Жаз айларында ауа райы қандай болады?
Қазгидромет үш айға ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қазгидромет жүргізген алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, жазда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. Бұл ретте тек солтүстік аймақтарда қалыпты күн райы сақталады.
«Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында кейбір күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады», - деп мәлім етті Қазгидрометтің басапсөз қызметінен.
Маусым айына арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтен мәлімдегендей, жаздың алғашқы айы - маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық болады. Атап айтқанда, ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С-ге жоғары болады. Яғни, елдің біраз аймағында температура +18+23°С, оңтүстік-батыста +24+28°С және оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +7+17°С болады деп күтілуде.
Алайда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Қостанай облыстарында ауа температурасы қатты ыстық болмайды.
Сонымен қатар, осы айдың ішінде ел бойынша жауын-шашын мөлшері аз болады. Бірақ, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай мен Ақмоланың солтүстігінде жаңбыр қалыпты мөлшерде түседі деп болжанады. Бұған қоса, Абай облысының шығысында және Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында да жауын-шашын аз болмайды.
Шілде айына арналған ауа райы болжамы
Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы қалыпты шамада болады. Қазгидромет ақпаратына қарағанда, бұл айда Казақстанның оңтүстік аймақтарында температура нормадан 1°С-ге жоғарылауы ықтимал. Мәселен, елдің көп өңірінде орташа +18+24°С сақталса, оңтүстікте +25+30°С, ал оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +9+17°С күтілуде. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Қызылорданың оңтүстік-шығыс бөлігі мен Жетісу өңірінің оңтүстігінде ыстық болады.
Болжамға сәйкес, бұл айда да жауын-шашын мөлшері еліміздің біраз аймағында нормадан аз болмақ. Дегенмен 7 облыста жаңбыр қалыпты мөлшерде түсуі мүмкін. Олар - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбенің солтүстік-батыс бөлігі, Қостанай, Ақмола мен Павлодар облыстарының солтүстігі.
Тамыз айына арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтен хабарлағандай, жаздың соңғы айы – тамызда Қазақстан аумағында күн ыстық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-ге жоғарылайды. Тек республиканың солтүстік-батысында қалыпты күн райы сақталады. Бұл айда ел бойынша орташа температура +20+28°С болса, солтүстік-шығыста +16+19°С, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +11+15°С-ге жетеді. Бұл орайда Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында температура норма шамасында болады.
Тамызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты көлемнен де аз түседі деп болжанады. Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Қарағандының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жауатын жаңбыр нормасы сақталады.
Болжамға сай, алдағы 3 айда өңірлерде болатын орташа айлық температура:
Астана қаласы бойынша
Маусым - +19,6°С
Шілде - +20,6°С
Тамыз - +19,1°С
Алматы қаласы бойынша
Маусым - +22,1°С
Шілде - +24,4°С
Тамыз - +23,3°С
Шымкент қаласы бойынша
Маусым - +24,4°С
Шілде - +26,8°С
Тамыз - +25,8°С
Ақмола облысы бойынша
Маусым - +17,2°С +20,1°С
Шілде - +18,2°С +21,2°С
Тамыз - +16,4°С +19,8°С
Алматы облысы бойынша
Маусым - +6,5°С +24,5°С
Шілде - +8,5°С +26,6°С
Тамыз - +8,0°С +24,6°С
Атырау облысы бойынша
Маусым - +23,6°С +25,5°С
Шілде - +25,6°С +27,9°С
Тамыз - +23,8°С +26,0°С
Ақтөбе облысы бойынша
Маусым - +18,9°С +24,7°С
Шілде - +20,6°С +26,8°С
Тамыз - +18,9°С +24,8°С
Батыс Қазақстан облысы бойынша
Маусым - +20,5°С +23,9°С
Шілде - +22,7°С +26,2°С
Тамыз - +21,1°С +24,4°С
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Маусым - +17,7°С +19°С
Шілде - +18,7°С +20,3°С
Тамыз - +17°С +18,2°С
Маңғыстау облысы бойынша
Маусым - +23,5°С +27,4°С
Шілде - +26,1°С +30,1°С
Тамыз -+25,7°С +28,3°С
Қостанай облысы бойынша
Маусым - +18,3°С +23°С
Шілде - +19,8°С +24,6°С
Тамыз - +17,7°С +23,1°С
Қарағанды облысы бойынша
Маусым - +17,6°С +23,4°С
Шілде - +18,8°С +24,9°С
Тамыз - +17,2°С +23,4°С
Павлодар облысы бойынша
Маусым - +18,8°С +20,3°С
Шілде - +20,1°С +21,7°С
Тамыз - +18°С +19,6°С
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Маусым - +12,7°С +21,8°С
Шілде - +14,6°С +23,7°С
Тамыз - +13,2°С +22,3°С
Қызылорда облысы бойынша
Маусым - +25,4°С +27,4°С
Шілде - +26,9°С +29,3°С
Тамыз - +24,7°С +27,1°С
Жамбыл облысы бойынша
Маусым - +19,7°С +25,4°С
Шілде - +21,6°С +27,4°С
Тамыз - +19,9°С +25,9°С
Түркістан облысы бойынша
Маусым -+15,0°С +27,9°С
Шілде - +17,5°С +30°С
Тамыз - +17°С +28,1°С
Абай облысы бойынша
Маусым - +17,6°С +22,9°С
Шілде - +18,9°С +24,6°С
Тамыз - +17,1°С +22,9°С
Жетiсу облысы бойынша
Маусым - +16,2°С +23,9°С
Шілде - +17,9°С +26,1°С
Тамыз - +16,3°С +24,9°С
Ұлытау облысы бойынша
Маусым - +20,1°С +24,4°С
Шілде - +21,5°С +26,1°С
Тамыз - +19,9°С +24,1°С