«ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайталанды». Даниал Ахметов Риддердегі жағдай туралы айтты
Риддер жылу электр орталығында багер станциясы қайтадан су астында қалған. Аймақ тбасшысы Даниал Ахметов халыққа алаңдауға еш себеп жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды», - деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімінің айтуынша қазір багер станциясында апатты жою жүргізілуде, 4 мотопомпалар, 4 суасты сорғылары іске қосылды.
«Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпараты бойынша 3-4 сағат ішінде апаттың салдары жойылады. Риддер тұрғындарына айтарым- болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған», - деді Д.Ахметов.
Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде.