Желіде бір ер адамның өзге жігітке сес көрсетіп, ұрып, бетіне түкірген сәт бейнеленген видео таралуда. Бұл туралы Руслан Жанпейісовтың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Роликте хабарлағандай бейнежазбадағы қатысушылардың бірі Шардара АІІБ патрульдік полициясының командирі.
ИА "NewTimes.kz"-тің хабарлауынша, болған оқиғаны Түрікстан облыстық полиция департаменті растаған. Аталмыш факті 8-ші желтоқсан күні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне "бұзақылық" бабы бойынша тіркелген.
"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізетін болады", - делінген ведомство хабарламасында
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!