаларды жұмысқа жеккіш орынбасар Е.Ор­мановтың өзі ат­қарған. Демек, өзі қожа, өзі би болып шы­ға келген. Құқық қорғау органы қызмет­керлеріне Е.Орманов «мүгедек балалар кей-кейде үйден айран, сүт ішіп тұрады» деп ақталған. Ал өз іс-әрекетінен кейін енді бұл мекемеде бой көрсетуге ұяты жібер­меген диетбике атқарып жүрген жұ­мы­сы­нан өз еркімен босапты.
Марат ПІРӘЛИЕВ, Төлеби ауданы прокурорының орынбасары:
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығында қам­қорлықтағы адамның жеке уәжде­ме­сі бойынша мекеме аумағынан тысқа уақытша, яғни үш айға дейінгі мерзімге шығуына медициналық әлеуметтік ұйым әкімшілігіне жазбаша хабарланып, осы ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып және заңды өкілдерінің өтініші болғанда ғана рұқсат етілетіні көрсетілген. Сондай-ақ осы бұйрықта жүріс-тұрысы бірқалыпты, еңбек дағ­ды­лары қалыптасқан және оларды ең­бек қызметінде іске асыруға оң нұсқа­масы бар адамдар еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек қызметі жағдайымен және еңбекақымен қамтамасыз етіле отырып, медициналық әлеуметтік ұйым­ға кіші қызмет көрсету қызметшілерінің және жұмысшылардың штаттық лауа­зымдарына жұмысқа қабылдануы мүм­кін екендігі де тайға таңба басқан­дай анық жазылған. Бұл ретте де аталған ұйым дәрігері мен тәртіпаралық комис­сияның еңбек етуге жіберу туралы қо­ры­тындысы болуы тиіс. Бұл қорытын­дыны ұйым басшысы бекітеді. Міне, осы талаптар мүлдем сақталмаған. Қазір алғашқы анықталған жайттар бо­йын­ша мекеме басшысына жіберілген ұсыныс облыстық прокуратураның қа­рауына жіберілді. Ал заңсыздыққа жол берген азаматтардың іс-әрекетінде қыл­мыстың құрамы бар-жоғы тиісті органдар тарапынан тексерілуде.
Бұл мекемеде осындай жағдайдың орын алғаны жайлы бұрын да анонимді арыздар болған екен. Алайда бұған ешкім селт ете қоймаған. Мұны мекеме дирек­торы Б.Сүгірәлиевтің өзі де жоққа шығар­майды.

                                       Абай ОМАРОВ (коллаж)

Болыс СҮГІРӘЛИЕВ, «Көксәйек» психоневрологиялық меди­ци­налық әлеуметтік мекемесінің  директоры:
 – Дәл осы уақытта мен еңбек демалысында жүр едім. Облыстық жұ­мыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы тара­пынан жүргізілген тексеру бары­сын­да анықталған бұл жайттан құлағ­дар болып жұмысқа келсем, орын ал­ған келеңсіздік жөнінде акт жасалып қойыпты. Бұрын мұндай жағдай болған емес, бірден қан қысымым көтеріліп, ауруханаға түсіп қалдым.
Мүгедек балалардың еңбегін пайдала­ну, ақысын жеу фактісі – бір бұл ғана емес. Бірі мүгедек балаларды мәжбүрлеп жұ­мыс­қа жексе, енді бірі жарымжандардың жәрдемақысына жармасқан. Дәл осы ме­ке­меде тәрбиеленіп, жасына байланысты Кентау қаласындағы кәсіптік арнаулы лицей медициналық әлеуметтік мекемесіне ауыстырылған А.Курумбаева, Е.Ескендіров, П.Катьковтардың да тағдыр тәлкегі азапқа салғаны аздай, енді адамгершіліктен аттап өте шығатындардың қолына түскені өкініш­ті-ақ.
Оқиғаға оралсақ, қулық-сұмдықтың не екенін білмейтін, тіпті санасын да сығалап көрмеген А.Курумбаева лицейге ауысты­рыл­ғаннан кейін, өзінің жеке депозитіндегі есепшотынан алынған 420 000 теңгесін банктен есепшот ашып, соған салуға кө­мек­тесуді сұрап, мекеменің кадр жөніндегі инспекторы К.Жолдасованың алақанына салады. Ал Жолдасова болса жылдар бойы жиналған, болашағым үшін жаратамын деп отырған қаражатты құдайдың берген несібесі деп түсінсе керек, әйтеуір, банкке салу орнына жеке әмиянына сүңгітеді.
Жолдасованың жолдан тайғаны бір бұл емес екен. Алаяқ әйел Е.Ескендіров пен П.Катьковқа тиесілі 1 400 000 теңгені де осындай жолмен түпсіз терең қалтасының құрбандығына айналдырған. Алайда бұл қылмыс Кентау қалалық прокуратурасының тексеруі нәтижесінде су бетіне шыққан майдай жылтырап, көрініп шыға келді. Сот үкімімен қылмыскер әйел үш жыл сынақ мерзіміне сотталып, тағы осынша жылға дейін лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.
Әрине, жәбірленушілерге келтірілген   1 820 000 теңге мөлшеріндегі шығынның орны толтырылды. Алайда өкініштің орны толып, арға түскен дақтан, көңілге түскен қаяудан, жүрекке түскен салмақтан қалай құтылуға болады?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста