Жауынмен жарысқан желтоқсандықтар
Бүгін 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні құрметіне Тәуелсіздік таңына жол бастаған желтоқсан қаһармандары Алматыда нөсерлетіп тұрған жауынмен жарысып марафон ұйымдастырды.
"ЖЕЛТОҚСАН АЛМАТЫ" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серікбек Дүрімбайұлымен бірге ардагерлер Бейсенғазы Сәдуұлы, Хасен Қожахмет те келді. Желтоқсандық марафоншылар алдымен Алматы алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жиналып гүл шоғын қойып,тағзым етті. Алматы алаңынан бастау алған марафоншылар шеруі Талғар ауданы Тұздыбастау селосында өз күштерімен алаш арыстарына арнап қойылған "Алаш Орда арыстарына тағзым" монументіне дейін барды.
Ескерткіш басында марафоншыларды Талғар қаласының Ішкі саясат және мәдениет бөлімінің басшысы Бегенбаева Фарида ханыммен бірге қолдап келген аудан ардагерлері қарсы алды. Сонымен бірге қазақ теңгесінің авторы Қайролла Әбжәлелов марафоншыларды құттықтап, соңы ұйымға жаңадан мүшелікке қосылған желтоқсаншыларды марапаттауға ұласты. Марафоншылар жиын соңында Алаш арыстарына құран бағыштады.
Алға, желтоқсан қаһармандары, ниет оң болсын!
Ұлбала Тілеуқызы.